Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.


Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

 Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу; өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту; оқушыларды бір-біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу.       Слайд1

Сабақтың көрнекілігі:  суреттер,сызба,слайд

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру.
  • Балалар біз қазір бәріміз орнымыздан тұрып мына өлеңді айтып көрейік:

Қарлығаш боп ұшамыз,

Көкке қанат қағамыз

Аспанда біз қалықтап,

Ұшып-ұшып аламыз.

  • Ал енді естеріңе сақтаған өлеңді дәптерлеріңе көшіріп алыңдар.
  • Өлең ішіндегі дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
  • Енді маған айтыңдаршы қандай құстарды,құрт-құмырсқаларды   білесіңдер?(оқушылар атап береді).
  • Өте жақсы сендер біледі екенсіңдер.
  • Жаңа сабақ.
  • Бүгінгі жаңа сабағымыздың аты:Құмырсқа мен көгершін.Слайд2

Оқулықпен жұмыс.

а)     Әңгімені мұғалімнің оқуы.

ә) Оқушылардың оқуы.

б)Тізбектей оқыту       

в)Сөздік жұмысы: сусап - шөлдеп

г)     Слайд3

        Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әңгіме не жайында айтылған?
  • Құмырсқа қайда келеді?
  • Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
  • Құмырсқа көгершіннің көрсеткен жақсылығын қайтарды ма?

Сурет бойынша әңгімелеу.   Слайд4

62, 63-жаттығулар орындалады.

Сергіту сәті.

Қосымша  тапсырма:

 Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып мақалды оқу. Мақалдағы жұп дауыстыларды табу.

К..та..      алт..н   қа..ы..а.

Өн..р ал..ы қы..ы..   т..л.

Ұйқасын тап.  Слайд5

Толықтыру тесті.

Білмейтұғын ұзауды,

Шақырамын .... —► бұзауды

Оқушыларға дауысты дыбыстардың астын сызу тапсырылады.

Сәйкестендіру тесті.

Мына берілген сөздерге тиісті әріптерін қойып, сәйкестендір(бағыттарын көрсет).

сызғ...ш

кірп...ш                                    і

өш...рг...ш

қ...рғ...ш                                  ы

...лг...ш

с...йл...қ

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Құмырсқа мен көгершін.
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Фонетикалық талдау
Фонетика
Дауысты дыбыстар
Жуан және жіңішке дауыстылар
Намыс. Жуан және жінішке дауысты дыбыстар.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2797 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык