Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кітап қайдан шығады?


Кітап қайдан шығады?

Сабақтың тақырыбы: Кітап қайдан шығады?


Мақсаты:                                      1. Оқущыларды  алғашқы  кітаптың   шығу
                                                         тарихымен   таныстыру.   Кітаптың    адам
                                                         өміріндегі   маңызы,  ғылым  мен  білімнің
                                                         пайдасы жайлы түсіндіру;
                                                         2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін
                                                         дамыту. Сабаққа деген ынталарын арттыру;
                                                         3. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
                                                          Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың түрі:                                аралас сабақ
Сабақтың әдісі:    ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:                    суреттер,  мақал-мәтелдер, тірексызба,  кітап
көрмесі.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Көңіл ашар
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да,
Шуақты көктем нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.
Сәлеметсіз бе, күн!
Сәлеметсіз бе,  жер!
Сәлеметпіз біз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Өткенді пысықтау
1) «Гүл теру» ойыны. ( тарау бойынша сұрақтарға жауап алу)
-    Алғашқы мұғалім адамға неге ыстық?
-    Мектептен алған біліміңнің қандай пайдасын көрдің?
-    Халқымыз жігіт адамның неше жұрты бар дейді, олар қайсылар?
-    «Отабасы-шағын қоғам» деп неге айтамыз?
-    Отбасына байланысты қандай мақал-мәтелдер білесің?
-    Мақалдың жалғасын тап.
Мектеп кеме, білім теңіз.
2) «Алғашқы мұғалім» тақырыбында шығарған өлеңдерін, әңгімелерін оқыту, мақал-мәтелдер сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
 Жұмбақ жасыру
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлгісін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.
Бұл не?(кітап)
-    Сонымен, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Кітап қайдан шығады?
-    «Күш – білімде, білім неде?»
-    Кітапта
-    Онда, кітаптың шығу тарихы туралы сыр шертісейік.
   Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап ақылдың кені. Кітап- бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
-    Ендеше, кітап қайдан шықты?
- Қазір сендер, өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер, алдарыңда қағаз жатыр, сендер оқу білмейсіңдер, ал біз айналамызда болып жатқан құбылыстарды, заттарды қалай жазар едік?
-  Қане, құс деген сөзді қалай жазар едіңдер? Ағаш, бұлт, күн, көз т.б.
- Қалай жаздыңдар?
- Суретін салдық, бейнеледік, таңбаладық.
- Бұл таңбалар ироглифті жазбалар деп аталады. Ал ол кездегі жазу құралы тас көмір, күйе болған.
    Алдымыздағы кітаптар бірден пайда болмаған. Алғашқы кезде кітап болмаған кезде адамдар тасқа қашап жазған. Қазақ тарихында тұңғыш кітап 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.
қыш тақта            Кітап     мұқабалы кітап
папирус         пергамент


IV.Оқулықпен жұмыс
-    Мәтінді түсініп оқу.
-    «БҮҮ» кестесін толтыру

Білемін    Үйренгенім    Үй       Үйренгім келеді
        

Топпен жұмыс
 1-қатар: Папирус, Пергамент туралы.
 2-қатар: Балшықтан, тастан жасалған кітап туралы.
 3-қатар: Компьютерлі кітап басылымы туралы.              
-    Мәтін бойынша сұрақ-жауап
-    Алғашқы кітаптар қандай болған және олар не нәрселерге жазылған?
-    Бұрын кітаптар неге қолмен көшірілді?
-    Кітап алғаш қалай басылған, қазір қалай басылады?
-    «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы»  дегенді қалай түсінесің?
-    Кітап туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?
- Сергіту сәті
- Не бірінші?
1. Мұғалім, сабақ, қоңырау.
2. Кітап, баспа, жазушы.
3. Тамыр, өсімдік, сабақ.
4.  Күнделік, мұғалім, баға.
5. Күн, ұйқы, түн.

- Ой қозғау
- Кітап бізге не үйретеді?
              42 әріпті үйретеді                                                  халықтың тарихын үйретеді

жақсылыққа баулиды                                                                     білім  береді


   ұлы адамдармен  танысамыз                                        мақал-мәтелдер, жұмбақтар
                                                                                                    үйретеді       
-    Ендеше кітап керек пе?
-    Кітапты біз қалай ұстауымыз керек?

-    «Кітаптар мұңы». Көрініс.

V. Қорытынды
-    «Бұл не деген жұмбақ?»
   Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір нақыл сөз оқи аласыңдар.
  р  т  қ   ғ  л  м  к  т  п т        а  ы  ы  ы  і  а  а, е  і  е  о  ы   ө  у  е.   
р  н  б  қ  п  к  р  г
Шешуі: «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге.»
                                                                                ( Абай)
VІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. «Білім көзі-кітапта» тақырыбына эссе жазу.
VІІ. Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Пп"дыбысы мен әрпі
«Кітап-сарқылмас рухани әлем»
Кітап-біздің досымыз
Адамның досы.
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Кітап- сарқылмас қазына
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Кітап қайдан шығады
Білім көзі – кітапта
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4965 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык