Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көбейтудің және бөлудің компоненттері


Көбейтудің және бөлудің компоненттері

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің және бөлудің компоненттері

Сабақтың мақсаты:
11.Оқушылар көбейту және бөлудің компоненттерін меңгере отырып, есептеу 
д дағдыларын қалыптастырады,жаңа есептер құрастырады.
   2.Оқушылар есептердің ерекшеліктері туралы ой қозғайды, оларды талдайды, түсінік 
 т  тұжырымдайды, оларды дәлелдейді.
33.Оқушылар шағын топтарда бірлескен жұмыс ұйымдастырады,тақырып бойынша проблемаларды аайқындап, оларды бірлесе шешуге атсалысады, ынтымақтастықпен өзара әрекеттеседі. Туған 
   елін,жерін сүюді, құрметтеуді үйренеді.
Көрнекілігі:  кестелер, интербелсенді тақта, слайдтар т.б.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс. 
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
                                    а) Психологиялық дайындық.
                                        Бір,екі , үш 
                                        Сынып іші тып-тыныш.
                                        Жалқаулықты тастаймыз,
                                       Сабақты біз бастаймыз.
-Балалар, бүгін ерекше сабақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.Олай болса, білімімізді ортаға салайық.
-Бүгін қандай мереке? 
-25-қазан Республика күні. 
-1990 жылы Қазақ елі 25-қазанда мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған болатын. Бұл оқиғаның республика өмірінде үлкен саяси маңызы болды.Содан бері 25 қазан  Республика күні болып аталып келеді. Биыл егемендік алып,тәуелсіз мемлекет болғанымызға 22 жыл болды.Осы аз уақытта Қазақстан Республикасы бүкіл әлемге танылды.
-Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Астана.
-Астанадағы көрікті жерлерді атаңдаршы?
-Бәйтерек, Пирамида, Ханшатыр, Конгресс Холл т.б.
-Бүгінгі сабағымыз топтық жұмыс түрінде өтеді.Сондықтан мына стикерлердің қалаған түсін таңдап алыңдар.(оқушылар таңдаған  түстері бойынша топқа бөлініп отырады).
 
Әр топқа атаулар беріледі.
1-топ: «Астана»
2-топ: «Бәйтерек»
3-топ: «Пирамида»
4-топ: «Ханшатыр»
  Әр топтың топ-басшысы сайланады.
2.Үй тапсырмасын тексеру. №7 мысал, 50-бет.
І-топ                   ІІ-топ              ІІІ-топ                       ІV-топ
а х 2=6               6: а=3               2 х а=6                        а: 2=3- Балалар, 1-слайдқа көз жіберейік
 5*3=15                                                                                                          
- Өрнек қандай амалға құрылған?                        
- Өрнектің компоненттерін атап жіберіңдер?
Оқушылардың жауабы: 
- 5-көбейткіш                               
- 3-көбейткіш                   
- 15-көбейтіндінің мәні                
15:3=5
- 2-мысалда өрнек қандай амалға құралған?
- Өрнектің компоненттерін атап жіберіңдер?
Оқушылардың жауабы:
- 15-бөлінгіш
-  3-бөлгіш
- 5-бөліндінің мәні
5. Ойлан. Пікірлес (Топпен  жұмыс)  
a) ауызша есептеулер
1-топ. 100*1                                        3-топ.  200*2
           100*2                                                     300*2
           100*0                                                     200:2
 
2-топ.  200:2                                          4-топ. 0:2
            100:1                                                     200:200
            20:20               0:100
           
ә) Топтық зерттеу (Оқулықпен жұмыс)
1-топ: «Астана» Есеп:4   a)  
2-топ: «Бәйтерек» Есеп:4   ә)                  
3-топ: «Пирамида»  Есеп :6                      
4-топ: «Ханшатыр» Есеп: 7              
б) Бірін-бірі оқыту (Өрнектер құрастыру)
Әр топқа сөйлемдер жазылған кеспе қағаздары беріледі, сол бойынша өрнек құрастырады.
1-топ. «Астана»  Көбейту амалына.
2-топ. «Бәйтерек» Бөлу амалына.
3-топ. «Пирамида»   Қосу амалына.
4-топ. «Ханшатыр» Азайту амалына.
в) Атаулар туралы сұрақтар (Сурет бойынша есептер құрастыру)
 Әр топ өз атауларына байланысты мәліметтер айтып, сол бойынша есептер құрастырады.
6.Сергіту сәті. (Математикалық тренинг)
3-деңгей
 1.Есепте:                                                                                          
Бір қорапта 6 қарандаш.Осындай 2 қорапта неше                         
қарандаш?                                                                                              
             Шешуі:
            Жауабы:
 2.Мына суретте көрсетілген пішінде неше  үшбұрыш бар?
 
Жауабы:
 
 
3. Логикалық есеп:
Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысы және бір қаз                
бірінші көлге,ал қалған қаздардың жартысы және бір                
қаз екінші көлге қонды.Әр көлге неше қаз қонды?                 
        Ж:  1- көлге                қаз ,   2 -көлге               қаз.
 
8.Сабақты қорытындылау
 Рефлексия. 
- Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Сабақ несімен ұнады? Бүгінгі алған білімдеріңді іні-қарындастарыңа үйрете аласыңдар ма? (оқушылар кестені толтырады)
-
Білемін Білгім келеді? Білдім
1. 1. 1.
2. 2. 2.
3. 3. 3.
 
- Сабақ сендерге ұнаса, Астана қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап,сабағымызды аяқтаймыз.
(оқушыларға Астананың көрікті жерлерінің суреттері слайд арқылы көрсетіледі)
9.Бағалау.
Әр топ басшысы оз топ мүшелерін бағалайды және  бір топ екінші топты бағалайды.
                                                              
Бағалау парағы№ Аты-жөні Үй тапсырма Ойын 
«Кім 
жылдам?» Ойлан.
Пікірлес Топтық 
зерттеу Бірін-бірі оқыту Есептер құру Деңгейлік тапсырма Баллы
 
10.Үйге тапсырма: Мысал:5, 51- бет                                        
11. Қорытынды.  Интербелсенді оқу/оқыту әдістемесінің 
нәтижелілігі
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз  ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
      Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып,белгілі бір идеяны қабылдап,оның неге қатысты екенін зерттеп,салыстыра отырып,сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі- интербелсенді оқу/оқыту әдістемесі. 
            Интербелсенді оқытуда педагог оқушылардың өзіндік таным процессін ұйымдастырушыға айналады, ол үйретпейді – үйренуге бағыт-бағдар сілтейді, өзі де әр сабақта үйренеді. Мұғалім – «білім көзі» емес, ол – оқушыны шығармашылық жұмысы мен еңбегінің бастамашысы, ұйтқысы, оқушының білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының үйрену процесіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы.
 Бұл әдістеменің маңыздылығы:
 Оқушылар арасындағы қарым-қатынас интербелсенді оқудың ең басты мәселесіне айналып, оқушылардан өзара әрекеттесу мен ынтымақтастықты қажет етеді,  ал ұстаз осындай коммуникативтік процесті ұйымдастыра білуі қажет.
 Интербелсенді оқуда оқушылар өз біліміне және өзгелердің біліміне деген жауапкершілікті тереңінен түсінеді.Сол себепті де олар таным процесінің нәтижелілігіне мүдделі болады. 
 Интербелсенді оқу/оқыту оқушылардың жеке тәжірибесіне сүйенеді, ал ұстаз тәжірибені жаңа біліммен байланыстыру жолдарын бағыттап отырады. 
 Интербелсенді оқу/оқытуда іздену процесі қорытынды нәтижеден маңызды болғандықтан , мұғалім сол процесті ұйымдастыра білуі керек.
Қорыта келе, интербелсенді оқу/оқыту әдістемесі оқыту процесінде мақсатқа жетудің нақты жолдарын көрсетеді:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.
2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары: оқу әдістемелік құрал – 2000ж
3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.
4. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4
5. Әлімов А.Қ., Қосанов Б.М.,Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып мұғалімдеріне: Интербелсенді әдістеме – Алматы 2010ж
6. Интернет жүйесі

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Жазбаша бөлу тәсілдері.
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру мен ынталандыру
2 -ге көбейту және бөлу. Есептер шығару
Өрнектер (тарауды қайталау)
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыда
Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер
Менің Қазақстаным. Үндестік заңы.Буын.
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 21929 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык