Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ТАЙЛАНД



ТАЙЛАНД

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Таиланд корольдігінің  географиялық орны,  табиғат жағдайлары, ұлттық және діни құрамы,  шаруашылығы, саяси жағдайы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:               Таиланд корольдігі
Ресми атауы  -  Таиланд корольдігі.
Астанасы – Бангкок.
Жер аумағы – 513,1 мың км2.
Халқы – 63,7 млн адам (2005 ж).
Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2-ге – 124,1 адамнан.
Мамлекеттік тілі – тай тілі.
Ұлттық валютасы – Бат.
Басқару формасы – конституциялық монархия.
   Географиялық жағдайы. Таиланд – Үндіқытай түбегінің оңтүстік-батысында және Малак түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан оңтүстік-шығыс Азиялық мемлекет.Шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен, оңтүстігінде Малайзиямен шектеседі. 1949-жылға дейін Сиам деп аталып келді.Елдің солтүстігі таулы болып келеді, ең биік нүктесі – Дой Интханон (2756 м).Солтүстік шығысында Корат үстірті, шығысында Меконг өзені орналасқан. Елдің орталық бөлігін Чао Прайя өзені кесіп өтеді. Оңтүстігінде елді Малак түбегімен жалғастыратын Кра мойнағы орналасқан. Солтүстігінде тропиктік климат болса, оңтүстігіне және оңтүстік-шығыс аудандарына тропиктік-муссондық климат тән. 
     Бангкокте сәуір айында +290С, ал желтоқсанда +250С-қа жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері – 1000-2000 мм (таулы аудандарда 5000 мм-ге дейін), негізінен тропикалық нөсер жаңбыр түрінде жауады.
     Әкімшілік бөлінісі. Ел 72 провинцияға (тьянгват) бөлінеді. Провинциялар өз кезегінде округтерге бөлінеді. 
     Ұлттық және діни құрамы. Негізгі халқын тай халықтары (15-тен жоғары этникалық топтар) құрайды, сонымен қатар малайлықтар, қытайлықтар, кхмерлер, тибет-бирма тобы халықтары, мао тайпалары, яо және т.б ұлттар мен тайпалар да бар.Мемлекеттік тілі – тай (сиам) тілі.  Сонымен қатар қалалық жерлерде ағылшын, қытай, жапон тілдері кеңінен тараған. Ел тұрғындарының 94,6%-ы будда дінін ұстанады, 4,6% - ы мұсылмандар.
     Саяси жағдайы.  Таиланд Корольдігі (Пратет-Тай) – конституциялық монархия, мемлекет басшысы – король, сонымен қатар ол бас қолбасшы болып табылады.Жоғарғы заң шығарушы орган – қоспалаталы Ұлттық ассамблея (Сенат және өкілдер палатасы). Атқарушы билік премьер-министр басқаратын Министрлер кабинеті. Жоғары заң органы – жоғарғы сот. Конституциялық жағдайды реттеу ісі арнайы Конституциялық трибуналға тапсырылған.
      Экономикасы. Тайланд – экономикасы икемді, экспортқа бағытталған серпінді даму үстіндегі ел. Халықтың жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2770 долларды құрайды. Соңғы жылдарда экспортқа шығару бағытындағы тамақ, токыма. зергерлік заттар, аяқ киім, электроника, электротехникасы және химия өндірісі сияқты салалардың анағұрлым жоғары өсу қарқыны сақталуда. Таиланд вольфрам өндіру жөнінен дүние жүзінде жетекші орындардың бірін алады. Өнеркәсіптің қарқынды өсуіне қарамастан, еңбек етуге қабілетті халықтың 60%-ға жуығы ауыл шаруашылығымен айналысады, ол ЖІӨ-нің 12 %-ын береді. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға одан әрі көңіл болу жөнінде және оны бағасы көтерілген басым өнімдерге — мал шаруашылығына, құс шаруашылығына, гүл өсіру шаруашылығына және теңіз өнімдерін, жеміс-жидектер мен көкөністерді қайта өңдеуге бағыттауға күш-жігер жұмсалуда. Туризм елдің ең үлкен кіріс көздерінін бірі болып табылады.
Таиланд каржы, сауда өнеркәсіп және көрші елдермен көлік және қатынас байланыстарының инфрақұрылымы дамыған аймақтың басты экономикалық орталығы болып табылады.
Таиланд Азия-Тынық мұхит аймағындағы (АТА) эконо¬микалық интеграция процестерінде белсенді рөл атқаруға ұмтылуда, АҚШ, Жапония, ТМД елдері, ҚХР және Шығыс Еуропа елдерімен байланыстарын кеңейтуде.
   Негізінен ауыл шаруашылығы басым дамыған. Соның ішінде күріш өсіру, қант құрағы, жүгері, маниок, каучук өнімдері. Қазіргі өнеркәсіп салалары – текстиль, қымбат тастарды өңдеу және электроника. 
Соңғы кезде туризм ісі жақсы қарқынмен дамып келеді. 
   Экспорты: қалайы, каучук, радиоэлектроника, текстиль және дайын киімдер.
   Импорты: тұрмыстық құралдар, мұнай өнімдері, азық-түлік өнімдері. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ,Жапония, Сингапур, Қытай.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
СИРИЯ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
БРУНЕЙ
КАМБОДЖА
БУТАН КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЙЦАРИЯ
ИСЛАНДИЯ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
ВЕНГРИЯ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 4703 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык