Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 5681 |
|
|
|
Сөйлем
Сабақтың тақырыбы Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
б) Сөйлемді қайталап, толықтыру мақсатында оқушылардың білімдерін кеңейту, түрлеріне сөйлем құрастыра білуге машықтандыру;
т) сөйлемдердің түрлерін ажырата отырып, олардың тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету, тапқырлыққа, сауаттылыққа баулу;
д) оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, ой-өрістерін кеңейту;
Сабақ түрі: қайталау
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап ,көрнекілік;
Көрнекілігі: сызбалар,интерактивтік тақта;
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру.
II.Психологиялық дайындық.
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар барлығымыз.
Біз-Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық-ұранымыз!
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
3-жаттығу.''Аю мен Еліктің лағы'' (сахналау)
-Дауыс ырғағымен оқу
-Қарамен жазылған сөйлемді оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіру.
IV. '' Қайталау –білім айнасы'' Жақсы балалар, ендеше '' Бәйге ойынын '' ойнау арқылы сөйлем тақырыбын қайталап, одан әрі пысықтай түсейік.
1.Сол жақтағы 30. Сөйлем неден тұрады?
2.Ортадағы 40.Сөйлем қандай әріптен басталады?
3.Оң жақтағы 20.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
4.Сол жақтағы 20.Сөйлем аяқталған соң қандай тыныс белгісі қойылады?
5.Ортадағы 50.Сөйлем айтылуына байланысты қандай түрге бөлінеді?Оларды атап,мысал келтір.
6.Оң жақтағы 30.Сөйлем қандай ойды білдіреді?
7.Сол жақтағы 10.Сөйлем түрлерін ата?
8.Ортадағы 60.Күннің суығын-ай! Сөйлем соңында қандай тыныс белгі қойылды? Неліктен?
9.Оң жақтағы 10. Сызба бойынша сөйлем құрастыру және сөйлем мүшесіне талдау.
-------- --------- ---------.
------- --------- - --------- !
------- ---------- ---------- -?
-Жақсы балалар, бәрімізде сөйлем тақырыбы бойынша өткен сабақты пысықтадық. (күз суретін шығару)
V. Топтық жұмыс.
I топ ‘’ Күз ұнайды‘’
ІІ топ ''Күз ұнамайды ''
(балаларө өз ойларын айту)
Тақтамен жұмыс.
VI ''Сәйкестендіру ''
Хабарлы сөйлем Сауысқан шықылықтайды.
Сұраулы сөйлем Күн бүгін кешегіден суық па?
Лепті сөйлем Күннің суығын-ай!
Қонақтар кеше көрмеде болды.
VII. Ойлан тап
Шығармашылық тапсырма
І топ.Сөйлем мүшелеріне талдау.
Дала тегіс сарғайды,Қыс құнар береді,
Шаруа қысқа қамданды.Көктем дән себеді.
Күн қысқара бастады,Жаз баптап өсіреді,
Тауғы тұңғыш қар жауды.Күз жинап тереді.
ІІ топ. Тиісті тыныс белгілерін қою
Біздің сынып тәртіпті шәкірттері білімді болса ұстаз қуанады туған жерге туың тік мен өз елімді сүйемін биыл ҚР-ның тәуелсіздігінің 20-жыл-н тойлаймыз бірлік болмай тірлік болмайды.
VIII.Сергіту сәті.
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Біздер бүгін баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2030-шы жылдары,
Біз де азамат боламыз!
IX. '' Кім тапқыр'' ойыны.
Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз. Жазған сөйлемдердің жай сөйлемнің қай түрі екенін айт. (жалаң, жайылма)
X.Кім шапшаң? Дәптермен жұмыс
7—жаттығу (тақтада орындау)
Тау мұнартады. Тау алыстан мұнартады. Өсімдік көктейді. Өсімдік көктемде көктейді. Жел тұрды. Қатты жел тұрды. Шық түсті. Таңертен шық түсті. Аспанда бұлт қаптады. Бұлт қаптады.
( Жай сөйлемнің түрін ажырату.)
XI.Қорытынды.
‘’Бүгінгі қазақ тілі сабағы‘’ (пән туралы өз ой-пікірлерін қағаз бетіне түсіру)
XII. Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |