Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Алтын күз"


"Алтын күз"

    "Алтын күз"

  Жүргізуші:   Алма, өрікті қамбаларға

                       Толтырыпты алтын күз

                       Шәкірт болып парталарға

                       Отырды кеп - алтын күз.

                       Бұлт болып та Алатауға

                       Байланыпты алтын күз

                       Дастарханда таба нанға

                       Айналыпты алтын күз.

 - Армысыңдар,  құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің балабақшамызда өткелі отырған "Алтын күз" мейрамына қош келдіңіздер.

  Жүргізуші:   Өрік, алма,

                                     Шие, алша,

                       Жидек, жүзім піседі.

                       Қауын, қарбыз,

                       Қияр, сәбіз

                       Дүкендерге  түседі:

                       Астық пісіп,

                       Ортақ түсіп,

                       Қырман дәнге толады.

                       Бөбектерім, айтыңдаршы!

                       Бұл қай кезде болады? (Балалардың жауабы)

  Жүргізуші:- Балалар, сендерге күз ұнай ма?(Балалардың жауабы)

 Жүргізуші:- Күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?(Балалардың жауабы.Осы сәтте жүргізушінің ұялы телефоны шырылдайды)

Жүргізуші:-  Алло, иә. Саламатсыз ба, Алтын күз! Бізге қонаққа келемін дейсіз бе? Келіңіз, келіңіз. Біздің балалар қонақ күткенді ұнатады. Ендеше көріскенше, сау болыңыз! (Телефонмен сөйлесіп болған соң)

Жүргізуші:-  Балалар, маған жаңа ғана Алтын күз телефон шалды. Бізге қонаққа келеді екен. Сондықтан, балалар, алтын күзді қуанышты көңіл-күймен қарсы алайық.

         Тақпақ

Жүргізуші:-  Біздің балалар күз ерекшеліктері туралы "Листочки" әнін біледі. Осы әнмен күзді қарсы алайықшы.

          Ән "Листочки"(Әннің соңында күз бұлтпен келеді)

Күз: - Саламатсыздар ма, менің кішкентай ғана бүлдіршіндерім, мені аялаған достарым. (Балалар амандасады)

Күз:- Балалар,мен сендерге Қыс деген ағайымнан, көктем, жаз деген апайларымнан үлкен сәлемдемелер әкелдім. Олар мына ашық аспанымыз, жарқыраған күніміз, піскен егін мен жеміс -жидектеріміз.   Балалар, кәне кім айтады екен. Мені не себептен Алтын күз деп атайды? (Балалар тақпақпен жауап береді)

1-бала

 Талымды келісті,

 Тойлады жемісті! 

 Береке салты күз,

 Мереке- алтын күз!

2-бала

Қауын-қарбыз жемістермен

Толтырамыз қол себетті

Алтын күз деп аталады

Күз айы да сол себепті.

Күз: - Жарайсыңдар, балалар. Мен туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (Балалар жауабы)

Жүргізуші: - Балалар, біз алтын күзге арнаған өнерімізді көрсетейік.

  Тақпақтар

Жүргізуші: - Енді, Алтын күз, балаларымыздың биін тамашалаңыз.

     Би "Антошка"

 Тақпақ:  Алақай-ау. алақай

                 Шаттанды балақай.

                 Жез түсті, күз түсті.

                 Жөн үсті, дән пісті,

                 Жер берді жемісті,

                 Игерді ел егісті.

          Ойын: "Не қайда өседі?"

Жүргізуші: - Балалардың Алтын күзге арнаған өнерлерін әрі қарай тамашалайық.

Ән: "Күз келгенде"

 Жүргізуші:

   Ұшты талдан жапырақ,

   Сары көбелек секілді.

   Аспанда жай шарықтап,

   Тамшы жерге секірді.

 Би: "Көңілді жаңбыр"

   Ел егінін орады,

 Қырманға дән толады.

 Біздің дала - бай дала

 Алтын астық айнала   (Желдің дыбысы естіледі)

 Күз: - Балалар, желдің гуілін естимісіңдер? Мені бауырларым шақырып жатыр. Басқа сендер сияқты бүлдіршіндерге баруым керек. Балалар, бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар. Мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер. Сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар!  (Осылайша бұлтқа қайта мініп жел дыбысымен шығып кетеді.)

 Жүргізуші: - Балалар, сендерге Алтын күз мерекесі ұнады ма? (Балалардың жауабы) Күздің берген сыйлығы ұнады ма?(Балалардың жауабы)  Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күн бұлтпен қонаққа келеді
«Алтын күз»
Алтын күз мерекесінің сценарийі
Алтын күз
"Алтын күз" мерекесі.
Армысың алтын күз
Берекелі күз – мерекелі күз
Берекелі, алтын күз Мерекелі, алтын күз
Алтын күз
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2394 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык