Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Намыс. Жуан және жінішке дауысты дыбыстар.


Намыс. Жуан және жінішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың тақырыбы: Намыс. Жуан және жінішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: 
 Сабақтың міндеті: 1.Мәтінді оқи отырып, оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,дауысты 
                                      дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін байқату.  Өтілген барлық әріптер 
                                     мен дыбыстарды қайталау, сөздер ойлау, сөйлемдер құрау, дыбыстық талдау жасау 
                                     дағдыларын жетілдіре түсу,өздерін бағалай алу 
                                    2. Оқушылардың ойнай отырып, ойлауын, сөздік қорларын , ой-өрістерін және есте сақтау  
                                       қабілеттерін  дамыту
                                    3.Оқушыларды ұқыптылыққа,байқампаздыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :     аралас
Сабақтың әдісі:   Түсініп оқу, талдау, байқау, ажырату.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,бағалау парақтары.суреттер.
 
   Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық дайындық.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым,
Амансың ба, ұстазым,
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты тастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?
-Үйге өлең жаттауға берілді.
-Ендеше,тақтада берілген бағалау критерийлері арқылы өлеңді жатқа айтамыз.
Бағалау критерийлері
1 Жатқа айту.
2 Даусын шығарып,сөздерін анық айту.
3 Тақырыпқа сай сурет салу.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
 
  - Ертеде бір Дауысты дыбыс деген үлкен кісі болыпты. Сол кісі бізге келді деседі. Қане, балалар, сол кісіні шақыру үшін біз мына екі қорапты ашып көрейік.
         а, о, ұ, у, ыә, ү, и, і,е,ө
     Енді, балалар, бұл дыбыстардың айтылуына мән беріп, дауыстап айтайық. Сонда не байқадың?Балалар дауыстап айтады. Міне, бізге  де Дауысты  дыбыс  атамыз  жеткен  сияқты,   қане көрейік:   Жуан дауысты дыбыс ................................. 
                         Жіңішке дауысты дыбыс ................................
 
4. Мәтінмен жұмыс
Кіріспе әңгіме.
    - Балалар,сіздер намыс деген сөзді естіп көрдіңдер ме,намысты адам деп кімді айтамыз?
     (балалар өз білгендерін,ойларын айтады)
     -Ендеше біз бүгін Намыс деген мәтінмен танысамыз.
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
5. Сөздік жұмысы:     намыс - ар, абырой.          абдырау - сасқалақтау
 
 6 .Мәтін мазмұнына байланысты сұрактар:
- Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Кыс мезгілі ұнайды ма?
- Әңгіме не туралы?
- Әңгімедегі Кәрім кандай бала?
- Ол не істеді?
- Өзің қыста қандай ойындар ойнайсың?
    -  Әңгіме неліктен «Намыс» деп аталған?
7. Оқушылардың оқуы. Бағалау критерийлері бойынша;
Дұрыс,қатесіз оқу
         Даусын шығарып,анық оқу.
         Түсініп оқу (сұраққа жауап беру)
 
8. Жаттығулар орындау.
24-жаттығу. 1.Суреттегі заттардың атауларын жазу;
                        2.Сөздегі дауысты дыбыстар жуан ба, жіңішке ме екенін ажыратып айтқызу;
                        3.Сөздерді қатыстырып сөйлем құратып жаздыру; 
                        4. Құраған сөйлемдерін оқыту.
9.Сергіту сәті.Адымдаймыз, адымдаймыз,
                      Қолды биік көтереміз,
                      Басымызды түзу ұстап,
              Баяу терең демаламыз.
              Қарасақ алау жанында,
              Ұядан түскен балапан.
              Еппен алып, ұяға
              Саламыз оны қайтадан.
2-тапсырма.    Дала,қыс,өрнек,аяз,түлкі,балалар,ойын,жүгірді, Кәрім
1 Сөздерді жуан,жіңішкеге ажырату
2Дыбыстық талдау жасау
3Сауатты жазу
4Көркем жазу
 
10.Қорытындылау
-Қандай мәтінмен таныстық?
-Кәрім қандай бала?
-Намыс деген не?
-Жуан дауыстыларды ата
-Жіңішке дауыстыларды ата
11.Бағалау. Бағалау парақшалары арқылы тақтада жұмыс жасаған балаларды бағалау
12.Үйге тапсырма:    17-18 бет оқу,  25- жаттығу жазу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстар
Фонетикалық талдау
Фонетика
Дауысты дыбыстар
Жуан және жіңішке дауыстылар
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Жіңішке дауысты дыбыстар.Төлдер.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5239 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык