Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / География |
Көрсетілім: 37008 |
|
|
|
Қазақстандағы биік таулар
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы биік таулар
Бөлімі Сабақ саны Сабақтың мазмұны Уақыты
Кіріспе 1-сабақ Модульдің құрылысымен танысу 5 минут
Тақырыптың міндеті мен мақсатын түсіндіру 5 минут
Тірек сызба бойынша тақырыпты түсіндіру 35 минут
Дәріс сабағы 2-сабақ Бірігіп зерттеу 45 минут
3-сабақ Дәріс сабағы 45 минут
4-сабақ Сарамандық жұмыс 45 минут
Қорытынды 5-сабақ Сынақ жұмысы (тест алу) 45 минут
І. Кіріспе.
Сабақтың мақсаты: биік таулы аймақтар туралы білімдерін қалыптастыру. Карталарға анализ жасап, сызба, кестелерді толтыра отырып, ойлау қабілетін дамыту. Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбанұсқа.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың әдісі: оқытудың модульдік технологиясы, диалогтық лекция, сарамандық жұмыс,сұрақ-жауап. Қазақстанның физикалық картасы, сызба кестелер, оқулықпен жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу, сұрақ-жауап.
1. Теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыс қайда орналасқан?
2. Құмды шөл табиғатының ерекшеліктері неде?
3. Сарыарқаға қандай табиғат зоналары тән?
4. Сарыарқадағы өзендер қандай су көздерімен қоректенеді?
5. Неліктен Мұғалжар тауы биік емес?
6. Мұздықтардың орналасу ерекшеліктері және өзендердің әсері қандай?
1. Картамен жұмыс.
А) Картадан биік тауларды табу.
Ә) Кескін картада белгілеу.
Б) Кесте толтыру.
Таулардың аты Географиялық орны Климаты, өзен-көлдері Пайдалы қазбалары Табиғат белдеулері, өсімдіктері, жануарлары
ІІІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.
IV. Үйге тапсырма.
Биік таулы аймақтар.
2-сабақ. Бірігіп зерттеу. Топпен жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: «Биік тауларға саяхат».
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
І топ: «Алтай»
ІІ топ: «Сауыр-Тарбағатай»
ІІІ топ: «Жетісу Алатауы»
IV топ: «Тянь-Шань»
Саяхаттың мақсаты: Әрбір топ таулардың биіктік белдеулерін анықтап, қазба байлықтарын, өсімдіктерін және жануарларын зерттеп, білім дағдыларын қалыптастыру. Табиғат компоненттері туралы оқушылар сызбаны пайдалана отырып, анализ-тұжырымдама жасауға үйрену.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Бірігіп зерттеу болғандықтан тығыз байланыста жұмыс істейміз. Алдыңғы сабақта алған теориялық білімдерімізді іс жүзінде пайдаланып, өз бетімізше зерттеу жұмысының маңызы зор.
Әр топтың мақсат-міндеттері бар. Сабағымызда мына сұрақтарға жауап іздеп көреміз:
І топ: Алтай қандай бөліктерден тұрады?
ІІ топ: Неліктен Тарбағатайда мұздықтар жоқ?
ІІІ топ: Ебі мен Сайқан желдері қалай қалыптасқан?
IV топ: Тянь-Шань қандай қатпарлықта түзілді?
2. Таулардың биіктігін анықтау үшін картаны пайдалану.
І топ. Алтай тауының биіктік белдеуін, қазба байлығын, өсімдіктерін зерттеу.
ІІ топ. Сауыр-Тарбағатай тауының биіктік белдеуін, қазба байлығын, өсімдіктерін зерттеу.
ІІІ топ. Жетісу Алатауы биіктігін, қазба байлығын, өсімдіктерін зерттеу.
IV топ. Тянь-Шань тауының биіктігін, қазба байлығын, өсімдіктерін зерттеу.
3. Әр топ оқушылары сызба бойынша алған білімдерін, зерттеу жұмыстарын
баяндайды, қорытындылайды. Зерттеу жұмысын толықтыруға басқа топ оқушылары қатысады. Ашылмаған сұрақтарға көмектесу.
4. Үйге тапсырма: Реферат, эссе қосымша мәліметтер, ізденіс жұмыстарын жалғастыру.
Білімдерін бағалау.
4-сабақ. Сарамандық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларны арттыру.
Білімділік: физикалық картаны, атласты, кескін картаны, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жер бедері мен географиялық ерекшеліктерін салыстыру.
Дамытушылық: карталарды пайдалану арқылы тау жүйелерін өзара салыстыра отырып, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Алдыңғы сабақта алған білімдерін іс жүзінде пайдаланып, топпен жұмыс істеу. Әр топ мүшесінің мақсат-міндеттері анықталады.
2. Сабағымызда интерактивті тақтаны пайдаланып, карта, атлас, кескін картамен жұмыс жасау.
3. Сабақтың мазмұны таулы алқаптардың географиялық орындары, жер бедері мен климаты, өзен-көлдері, мұздықтары, биіктік белдеулерін оқып үйрену.
4. Деңгейлік сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Табиғат кешендерінде географиялық орны қалай әсер етеді?
2. Тау жүйелерінің климат ерекшеліктерін анықта.
5-сабақ.
Тест сұрақтары.
1.Қазақстандағы жауын-шашын ең көп жауатын аймағын ата.
А) Мұғалжар
Ә) Батыс Алтай
Б) Қазақстанның солтүстік-батысы
В) Тянь-Шанның батысы
2. Хан-тәңірі массиві орналасқан тау.
А) Сауыр-Тарбағатай
Ә) Алтай
Б) Тянь-Шань
В) Жетісу Алатауы
3. Рахман бұлағы қайда орналасқан?
А) Іле Алатауында
Ә) Алтайда
Б) Жетісу Алатауында
В) Сауыр-Тарбағатайда
4. Тауда табиғат зонасының алмасып келуі не деп аталады?
А) ендік зона
Ә) биіктік белдеуі
Б) таулы зона
В) зоналық
5. Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғарында қай тау орналасқан?
А) Жетісу Алатауы
Ә) Алтай
Б) Сауыр-Тарбағатай
В) Тянь-Шань
6. Алтай тауының қазіргі жер бедері қалыптасқан дәуірі.
А) юра, бор
Ә) кембрий, ордовик
Б) неоген, антропоген
В) силур
7. Жер сілкінуді зерттейтін ғылым.
А) геология
Ә) метеорология
Б) сейсмология
В) экология
8. Қазақстандағы алтынның ірі кендері.
А) Жетісу Алатауында
Ә) Алтайда
Б) Сауыр-Тарбағатайда
В) Тянь-Шаньда
9. Тарбағатай жотасының биіктігі.
А) 6995 м
Ә) 5960 м
Б) 3134 м
В) 4506 м
10. Корженевский мұздығы қай тауда орналасқан?
А) Тарбағатай Ә) Алтай Б) Сауыр В) Тянь-Шань
11. Тянь-Шаньның қатты тілімденген солтүстік-батыс жотасы.
А) Кетпен Ә) Қаратау Б) Күнгей Алатауы В) Теріскей Алатауы
12. «Аролий және алтын тамыр» дәуірлік өсімдіктері кездесетін жер.
А) Жетісу Алатауы
Ә) Тянь-Шань
Б) Сауыр-Тарбағатай
В) Алтай
13. Қазақстандағы ежелгі тау түзілуі
А) герцин Ә) альпі Б) каледон В) мезозой
14. Қазақстанда 1927 жылы сейсмикалық станция салынған қала.
А) Тараз Ә) Өскемен Б) Алматы В) Шымкент
15. Сайқан және ебі желдері қай таулы аудандарда?
А) Жетісу Алатауы
Ә) Сауыр-Тарбағатай
Б) Алтай
В) ТяньШань
16. Кенді Алтайдың ең биік шыңы.
А) Хантәңірі Ә) Бесбақан Б) Мұзтау В) Талғар
17. Бірнеше СЭС салынған өзен.
А) Ертіс Б) Үлкен және Кіші Алматы
Ә) Іле, Үлбі В) Тобыл, Есіл
18. Қазақстандық Алтайдың көлдері.
А) Алакөл, Балхаш
Ә) Теңіз, Марқакөл
Б) Зайсан, Марқакөл
В) Сілеті, Қорғалжын
19. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жарық көрген жыл.
А) 1995 жыл
Ә) 1978 жыл
Б) 1969 жыл
В) 1990 жыл
20. Жетісу Алатауының ең биік нүктесі.
А) Мұзтау
Ә) Хантәңірі
Б) Бесбақан
В) Талғар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |