Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5031 |
|
|
|
Кітап- сарқылмас қазына
Кітап- сарқылмас қазына
ертеңгілік 3,4 сыныптар
Мақсаты: Оқушыларға «Кітап –сарқылмас қазына
екенін білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оған деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнектілігі: нақыл сөздер, суреттер,слайдтар.
Кітапханашы: Той басталды халайық,
Үміт отын жағайық.
Кітап күнін ұлықтап,
Биден шашу шашайық!
Би: «Қуыршақ » 3сынып қыздары.
Кітапханашы:
Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін,- деп
жазушы М.Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар білім көзі, рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.
1-оқушы: Кітап-рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
2-оқушы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.
3-оқушы: Кітапты жыртпай, кірлетпей , бүлдірмей таза ұстап , оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
4-оқушы: Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мулкі.
Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы,өмір көркі.
5-оқушы: Саған білім жемісін,
Оқулығын береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аяғы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
6-оқушы: Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
Заводтарда күн-түні,
Қағаз жасап бағалы,
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
7-оқушы: Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
8-оқушы: Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
9-оқушы: Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау, еш бірақ,
Қаншама еңбек еткенін.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Ән: «Бала тілегі »
Кітапханашы: Кітап адам өміріндегі аса маңызды роль атқарады. Ол елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға,мейрімділікке, төзімділікке тәрбиелейді.Кітап жаман
әдеттен аулақ болуға шақырады. Кітап бізге ақыл-кеңес,
тәлім-тәрбие, улгі өнеге береді.
«Науқас кітап» көрініс: 3сынып оқушылары
Кітап шығады: Оқы талмай, түй санаңа, жасбөбек,
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.
Таза ұста, оқы мені қастерлеп,
Бар білімді мен беремін миыңа.
Кітапханашы: Мақалшы аталатын кезде келді
Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді
Кәнеки шын шешенді бір табайық,
Үйреткен бұл өмірге өзгелерді.-деп
Кітап, оқу, білім туралы мақал-мәтелі-
мізді бастаймыз.
Оқушылар мақал-мәтелдерін айтады.
Кітапханашы: Кітаптар бейне жапырақ,,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жатып ап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Айдыны шалқар кейде бір
Кітапты тұнған көлдерсің
Ауадай қажет бейне бұл
Таппасаң нәрін шөлдерсің.-деп
ендігі кезекті жұмбақ шешуге берейік.
Оқушылар жұмбақ шешеді.
Кітапханашы: Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады
деп кезекті еретегіге берейік.
Ертегілердің суреттерін көрсету.Ертегінің атын тауып,
кейіпкерін ата.
Кітапханашы: Жайнатып жанымызды,
Келтіріп сәнімізді
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді-деп
«Ертегілер» әні орындайтын Айдана.
Кітапханашы: Балалар бүгінгі ертеңгілігімізден көп нәрсе үйрендік. Кітап балаларға білім, жан-жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен, ертегімен таныстырады. Сондықтан «Кітап білім бұлағы», «Кітап сарқылмас қазына», «Кітап рухани азық» деп бекер айтылмаған.Балалар кітаптың да арманы бар. Оларда лас ұқыпсыз оқырмандардың қолына түскісі келмейді. «Білімге қызығатын ұқыпты балалардың қолына түссем» деп армандайды.
Пайда ойлама ар ойла,
Талап қыл , терең білуге,
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге ,- деп
Абай атамыздың сөзімен бүгінгі
ертеңгілігімізді аяқтаймын
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |