Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері


Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Берілген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері тақырыбын оқушыларға тереңірек меңгерту үшін есептер шығарып үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың зейінін кеңейту, есепті шапшаң, әрі дұрыс шығару қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойын еркін дәлелдеп жеткізе білуге  тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, кітап, білімін бағалау парағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес - жарыс сабақ
Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау, сыныптағы оқушыларды  3 топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын тексеру: 
№147(2). 8,11,15,25,40 және 100 сандарының әрқайсының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар; 
8-дің еселіктері: 8,16,24,32                          11-дің еселіктері: 11,22,33,44
15-дің еселіктері: 15,30,45,60                      25-тің еселіктері: 25,50,75,100
40-тың  еселіктері: 40,80,120,160                 100-дің еселіктері: 100,200,300,400
№149(1)  5 саны 45-ке бөлгіш болады. 45:5=9
№153. Сатушы 35 түп қалампыр гүлін әкелді. Ол әрбір гүл шоғындағы гүлдер саны бірдей етіп, неше тәсілмен гүл шоқтарын даярлай алады? Әр гүл шоғында неше гүлден болуы мүмкін? 
Шешуі: 1) 35:1=35    2) 35:5=7   3) 35:7=5    4)35:35=1
Жауабы: 4 тәсілмен даярлауға болады. 1-тәсілде 35 гүлден, 2-тәсілде 7   гүлден, 3-тәсілде 5 гүлден, 4-тәсілде 1 гүлден болады. 
3. Сабақтың жүргізу тәртібі: жарыс 4 турдан турады: 
1-тур: тас қақпаның сұрақтарына жауап беру, әр топқа бір сұрақтан, сұраққа толығымен дұрыс жауап берген топқа 5 балл қосылады, ал жауап бере алмаған топтың сұрағына келесі топ жауап беруіне болады. 
2-тур: күміс қақпаның есептерін шығару, әр шығарылған бір есепке 10 баллдан қосылады: 
3-тур: алтын қақпаның есептерін шығару, әр есепке 20 баллдан баға қосылады.
1-тур: алтын сандықтың есебін шығару, шығарған топқа 50 балл қосылады.
(жауаптары слайдта көрсетілген)
1) Тас қақпаның сұрақтары:
1. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайы?
2.45 санының алғашқы барлық бөлгіштерін атаңдар.
3.Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп аталады?
4. 9 санының алғашқы 7 еселіктерін атаңдар.
5.Берілген натурал санға еселік сандарды қалай табамыз?
6. Берілген натурал санның  бөлгіштер жұптарын қалай табады?
2)Күміс қақпаның есептері: 
150. 3,7,10,15,18,30 және 84 сандарынан: 
3)  2-нің еселіктері                     4)  5-тің еселіктері:
151. 1) 2 және 3 сандарна;                             3) 9 және 12 сандарына;
2) 6 және 8 сандарына;                                   4) 15 және 21 сандарына
Еселік болатын ең кіші натурал санды жазыңдар.
154. 65 түп ағаш көшеттерін, әр қатардағы көшеттер саны бірдей етіп, неше қатарға отырғызуға болады?
155. Бала себетті толтырып қояндарға сәбіз әкелді. Ол себеттегі сәбіздерді 4 қоянға, 6 қоянға немесе 8 қоянға тең бөліп бере алады. Бала қояндарға кем дегенде неше сәбіз әкеледі?
158. 1) 45-ке бөлгіш және 5-ке еселік;
2) 92-ге бөлгіш және 23-ке еселік;
3) 120-ға бөлгіш және 30-ға еселік санды жазыңдар.
3) Алтын қақпаның есептері: 
159. 1183:91=13 және 1183:7=169 теңдіктерін пайдаланып, 1183 санының бөлгіштерін жазыңдар. 
162. Шарлар тізбесін дайындау үшін 12 қызыл шар, 16 көк шар және 8 сар шар сатып алынды. Шарлар тізбелеріндегі әр түсті шарлар санын бірдей етіп, неше тізбе дайындауға болады? Есептің неше шешімі бар?
4) Алтын сандықтың есебі:
161. Сыйымдылықтары 10 л және 8 л екі шелекті пайдаланып, суаттан 6 л суды қалай құйып алуға болады?
4. Қорытындлау және бағалау: оқушыларға қайсы топ қандай дәрежеде қатысқандарын айтып өту және жіберілген кемшіліктері талдау, оқушылардың шығарған есептерін бағалап оқушылар жұмысына баға беру.
5. Үйге тапсырма:№163


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
І тарау. Натурал сандар және нөл саны. Натурал сандардың жазылуы.
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Математика пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Жай сандар, құрама сандар
EYOБ және EKOE табу есептері
Үлестер. Жай бөлшек
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
Жай бөлшектерді бөлу
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
«Бөлігі бойынша санды табу» тақырыбы сабағының қысқа мерзімді жоспары
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 19231 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык