Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 9928 |
|
|
|
Топырақтың маңызы
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың маңызы
Сабақтың мақсаты:Топырақ.Оның қасиеті мен маңызы,құрамы,құнарлылығы жайында түсінік қалыптастыру.
1.Топырақтың табиғаттағы маңызы туралы,олардың түрлері туралы,бүкіл табиғаттағы алатын орнын ұғындыру.
2.Топырақсыз тіршілік болмайтынын меңгерту.Топырақ туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
3.Өз елін,жерін,табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Түрі:жаңа сабақ
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,ойын техн.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар,тал суреті,тәжірибеге қажетті құралдар.
Сабақтың өту барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Психологиялық ахуал
Қоршаған орта-табиғат,
Жануар,өсімдік,адамзат.
Сүю,қорғау-парасат,
Білейік мұны –жамағат.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Қазір қай мезгіл?
-Күз.
-Күз туралы не білеміз?
Сиқырлы қоржындардан сұрақтар алып үйге берілген тапсырманы тексеремін.
1.Су туралы не білеміз?
2.Судың неше күйі бар?
3.Судың қасиеттерін ата.
4.Күнделікті өмірдегі судың маңызы қандай?
5.Су туралы мақалдар айт.
6.Судың түсі қандай?
7.Судың табиғаттағы маңызы қандай?
8.Суда еритін және ерімейтін заттарды ата.
ІІ.Жаңа сабақ.
Сабағымызды сөзжұмбақ шешу арқылы бастаймыз.
1.Айналадағы бізді қоршаған орта қалай аталады?
2.Айналадағы төрт тұстың бірі.
3.Жұлдыздар мекені
4.Адам тіршілігіне қажетті жағдайлардың бірі.
5.Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал не?
6.Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?
7.Есту мүшесі.
Сабағымыздың тақырыбы:Топырақ.
Адам біле бермейді жер қуатын,
Тек топырақ деп атайды оның атын.
Жерден сұра даналық;ізгілікті,
Жер емес пе біздегі ең ұлы ақын.
1.Мұғалім түсіндірмесі:
Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабатты-топырақ дейді.
Топырақтың құрамында не бар екендігін білу үшін тәжірибелер жасап көрсетемін.
1-тәжірибе.Бір кесек кебу топырақты стакандағы суға саламыз.Не байқадық?Көпіршіген не?Яғни топырақта ауа бар?
2-тәжірибе.Бір уыс топырақты темір қалбырға саламыз.Отқа қойып қыздырамыз.Оның үстіне шыны қоямыз.Шынының астыңғы бөлігінде су тамшылары пайда болады.Ол қайдан шықты?Яғни топырақта су бар.
3-тәжірибе.Шіріндісі жанып біткен топырақты стакандағы суға салып,араластырамыз.Лайланған суды тұндыруға қойдық.Біраздан кейін стакан түбіне шөккен шөгіндіні байқаймыз.Тұнбаның астында құм,бет жағында саз шөгеді.Топырақта саз,құм болады екен.
«Топтау»әдісі.
2.Дәптермен жұмыс.
1.Топырақтың құрамына не кіреді жаз:
1____________________ 4.__________________________
2____________________ 5.__________________________
3.Оқулықпен жұмыс.
1.Мәтінді тізбектей оқу.
2.Сұрақтарға-жауап алу.
5. «Білгенге маржан».
Қара топырақта қарашірік көп болады, егілгендән дақылдар мол өседі. Бозғыл топырақ құрамында қарашірік аз, сондықтан оны тыңайту керек.Тұзды топырақта өсімдік болмайды, тақыр болады. Өйткені тұзды жерде өсімдік өспейді.
Ауылшаруашылығы үшін құнарлы топырақ өте маңызды.Ең құнарлы топырақ-бұл қара топырақ.Топырақтың құнарлылығы жойылса астық,шөп шықпайды.
Топырақ неден бұзылады, неден құрып кетеді деп ойлайсыңдар?- проблемалық сұрақ.(балар ойларын ортаға салады.)
Сонымен топырақ шайылып, ұшып кетпеу үшін не істеу керек?
-өсімдік егу керек.
-ормандағы бұта, өсімдіктерді отауға болмайды
-жерге не ғұрлым су көп сіңсе, сол ғұрлы жер ылғалды болады
-сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын ұйымдастыру керек.
Топырақтың түрлері туралы түсінік беру.Егер топырақтың құрамында «құм»көп болса «құмды топырақ» деп атайды, ал егер «саз» көп болса «сазды топырақ» деп атайды.Бақша өсімдіктерін өсіргенде топырақты құнарландырады.Құнарлы топыраққа бақша өнімдері жақсы өседі.
6.Мақал-мәтелмен жұмыс.
Табиғатқа қатысты мақалдар айтып,мағынасын түсінейік.
1.Таза болса табиғат-аман болар адамзат.
2.Жері байдың-елі бай.
3.Жерге берсең-жер,бермесең қара жер.
4.Жер көңді жақсы көреді,ат жемді жақсы көреді.
ІІІ.Сабақты қорытындылау.
1.Тест
1. Топырақтың құрамына не кіреді?
А) ауа, су, қарашірік, тұз, құм, саз Б) құм, саз В) жәндіктер
2.Топырақ деген ...:
А)құм Б)саз В) жердің өсімдік өсетін беткі қабаты
3. Топырақ шайылып кетпеу үшін:
А) тазалау керек Б) өсімдік егіп, қар тоқтату керек В) қарашірік көп болу керек
4.Топырақтың түрлері:
А) қара топырақ, бозғыл, тұзды Б) тұзды В) қара топырақ
5.Топырақтың тау жынысынан айырмашылығы:
А) құнарлығы Б) түсі қара болуы В) өсімдік өсу.
2.Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі де түрлеше болады.Топырақтың қандай түрлері болады?
ІҮ.Сабақты бекіту.
«Бес жолды өлең» әдісі
Не? Топырақ
Қандай?сазды,құнарлы.
Не істейді? Қопсытады,құнарландырады,егеді.
Сөйлем.Топырағы құнарлы жерге өсімдік жақсы өседі.
Мәндес.саз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |