Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жапония мемлекетіне сипаттама


Жапония мемлекетіне сипаттама

Сабақтың тақырыбы: Жапония мемлекетіне сипаттама

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: дамыған әлем елдерінің көшбасшысында келе жатқан Жапония мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайына, халқына, шаруашылығына, мәдениетіне, біліміне, әдет-ғұрпына тоқталу арқылы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Жапония мемлекетінің болашақта Қазақстанның дамуына себепкер болатын даму үлгісін қарастыру барысында оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, білімге құштарлықтарын, ізденушілігін арттыру.
Тәрбиелік:оқушының өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, қызығушылығын, логикалық ой-өрісін дамытуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, қосымша деректер, суреттер, слайдтар, бағалау парағы.
Сабақтың әдісі: жаңа технологияны оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану, экология, экономика.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Азияның экономикалық кеңістігіне тән басты ерекшеліктері туралы айт.
2. Әлеуметтік-экономикалық даму үлгілерін ата.
3. Азия елдері даму деңгейіне байланысты қандай топтарға бөлінеді?
ІІІ. Жаңа сабақ.
    Жапония мемлекетінің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жасап, білімдерін толықтыру.
 
*Жерінің ауданы – 372, 2 мың км2
*Халқы – 127,4 млн адам
*Астанасы – Токио
*Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия
*Мемлекет басшысы – император
*Үкімет басшысы – премьер-министр
*Мемлекеттік тілі – жапон тілі
*Ұлттық валютасы – жапон йенасы
*Ұлттық құрамы – жапондықтар
 
1-тапсырма: «Ресми Жапония».
А      Жапонияның экономикалық-географиялық жағдайы
Б       Жапонияның тарихы
В       Жапония халқы, тілі, діні
Г        Жапонияның өнеркәсібі
2-тапсырма: «Жұмбақ Жапония».
    Икебана, кимоно, жапондық тағамдар, сакураның суреттері слайд арқылы көрсетіледі, әр топ таңдаулары бойынша қысқаша сипаттама береді.
Кимоно. Жапон әйелін кимоносыз елестету мүмкін емес. Кимоно осыдан 11 ғасыр бұрын қандай болса, қазіргі күнде сол күйде сақталған.
    Кимоно тігілмейді, тіктөртбұрышты кесінділерден құрастырады.
 
Икебана – жапондық өмірдің үлгісі. Табиғатқа таусылмайтын ғажайып қазына ретінде қарауға тәрбиелеген ұлт жасап шығарады. «Икебана» сөзінің негізі гүл кесілді, бірақ өлген жоқ мағынасында.
Жапондық тағамдар. Жапонияның ұлттық тағамы – күріш, көкөніс, балық еті оған қосымша ғана.
Сакура – шие. Адам баласы табиғаттың таусылмас әдемілігімен, тылсым құдіретімен тыныс алады.
3-тапсырма: «Кім жүйрік?».
  Әрбір топ мүшелері бір-бір сұрақтан дайындайды. 
1-топ 3-топқа, 2-топ 4-топқа сұрақтар қояды. 
1-топ: 
1. «Токио» сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( Шығыс астана)
2. Жапондарда достарымен кездескенде қандай дағды жоқ. (Қол алысу)
3. Самурайдың моральдық кодексінің атауы. (Бусидо)
4. Хоккайдоны Сахамен бөліп тұрған бұғаз. (Лаперуд)
2-топ:
1. Жапонияның бұрыңғы астанасы. (Иото)
2. Жапонияның ақша бірлігі. (Йен)
3. Жапонияның ең биік нүктесі. ( Фудзияма, 3776 м)
4. Жапония халықының 99 пайызы. (Жапондықтар)
3-топ:
1. Жапонияның ең ірі аралы. (Хоккайдо)
2. Айкидо деген не? (Шығыс жекепе-жегінің бір түрі)
3. Токионы қалауға негіз болған құрылыс. (Эдо қаласы)
4. Күріш жейтін таяқша. (Хаси)
4-топ:
1. «Каратэ» сөзінің мағынасы. (Қарусыз күрес)
2. Жапондардың қасиетті кітабы. (Кодзики)
3. Жапондық діни наным. (Синтоизм)
4. Жапония шаруашылығының дәстүрлі саласы. (Балық аулау)
4-тапсырма: «Сандар сөйлейді».
 
Жауабы:
1. Жапония 4 ірі және 4 мыңдай ұсақ аралдарда орналасқан ел.
2. Жапония халқының ұлттық құрамы біртекті, халқының 99%-ын жапондар құрайды.
3. Халықтың орташа орналасу тығыздығының көрсеткіші 1 км2-ге 340 адам.
4. Елде негізгі 2 дін – синтоиз мен буддизм.
5. Жапонияның қысқаша орташа температурасы – 00 С-ден жоғары.
IV. Сабақты бекіту: Қорытынды. Ассоциация шығару.
V. Бағалау.
 
Бағалау парағы
 
№ Аты-жөні Ресми Жапония Жұмбақ
Жапония Кім
жүйрік? Сандар сөйлейді? Қорытынды
VІ. Үйге тапсырма: Жапония елін кескін картаға түсіру.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жапония
Жапония
Жапония. Қытай. Монғолия
Үндістан және Азия елдері
Жапония
Жапония, Жапониядағы капитализмнің дамуы
Жапония
Қытай, Монғолия
ТАЙЛАНД
Азияның жетекші елі-Жапония
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5435 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык