Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2234 |
|
|
|
Өмірді танып білуге құштарлық
Тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық
Пән мұғалімі: Шаменова Зинат
Күтілетін нәтиже: Өміо ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу, өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру..
Кіріктірілген модульдер:Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, оқу үшін және оқыту үшін бағала, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, АКТ, оқу мен оқыту басқару және көшбасшылық
Уақыт Тақырыбы.
Негізгі мақсаты Мұғалім іс - әрекеті Оқушы іс - әрекеті Сілтемелер
2 минут Өмірді танып білуге құштарлық
Өмір ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу, өмірді танып білуге құштарлықтарын,қызығушылықтарын арттыру, өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге талпындыру. Ұйымдастыру кезеңі
« Шаттық шеңбері»
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жадырап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызжы бастаймыз
Топқа бөлу
«Адам болғым келкді»
Оқу құралдарын дайындап, сабаққа ден қояды.
Өлеңнің мазмұнына қарай отырып топқа бөлінеді 1. Интер. Тақта. Слайдтар
2. тематикалық проблемлар жазылған карточкалар
3. Постер
4. қағаздар
5. топпен жұмыс
3 минут Релаксациялық тәсіл Өзіммен өзім. Көздіжұмып,еркін отыру арқылы табиғат әсемдігін сезіну, болашаққа сеніммен қарау Әсем ән
8 минут Ой қозғау ІІӘңгімелесу.
-Өмірді тану не үшін қажет?
-Өз қызығушылықта -рың туралы әңгімелеу
-Адам өмір сүруді кімнен,қалай үйренеді?
-Адамға өмірде не қымбат? Топ басшыларының жауабы (топтың түйіні)
8 минут
Джигсо әдісі
Мәтінмен жұмыс. I Нұртастың өмірге деген көзқарасы қандай?
ІI Қария «өмірді сүю керек» дегенін қалай түсінесің?
ІIІ Әңгімені қалай жалғастырар едің
IVНұртастың басқа адамдарды көруі қалай әсер етті.
Қолдану
Әр-бір кідірістен кейін оқушының ойын тыңдау
2 минут Сергіту сәті
10 минут VІ.Ойын жаттығуПостер әдісі І топ Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер?
IІ топ Өз бойларыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезіндіңдер?
IІI топ Өмірді сүю неге жетелейді?
ІV топ Адамға өмірді танып білу не үшін қажет?
Әке шеше, достар, ұстаз, сыныптастарым.
Үлкенді сыйлау, кішіге құрмет, қамқорлық, достармен тіл табысу,жақсы оқу.
Жақсы өмір сүру, шыдамдылық, төзімділік.
Жақсы өмір сүруге, айналаға қамқорлықпен қарауға. Бейне көрініс
5 минут VІІ. Дәптермен жұмыс
1 тапс. «Менің бақытты болуым үшін»
2 тапс. «Бақытты балалық шақ»
Эссе
Бейнелеу арқылы ойын қағазға түсіру
3 минут VІІІЖаңа ақпарат Адам айналасын танып білу арқылы , өмірге құштарлығы артады, өз болашағына сенімді болады
2 минут VІІІ. Критериялды бағалау Оқушылардың сөйлеуіне, топпен жұмыс, жеке жұмыс жасағанына, белсенділігіне қарай мадақтау Мадақтау:Топбасшылар өздерінің құрдастарының белсенділігіне қарай әділ мадақтайды
Сигналды дөңгелекшелер
2 минут ІХ Жүректен-жүрекке ән «Біз өмірдің гүліміз» АТҚ
Қорытынды Не үйрендік?
Нені білгім келеді?
Не ұнады? Өз ойын білдіру парақшалар
Тұлғаны әлеуметтендіру факторы –көптілділік
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан реформаның ең басты мақсаты – осы.
Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайы қашан да басты назарда тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Тіл туралы» заңдарға, сонымен қатар биылғы жылы бүкілхалықтық талқылауға түсіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білі беруді дамыту тұжырымдамасына» сәйкес еліміздің жас ұрпағы алдына мемлекеттік тіл – қазақ тілін, орыс тілін және шетел тілдерін білу міндеті қойылып отыр. Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту проблемалары жөнінде республикалық кеңес өткізілді. Республикадағы білім беруді басқару органдарының басшылары, жаңашыл ұстаздар, оқулық авторлары, осы мәселелерді зерттеп жүрген әдіскер – ғалымдар, республикалық педагогикалық басылымдардың бас редакторлары, Қазақ білім академиясы мен Республикалық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтының басшылары қатысқан кеңесте тілдерді оқыту саласындағы көкейкесті проблемалармен қатар алғаш рет шетел тілдерін ерте жастан оқыту, үш тілде білім берумәселелері көтеріліп, талқыланды.
Бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан қазіргі кезде ендігі жаңа буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдері мен орыс тілін жақсы білу – өмір талабы. Жоғарыда аталған кеңеске қатысушылар қабылдаған ұсыныстарға сәйкес ағылшын тілін 2 – ші сыныптан бастап оқыту және бір мезгілде үш тілде білім беру эксперименттерін бастау туралы шешім қабылданды. Бір мезгілде үш тілде оқыту республика мектептерінің жаппай барлығында енгізілмейді. Балалардың қабілет – бейімділігіне, табиғи таланттарына, қызығушылықтарына қарай таңдауына мүмкіндік беретін инновациялық білім ұйымдарының бір түрі ретінде әр аймақта 1 – 2 мектептен ашылады. Оларға оқушылар конкурстық негізде қабылдануы тиіс. Жоғарыда аталған үндеуде жазылғандай, эксперимент тек орыс тілінде оқытатын мектептерде емес, қазақ тілінде оқытатын мектептерде қатар басталады. Және ағылшынтілін меңгеру қазақ тілінде оқытатын мектепте орыс тілінің негізінде емес, тіл үйретудің ғылыми – әдістемелік талаптарына сай баланың ана тілін негізге алады.
Бастапуыш сыныптарда Әліппені оқытуда, әліппе дайындық кезеңде оқушылардың сөйлеу қорын дамытуда ойын элементтерін, логикалық ойлау элементтерін пайдаланудың негізі зор.
Мысалы: Ойна да ойлан. Орыс тілінде:
Смех – күлкі рука – қол
Лиса – түлкі щука – шортан
Ағылшын тілінде: сәлем – привет – hello
Әлем – мир – world
Интегрированный урок жаңа сабақты түсіндіруде, мысалы: қазақ тілінде а дыбысының атылуын алма сөзінің а дыбысынан басталатынын түсіндіреді, орыс тілі пәнінің мұғалімі орыс тілінде А а, яблоко; ағылшын пәнінің ырғағына назар аударады. Сергіту сәттерінде екі немесе үш тілде ұйымдастыруға болады.
Мысалы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман!
Пусть всегда будет солнце,
Пусть всегда будет небо,
Пусть всегда будет мама,
Пусть всегда буду Я!
Lettherealways be sunshine
Let there always be sky
Mum will always let
I always let!
Математика пәнінде қолданылатын сергіту сәтінің маңызы зор.
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып – жұмамыз,
Содан соң қолды түсіріп,
Иықты керіп жіберіп,
Алақанды ұрамыз.
Ағылшынша санаймыз.
One, two, three, four
Mary`s at the Cottage door,
Five, six, seven, eight
Eating cherries off a plate
А. Роибакиев атындағы мектеп гимназиясы көп тілді және билингвальді білім берудегі іс тәжірибесі оқушыларға білім беруде үлкен мәні бар екендігіне көз жеткіздік.
Сабақ кезеңдері:
І кезең:
Ұйымдастыру кезеңі Ана тілінде
ІІ кезең:
Үй тапсырмасын сұрау екі немесе үш тілде
ІІІ кезең:
Жаңа тақырыпты түсіндіру ана тілінде
ІV кезең
Пысықтау мемлекеттік тілде
Осындай сабақтардың қазіргі таңда қолданылуы сапалы білім, үздіктер саны көбейгенін көрсетті.
Мұндай нәтижеге жету үшін мектепті қаржыландыру, техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, соның ішінде сынып бөлмелерін компьютерлендіру. екінші мәселе мектепішілік кадр мәселесін дұрыс жолға қою, бірінші және екінші деңгейдегі мұғалімдердің санын арттыру. Келешекте кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында «Тұлғаны әлеуметтендіру факторы - көптілділік» тақырыбындағы біліктілік курстары жиі ұйымдастырылса.
Топтық жұмыс талдау, салыстыру, қорғау жұмыстарын әріптерді дұрыс жазу т.с.с тапсырмалар оқушылардың үш тілділігін дамытады, сөздік қорын көбейтіп оқуға деген ізденушілігі, құштарлығы артады.
І топ: алма
ІІ топ: яблоко
ІІІ топ: apple топқа бөлініп отырады.
Тапсырма: топқа берілген атын қорғау.
Қазіргі дүниеде қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден – бір фактор – тіл. Озық ойлы адамдар қай заманда да бір елдегі бірнеше мәдениеттің, тілдердің қатар өрістеуіне үлкен мән берген.
Басқа елдермен бейбіт қатар өмір сүріп, ынтымақтастық орнату үшін, сондай – ақ әлемдегі тіршілік тынысын, толассыз аққан ақпарат ағынынан хабардар болуы үшін де Қазақстанның жас ұрпағының басқа елдің тілін білуі аса маңызды. Бүгінгі жаппай ақпараттандырылған дүниеде өзгелермен қарым – қатынасқа түспей оқшауланып өмір сүру мүмкін емес. Ұлы Абайдың ХІХ ғасырдың өзінде – ақ «... Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» , - деп, өзгенің тілін үйренуді өсиет еткені белгілі. Шетел тілдерін оқыту әдістемелері дәстүрлі үлгіде, бір ерекшелігі – оқу сағаттарының көлемі ауқымды. Сонымен қатар міндетті түрде әрбір тілдің шыққан отанына: Лондон, Париж, Будапешт, Мадрид сияқты қалаларғаМадрид сияқты қалаларға оқушыларды апарып отырады. Австриялық әрбір гимназия бітіруші кемінде үш тілде, кейде одан да көп тілдерде еркін сөйлейді.
Бірнеше тілде білім беру біздің еліміз үшін жаңалық емес. Елімізде үш тілде дарынды балаларға арналған 30 – ға жуық мектеп – интернаттар, 8 Назарбаев зияткерлік мектептері, 32 қазақ – түрік лицейлері, көп тілде білім берумен айналысатын өзбек, ұйғыр, тәжік мектептер және жекеменшік мектептер. Жаратылыстану – математикалық пәндерін ағылшын тілінде оқыған дарынды оқушылар халықаралық білім сайыстарында еліміздің туын желбіретіп, ел мерейін өсіріп жүр.
Қазақ – түрік лицейлерінің түлектері бірнеше тілді меңгергендіктен, қазіргі кезде Еуропа, Америка, Түркия сияқты әлемнің 18 елдерінде білім алуда.
Еліміздегі орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде 2000 жылдан бері қазақ әдебиеті пәні қазақ тілі негізінде оқытылады. Қазақ әдебиетімен қатар Қазақстан тарихының сабақ фрагменттерін қазақ тілінде оқыта бастаған жекелеген орыс мектептері бар. бұдан әрі қазақ емес тілде оқытатын мектептерде қазақ әдебиетін, Қазақстан тарихы мен географиясын қазақ тілінде, сондай – ақ музыка, технология мен бейнелеу өнері сабақтарын мемлекеттік тілмен кіріктіре (интегрированные уорки) оқыту тәжірибесі кеңінен енгізілуі қажет.
Мемлекеттік тіл бүгінгі күні оқыту тіліне, типіне, түріне қарамастан, еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерде оқытылады.
Мектептегі мемлекеттік тілдің оқытылу проблемаларына байланысты пікір айтушылар көбіне оның ахуалын орыс тілімен салыстырады. Бұл екі тіл атқаратын әлеуметтік қызметтері жағынан болсын, қоғамдағы қолданыс аясы, өйткені мен бүгінгі жайы болсын екі түрлі екендігін ескеру қажет. Қазақстанда ХХ ғасырдың басынан бері, әсіресе кеңестік дәуірде басымдықпен оқытылған орыс тілінің негізгі мақсаты толық жүзеге асырылған, оқыту ісі бір жүйеге түскен. Ал қазақ тілінің басқа ұлт өкілдері үшін міндетті пән, міндетті емтихан ретінде белгіленіп, үлкен қамқорлыққа ие болуы тек соңғы 15 жыл аумағындағы тірлік.
Осы орайда, қазақ тілінің ең алдымен ана тілі ретінде оқытылып үйретілуі ұлт болашағы, мемлекеттің ертеңі үшін аса маңызды. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептер желісі кеңейді. Қадыр Мырза Әлі айтқандай, тіл бала тіліне айналмай, ана тілі бола алмайды. Ендеше, әрбір жаңа буын жас толқын арқылы қазақ тілінің рухы нығайып, қуаттанып келе жатқаны – бұл да бүгінгі күннің шындығы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |