Блог цифрового кочевника kochevnik.digital
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6811 |
|
|
|
Алтын күз
Алтын күз (сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, экологиялық тәрбие беру. Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: «Алтын күз» атты плакат, жіпке тағылған жапырақтар,шарлар
Барысы: 1. Сәлемдесу (өзін-өзі таныстыру)
2. Жұптар вальсі.
3. «Күз» тақырыбында эссе жазу.
4. «Күзгі сән» (табиғи заттардан киім үлгісін көрсету)
5. «Күзге арнау» (өз өнерін көрсету)
6. «Күзгі дәм» (дақылдардан түрлі тағам дайындау)
7. Күзгі балл патшасы мен патшайымының үкімі.
Музыкалық фон- ж.д.-59 тр.
Жүргізуші: Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық.
Сайыста көңілденіп қол соғайық!
Құрметті оқушылар мен қонақтар!
Бүгінгі «Алтын күз» атты байқау кешімізге қош келіпсіздер! Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз,бүгінгі «Алтын күз» байқауынан күз ханзадасы мен ханшайымын шығару.
Жүргізуші: Мереке бүгін,күздің міне келгені
Күздің бізге бақыт-байлық бергені.
Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»
Бәрімізді қуаныш күй тербеді.
Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз,
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз,- дей отырып,ортаға қатысушы жұптарды шақырайық!
Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз,
Ал,енді,сіздер рұқсат етсеңіздер,
Қанекей,жұптар сайысын бастайық біз.
Енді сайыс бағдарламасымен таныстырып өтейін:
1. Сәлемдесу (өзін-өзі таныстыру)
2. Жұптар вальсі.
3. «Күз» тақырыбында эссе жазу.
4. «Күзгі сән» (табиғи заттардан киім үлгісін көрсету)
5. «Күзге арнау» (өз өнерін көрсету)
6. «Күзгі дәм» (дақылдардан түрлі тағам дайындау)
7. Күзгі балл патшасы мен патшайымының үкімі.
(Әділ-қазылар алқасымен таныстыру)
Жүргізуші: Деген екен қазақ халқы сәлем сөздің анасы,
Біледі оны еңкейген қарт,еңбектеген баласы.
Амандасу-ізгіліктің,сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? – дегендей,
1-ші тур: «Сәлемдесу» (әр жұп өздерін таныстырады)
Әділ-қазылардың 1-ші турды бағалауы.
------------------------------------------------------------------------------------------------
2-тур: «Жұптар вальсі» (жұптар ортаға шығып вальс билейді) Музыкалық фон- тр:
Әділ-қазылардың 2-ші турды бағалауы.
-----------------------------------------------------------------------------------------------
3-тур: «Күз» тақырыбында эссе жазу.
Бұл турда әр жұп өздері жазып келген «Күз» тақырыбындағы шағын әңгімелерін оқиды.
Әділ-қазылардың 3-ші турды бағалауы.
-----------------------------------------------------------------------------------------------
4-тур: Сәнқой болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде шырайда,-деп келесі кезекте «Күзгі сән» үлгісі.
(Музыкалық фон- «Таң жаңбыры»- ж.д.-56)
Әділ-қазылардың 4-ші турды бағалауы.
-----------------------------------------------------------------------------------------------
5-тур: «Күзге арнау» (өз өнерін көрсету)
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып,биді билеп,жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші,құрбыларым,кәнекей,
Сөз берелікжұптарымызға жекелеп.
(жұптарды өз өнерлерін көрсетуге ортаға шақырамыз)
Әділ-қазылардың 5-ші турды бағалауы.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
6-тур: «Күзгі дәм» (үйге берілген тапсырма бойынша дақылдардан түрлі
тағам дайындау)
Әділ-қазылардың 6-ші турды бағалауы.
----------------------------------------------------------------------------------------------
Құрметті қонақтар! Біздің бүгінгі байқауымыздың барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске берейік.
Ән: --------------------------
------------------------------------------------------------------------------------------------
Өмір күрес,жеткізе ме мұратын,
Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,
Жан болсаң сен ұғатын.
-Ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық.
Жүргізуші: -Құрметті халайық! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Дәл осы сәтте сіздердің алдарыңызда Күзгі балл патшасы мен патшайымын тағайындаймыз. Патша мен патшайымды ортаға шақырамыз!
Cайыстың түрлері.
Кеңесхан мен Ақкенже.
Никита мен Лейла
Женя мен Света
«Сәлемдесу» (әр жұп өздерін таныстырады)
«Жұптар вальсі» (жұптар ортаға шығып вальс билейді)
«Күз» тақырыбында эссе жазу.
«Күзгі сән» үлгісі.
«Күзге арнау» (өз өнерін көрсету)
«Күзгі дәм» (үйге берілген тапсырма бойынша дақылдардан түрлі тағам дайындау)
Күзгі балл патшасы мен патшайымының үкімі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |