Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Суретші және мен


Суретші және мен

Тақырыбы: Суретші және мен

Мақсаты: Білімділігі:Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілерінің өмірбаяндары мен шығармашылықтарымен таныстыру.Туындыларының сюжеттік композитциялық тақырыптық идеалық және көркемдік ерекшелігін саралау ғылыми зерттеулер бойынша мәлімет беру.
Тәрбиелігі.Тұлғаларды құрметтеуге еңбектерін қорғауға эстетикалық және адамгершілік тәрбиеге баулу.
 
Дамытушылығы:Суретшілер өмірбаяндар мен туындыларының идеалық мазмұнын таңдау арқылы отанға деген сүйіспеншілік туғызу.
 
Көрнекілігі.Суретшілер портреті,нақыл сөздер,суретшілер көрмесі.
Түрі.кездесу сағаты.
 
Жоспар.1)Сурет деген не?
2)Негізгі бөлім «Суретшілер өмірімен танысу,еңбектерімен мағұлмат алу»
3)Қорытынды:
 
1жүргізуші:Сурет бұл шежіре .Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарапынан шашауын шығармай жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер.Бәз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің талқысын,азаматтың әдемі ғұрпын кәсібін мәдениетін оның бастан кешкен барша қайғы мұң мен таңдай қақтырар тамсандырар дәуірлеп гүлденген шағын табиғаттың мың құлпырған бояуын,жан-жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі танып білеміз.Сурет салудың сүю өмірді ,табиғатты ,айнала қоршаған ортаны сүю.Ол адамның ақыл-ой парасатын өсіреді.Танымын кеңейтеді,ізгілікке әсемдікке үйретеді:Сурет бұл адамзат баласының заманнан-заманға рухани эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы.Суретші дегеніміз кім ?Сурет деген не?Міне оқушылар солар туралы сіздердің алдарыңызда оқушылар айтып береді.
Суретші боламын/Жаннұр/
Акварель/Арайлым/
Бояуларды сөйлетем/Ақжол/
Портрет/Айнагүл/
Сәулет /Данияр/
Пейзаж/Айнұр/
Натюрморт/Камшат/
Мүсін /Зарина/
Ән ./Балдаурен/орындайтын Арайлым
 
Жүргізуші:Қайсібір адамдарда ешкімнің еншісіне бұйыра бермейтін арқылы қасиет болады.Ол дарын. Бұл қасиет ананың құрсағында жатқанда –ақ дарыды,яғыни дарын адамның маңдайына алланың жазып қойған «үздік диплом»Энгельс сөзімен айтқанда .Қайта өрлеу дәуірі туғызған алып тұлғалар Леонардо До Винчи,Рафаель Санти, сияқты атақты суретшілер де өмірде болып тарихта өз аттарын өшпес қылқаламмен жазғандай қалдырған .Қайта өрлеу дәуірінің суретшілерімен тағы да танысып өтсек .Бұл суретте ұлы кескіндемеші Леонардо До Винчи автопортреті.Ол 1452жылы флоренция маңындағы Винчи қалашығында дүниеге келеді.Әкесі жаң қызметкері анасы шаруа әйелі ,болашақ ұлы суретшінің дарыны өте ерте көрінеді.Оның көптеген даңқты туындылары бар. «Мадонна Литта», «Мадонна Бенул», «Джаконда, «Мона лиза»ж/е «Құпия жиын»атты картиналары бар.
Енді мына суретке қарайық .Мұнда «Рафаель Санти»картинасы.Оның көптеген әйгілі еңбектері бар.Оның «гүл ұстаған құдай ана»әйгілі «катерина» «сипсиндік Мадонна».Бұл тамаша туындылар эрмитажда сақтаулы тұр. Енді мына көрініске назар аударып қарайық.
Бірде леонардо өзі оқыған Мазанчо мектебінде бояу-бояу болып ,картиналарды көшіріп салып жүрген жас жігітті кездестірді .Оны байқаған леонардо оған өзі жақындап.
-Сен қайдансың ,ұлым менің!Әкеңнің аты және өз атың кім?
-Мен Урбаноданмын.Менің әкем кескіндемеші Джовани Санти .Бірақ ол менің кішкентай күнімде қайтыс болған.Өз атым Рафаель.Мен сізді өз ұстазым және италияның ұлы шебері деп санаймын.
-Ол пікіріңе ризамын.Тым жас екенсің .Ұстазың кім?
-Ұстазым белгілі суретші Перуджико мен сізден адам денесінің құрылысы жөнінде үйренсем деймін.
-Жарайды.Мен әрқашанда өз білгенімді үйретуге дайынмын.Жазған өз еңбектерің бар ма?
-Ия әзірше «Мадонна Консстабелла».
-Ия,ия көргенмін.Мына туындыңда құдай ананың қолында апельсин бар екен.Апельсинді жақсы көресің –ау .Саған сәттілік тілеймін ұлым.Әзірше сау бол.
Сау болыңыз.
Міне осындай туа біткен дарын иелерінің бірі ,қазақ мәдениетіне үлес қосқсн,бейнелеу өнерінің дарабоз дүлділі қазақ халқының халық суретшісі қоғам қайраткері –Әбілхан Қастиеев.3 жасынан әкеден жетім қалған,шақайын сүйретіп мал бағып жүрген Әбілханға осы бір таудай атақ абырой аспаннан түскендей оңайкелген жоқ.Ендеше ұлы суретшінің өмірі мен өнер жолына қысқаша шолу жасайық .1904жылдың қақаған қысы .Кішкене ғана ауыл көрінісі.бұл Талдықорған обылысы,Панфилов ауданындағы ,Шежін ауылында қарапайым кедей отбасында бір ұл бала дүние есігін ашты.Ол Әбілхан еді.8жасынан бастап,13 жылын қойған  сиыр соңында өткізген,Әбілхан өз талантын табиғаттың әсем сұлулығында жүріп дамыта отырды.Әбілханның әрбір туындыларының шыққан тегінде өзінше бір тарих жатыр.
Көрініс.1)Әбілхан қой бағып жүр.Ол қой баға жүріп әр жерлерге түрлі суреттер мен молдаларды мүсіндеп бейнелеп жүреді.Оны көрген жұрт қызығы және тамаша қарайды.Әжуалайды оны байқаған манас молда оған ашуланып,әбілханды соққыға жығады.
Молда:өй әкеңнің аузы сурет салу,адамның бе йнесін жасау шайтанның ісі.Имансыздың үйіне кірмеңдер.Ол құдай алдында күнһар деп жар салыпты.Бірақ ол мойыған жоқ.
2)Әбілхан мен анасы «Апа мен қатты шаршадым.Мүйіз шығар болса аттай 13 жыл өтті ғой қой бағып жүргеніме. Мені босат.Маған ақ батаңды бер»Мен қалаға барып білім іздеймін.Сөйтіп ло анасының ақ батасын алып Жаркентке жол тартады.
3)Жаркент қаласы. Бас айналдырар көп халық соның ортасында Әбілхан тұр. «Енді не істесем болады?»Қой одагда өзіме нәпақамды табатын жұмыс іздейін.Сөйтіп ол біреудің сілтеуімен татар байдың үйіне келеді. Түн.Шамның жарығымен сурет салып отырған Әбілханды көрген бай оған дүрсе қоя береді. «Өй иттің баласы менің майшамымның майын тауыстың ғой .Бұл шамға сенің сыпырып тапқан тиының да жетпес» деп айқайға басады.
4)Бұдан да қысымшылық көрген Әбілханға бұл жерде қалуға болмайтынын түсінеді.Сөйтіп ол Жаркен жол құлысына жолшы болып кіреді.Еңбегі еленіп,»озат жолшы»атанады.Суреті тақатға ілініп қана қоймай ізгілігі бар бір кісіге жолығады. Ол жаркенттегі фотография шебері аламатов еді.Саламатов Әбілханның суретке деген ынтасы арта түсті.Суретшінің Түркісіб ,ересектерге арналған кешкі мектеп ,қырмандағы той,қызыл отау ,киіз үйдің ішкі көрінісі атты т.б көптеген туындылары бар.Әр туындысының өзіндік шығу тарихы бар.Сондай –ақ қазақстанда көптеген суретшілер білеміз.Атап айтар болсақ ,Сахи Романов.Гүлфайруз Ысмайылова,Әубәкір Ысмайлов,Құлахмет және Қожахмет Қожықов.Ал өзіміздің туған өлкеміз  Атырау аймағында қандай суретшілерді білеміз?Білеміз бе балалар?
Әрине балалар  Атырау жеріне де атағы әйгілі көптеген қылқалам суретшілері мен қолөнер шеберлері бар.
-Олай болса балалар ,бүгін біз өзіміз туып өскен туған өлке Атырау қаласының суретшілер одағының мүшесі,көптеген шығармалардың авторы,шәкірттеріне үлгі болған шебер ұстаз Бозжігітов Еркін Серікұлының өзіміз және еңбек жолымен ,шығармаларымен танысамыз.Еркін аға біздің мектеп –интернатымызға қош келдіңіз.Сізге сұрақтар қоймас бұрын 1)өзіңіз туралы айтып өтсеңіз.
2Аға осы сурет дегеніміз не?Оның қандай түрлері бар?Оның басқа өнерлерден қандай айырмашылықтары бар .Осы туралы толық айтып өтсеңіз?
3)Сіз осы өнерге қалай келдіңіз.Кім сізді жетелеп алып келді?Жалпы суретшілік сізге қайдан дарыды.
4)Сіз белгілі бір тақырыптарда шығарма салған қанша уақыт кетеді?
5)Сіз өз туындыларыңызды қандай бағытта ,қандай жанрда саласыз?
6)Сіздің өзіңіз тәрбиелеп жатқан жолыңызды қуған шәкіртіңіз бар ма?
7)Сізден басқа туысқандарыңызда осы өнерге бейім адамдар бар ма?
8)Сіз өз шығармаларыңызда қандай техникаларды пайдаланып саласыз?
9)Сіздің суретші өнер адамы декелеген көрмелеріңіз болып көрді ме?
10)Өнер жолы ауыр жол деп жатады атам қазақ осы сөзің астында қандай мағына бар деп ойлайсыз .Сіздің балаларыңыз сіз сияқты осы өнер жолын таңдаса не істер едіңіз?
11)Балаларыңызға өзіңіздің тілегіңізді айтып кетсеңіз?
Сурет салу оңай ма?
Жұртқа өнерің ұнай ма?
Мұның бәрі түк емес,талаптыға алайда дей келе бүгінгі кездесу сағатымыз аяқтаймыз. Көңіл қойып уақыттарыңызды бөліп келіп қатысып жатқан қонағымызға ,мұғалім апайларға және оқушыларға көп-көп рахмет .Кездескенше сау болыңыздар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қалиұлының қылқалам әлемі
«Қыс қызығы»
Жас суретшілер сайысы
Пейзаж жанрының өркендеуіндегі импрессионист – суретшілердің рөлі.
ҚАЗАҚ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы
Сурет өнеріндегі гуманизм
Грамматика Құрмалас сөйлемді қайталау Лексика Қазақтың атақты суретшісі
Бектауата маңындағы тауындағы тастардан сувенир жасау
Түрлі-түсті карандаштар
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8135 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык