Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білгір географ - XXI


Білгір географ - XXI

Білгір географ - XXI сайыс сабақ

8-сынп оқушылары арасынан география ғылымына қызығушы  талапты , алғыр оқушыларды анықтау, оларды  ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, экологиялық тәрбие  беру, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ойын түрінде Қазақстанның физикалық географиясынан сайыс сабағы өткізілді.

Сайысқа 8 оқушы қатысады және сайыс III турдан тұрады. I турдан соң балы аз  4 оқушы ойыннан шығады. II турды 4 оқушы жалғастырады. II турдан соң балы  аз 1 оқушы ойыннан шығып қалады. III турда 3 оқушы қалады ойынның соңында балы көп оқушы жеңіп шығуы керек.

I тур. Бәйге.15 сұрақ.

1. Қазақ тілі қандай тіл семьясына жатады?

1.Үнді-европалық  2. Оралдық   3. Алтайлық

2. Қазақстандағы ең төмен жатқан жердің абсолют тереңдігі:

1. -132м       2. -133 м      3. -142 м

3. Өзеннің құяр жері:

1. Арна     2. Саға    3. Кемер

4. Ауданы жағынан үшінші көл:

1. Арал     2. Балқаш   3. Зайсан

5. Егемендік туралы Декларация қабылданған жыл:

1.1990 ж      2. 1991ж     3. 1992 ж

6. Іле өзені құятын көл:

1. Алакөл    2. Балқаш    3. Зайсан

7. Қорғалжын қорығы орналасқан облыс:

1.Қостанай     2. Ақмола     3. Павлодар

8. Триас,юра,бор дәуірлері қай эраға жатады?

1. Палеозой    2. Мезозой    3. Кайнозой

9. Геохронологиялық жержылнамалық кесте қай жылы бекітілді?

1. 1900 ж     2. 1905 ж     3. 1910 ж

10. Алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасының» жасалған жылы:

1. 1990ж   2.1991 ж     3.1992 ж

11. Орман ел аумағының қанша %-ын алып жатыр?

1. 3,5%          2. 4,2%           3.5,2%

12. Қазақстанның солтүстік ендігі:

1.56° 26' с.е     2. 55° 26'  с.е     3. 54° 36'  с.е

13. Ақмола атауы Астана деп өзгертілген жыл:

1.1997ж    2. 1998ж    3. 1999ж.

14. Қоңырат,Бозшакөл кен орындарынан қандай кен өндіріледі?

 1.Мыс     2. Алтын     3. Хром

15. Қапшағай СЭС-і қай өзенде салынған?

II тур. Қазақстан аумағын физика-географиялық аудандастыру

1. Шығыс Европа жазығы.

а/ Ш.Европа жазығының Қазақстанға қай бөлігі енеді?/оңтүстік-шығыс/

б/Жем үстірті қай жерде орналасқан? /Каспий маңы ойпаты , Мұғалжар/

в/ Ірі өзендері. /Жайық,Ойыл,Жем /

г/ Қазақстандық бөлігіндегі табиғат зоналары./ дала,шөлейт,шөл/

д/ Жем өзені қайдан басталады? / Мұғалжар тауының батыс беткейінен/

2. Тұран жазығы.

а/ Торғай үстірті қай жерде орналасқан?/ Сарыарқа мен Мұғалжар арал./

б/ Мойынқұм қай өзендердің төменгі ағысында жатыр?/ Шу,Сарысу/

в/ Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығ. үстіртті шөл./Бетпақдала/

г/ Жауын-шашынның жылдық мөлшері. / 80-100 мм /

д/ 1984 ж ұйымдастырылған қорық. / Үстірт/

3. Солтүстік Қазақ жазығы.

а/ Қазақстан жеріндегі алып жатқан ауқымы./ Орал тауынан Алтайға дейін/

б/ Пайдалы қазбалары./ темір,көмір,боксит,хромит,кобальт,құр.мат./

в/ Есіл өзені қайдан басталады?/ Сарыарқанының солт.Нияз тауынан/

г/ Жазықтағы табиғат зоналары./ орманды дала, дала/

д/ 1929 ж ұйымдастырылған қорық./ Наурызым/

4. Сарыарқа.

а/ Сарыарқаның екінші атауы./ Қазақтың ұсақ шоқысы/

б/ Ең биік тауы,биік нүктесі/ Қ.ызыларай,Ақсораң 1565 м/

в/ Басты өзендері./ Есіл,Нұра,Сарысу,Сілеті,Шідерті т.б/

г/ Батысында қандай үстіртпен шектеседі?/ Торғай/

д/ 1968/58/ ж ұйымдастырылған қорық./ Қорғалжын/

5. Орал.

а/ Мұғалжар тауының ең биік нүктесі./Үлкен Боқтыбай 657 м /

б/ Қай қатпарлықта пайда болған? / Герцин /

в/ Тауды батыс және шығыс жоталарға бөлетін ойыс./ Біршоғыр/

г/ Мұғалжар тауы қай қаланың тұсынан басталады? / Орск/

д/ Пайдалы қазбалары./ никель,кобальт,хромит,мыс,сирек металдар,көмір/

6. Алтай.

а/ Қазақстанға қай бөлігі кіреді?/ оңтүстік-батыс/

б/ Ең биік нүктесі./ Мұзтау 4506 м/

в/ Қаз-ғы бөлігі қандай аудандарғабөлінеді?/Кенді Алтай,Оңт.Алтай,Қалба

г/ Ең үлкен көлі. / Зайсан /

д/ 1976 ж ұйымдастырылған қорық./ Марқакөл /

 

 

7. Жоңғар Алатауы.

а/ Ж.Алатауын бөліп жатқан өзендер./ Бат.Көксу,шығысында Боротала/

б/ Солтүстік жотасының ең биік нүктесі./ Бесбақан 4622 м/

в/ Жауын-шашынның жылдық мөлшері./ 600-800 мм /

г/ Қанша мұздық бар? /700 /

д/ Климатына әсер ететін ауа массалары./ Арктикалық,Тұранның ыстық

8. Сауыр-Тарбағатай.

а/ Сауыр қай жерден басталады?/Қытайдан,Улюнгур көлінің батысынан/

б/ Қай қатпарлықта пайда болған?/ Герцин /

в/ Сауырдың , Тарбағатайдың биік нүктелері./Мұзтау 3816 м,Тастау 2992м/

д/Сауыр батысқа қарай аласарып, қай жотаға ұласады?/ Маңырақ жотасына

г/ Сауыр тауындағы көмір кен орны. / Кендірлік /

9. Тянь-Шань

а/ Ең биік нүктесі қай жотада орналасқан? / Сарыжаз жотасы/

б/ Корженевский мұздығы қай тауда орналасқан? / Іле Алатауында/

в/ Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы. / Қаратау жотасы/

г/ 1926/27/ ж ұйымдастырылған қорық. /  Ақсу-Жабағылы/

д/ Талғар шыңы қай таудың биік нүктесі./ Іле Алатауының/

III тур. Физика-географиялық сипаттама бойынша сұрақтар.

1. Пайдалы қазбалары.

а/ Мұнай алғаш рет қай кен орнынан алынды?/ 1899 ж Қарашүңгіл,Эмбі/

б/ Тұздың қоры қай аймақтарда шоғырланған?/Каспий маңы ойпатында/

в/Қазақстанның темірдің қоры жөнінен дүние жүзіндегі орны./ 8 /

2. Климаты

3. Ішкі сулары.

1.Ұзындығы 1000 км-ден асатын  өзендер./Ертіс,Тобыл,Есіл,Жайық,Іле,

Сырдария,Шу

2.Іле өзені қандай екі өзеннің қосылуынан басталады?/ Күнгес,Текес

3.Балқаш көлінің батысы мен шығысы қандай бұғаз арқылы жалғасып жатыр

Ұзынарал бұғазы/

IV. Қорытындылап,бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сарыарқа
Солтүстік Қазақ жазығы
Орал физикалық-географиялық аймағы
Алтай тауы
Сарыарқа
Жетісу Алатауы, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань таулары
Қазақстандағы биік таулар
Сауыр - Тарбағатай таулары
Алтай таулары
Алтай таулары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2985 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык