Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2641 |
|
|
|
Арайлы алтын күз
Арайлы алтын күз
Мақсаты: Бастауыш сыныптар арасында өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты мерекелік шарасына қош келдіңіздер. Берекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазық даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
1.Күз тақырыбына өлеңді мәнерлеп оқу (әр сыныптан 1 оқушы шығады) .
2 .Күзгі сән үлгісі (өз шығармашылықтарын көрсету) .
3. Жапырақтарға жан бітеді ( аппликация жасау ) .
4. Қабырға газетін шығарып ілу .
5. Күз кереметі (көкөніс , жемістерден көрме ұйымдастыру) .
6. Қас қағым сәт ( сұрақтарға жауап беру ) .
Мерекелік шара болса да әділ қазылар әр кезеңге қатысқан оқушыларға баға беріп отырады .
Әділқазыларды таныстырып жіберейін :
1.Мектеп кітапханасының меңгерушісі : Лаура Рашқызы
2.Мектеп кітапханашы : Данагүл Қанатқалиқызы
3.Бастауыш сыныптардың психологы : Нұрзипа Макарқызы
4. Даярлық топтың мұғалімі : Гүлшат Мержанқызы
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты мерекелік шарамыздың бірінші кезеңіне кезек берейік күз тақырыбына өлеңді мәнерлеп оқу .
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте күз сән үлгісі.
Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Сымбатты , сұлу ,салмақты , ақылды оқушыларымыздың өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін тамашалайық .
3 кезеңі «Жапырақтарға жан бітеді» мұнда оқушыларға жапырақтар беріледі әрқайсысы кез келген бір бейне шығарып , аппликация жасау керек .
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз.
Келесі бөліміміз «Қас қағым сәт»деп аталады. Мұнда сұрақтарға тез жауап берулеріңіз керек.
Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты мерекелік шармызды аяқтаймыз. !!!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |