Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Электр құбылыстарына кайталау


Электр құбылыстарына кайталау

Сабақтың тақырыбы: Электр құбылыстарына кайталау

Сабақтың мақсаты: 
А) оқушылардың электростатика, тұрақты электр тогы бойынша теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, тәжірибе арқылы көрсету. Білімдерін тианақтау
Б) тақырыптарға сәйкес пәндік тілді сақтай отырып , оқушылардың, білім-білік дағдыларын дамытып, тақырыптың салымдылық, мүмкіншілігін (өмірмен  байланыстылығын) жетілдіру.
В) құралдармен жұмыс істеу кезінде техника қаіпсіздігін сақталуы, оқушының партада отыру гигиенасының сақталуын қадағалай отырып, физикалық құралдармен жұмыс істей білу дағдаларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ .
Сабақты өткізу әдіс-тәсілдері: Тәжірибие арқылы қортындылау сабағы  және  интеллектуалды ойын сабағы.
Көрнекіліктер: Электрометрлер, сфералық ыдыстар, шыны, эбонит таяқшалары, амперметр, волтметр, реастат, лампалар, таған, өткізгіш сымдар, кіліт, диэлектриликтер, құрбақа, темір, жез сымдар, мыс сульфаты, батария
Сабақтың барысы:
І-Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты үш ауылға бөліп тастаймыз , әр аулдан көсем сайлап аламыз. Сайланған көсем өз ауйлының тұрғынын жауабына қарай бағалайды 
Бірінші ауыл Физиктер ауылы
Екінші ауыл –Химиктер ауылы
Үшінші ауыл Биологтар ауылы
ІІ-Дайындық кезеңі
Екі оқушы автокөлікте саяхат жасап әр ауылда қонақта болады 
ІІІ-Саяхатқа шығу кезеңі. 
Мұғалім:
Құрметті  жолаушылар физика ауылына жеттік аялдамада түсетіндеріңіз  болса түсіңіздер.
Сабира мен Нұрлыбек аялдамада түсіп қалады. Олар физика ауылына келсе ол жерде той болып жатқан болады. Қандай тойға  келіп тұрғанына қызыққан Нұрлыбек  тойда жүрген қыздардан:
-Бұл неткен үлкен той екен? – деп сұрайды. Сонда бір қыз өзінің Есімін айтып неткен той екенін түсіндіреді:
-Алдымен есіміңіз кім? Менің есімім  Жазира бұл той біз физиктер Электр құбылысы тарауын жақсы меңгеріп үлкен жетістіктерге жеткенімізді сосын алғаш рет «Электр  тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы Андре Ампер Маридің  туғанына 232 жыл толғанына той жасап жатырмыз.
Жолаушының сөзі:
Кешірес атым Нұрлыбек сонда Электр құбылысы дегеніміз не өзі?
Физиктердің аулындағы бір тұрғғын өзін таныстырып түсіндіруге кіріседі. Физика аулының тұрғыны Сандуғаштің сөзі:
Электр құбылыстары бұл зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі мен  өріс арқылы туындайтын қозғалысқұбылысын айтамыз. Электр энергиясының көмегімен өзіміз туратын үйді қычтың күні жылытамыз,  ал жаздыңгүні ыстықта оны салқындатамыз, үнемі жарық жағамыз алыс қашықтықты сазды әуендер, ауызша сәлемдеме жолдаймыз,теледидардан түрлі кескіндерді көреміз, поэзд бен кемелерді, машиналарды, станоктарды қозғалысқа келтіреміз, тіптен адамдарды емдейміз, қышқылдардан  сұлфаттардан таза металды бөліп аламызжәне т. б. Көптеген аса маңызды істерді жүзеге асырамыз, Электр энергиясын пайдаланусыз, ғылыми прогрессте  әр түрлі электр аспаптарын қолданатын біздің тұрмыс тіршілігімезде мүмкін емес.
Нұрлыбек
-Біздің өмірімізге қажет екен бірақ бұл электр ненің салдарынан пайда болады?   
Бұл сұраққа Клара жауап береді:
-Денелердің өзара электірлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы-олардың электірленуі деп, яғни электр заряды деп атайды. Денелердің үкелгенен кеиін өзіне басқа денелерді тартатын денені электірленген немесе электр заряды берілген деп атайды. –деп Клара заряд деген ұғымнан бастап түсіндіреді. Зарядтың екі тегі түралы айтып  электрометр  арқылы тәжірибе жүзінде зарядтардың өзара әсерлесуі туралы түсінік береді. 
Жалғасын Дидар түсіндіріп береді. Яғни ол элетр өткізетін және өткізбетіндерді тәжірибе жүзінде көрсетіп түсіндіріп береді. Электр заряды орналасқан кеңістікте электр өріс болатынында, элетрометр арқылы көрсетіп береді.Кулон заңының мәнісін түсіндіре келіп атомдар құрлысын графопроэктор, суреттер көмегімен түсіндіріп  береді.  
Сабира:
-Токтің күшін анықтауға, және токтың әрекетін реттеуге болма?
Бұл сұраққа Жазира жауап береді яғни электор құбылыстарын түсіндіре бастайды. Электр тогы, электр тогының әсерлерін, электр тогының бағытын, ток күшін, электр кернеуін, өткізгіштердің электр кедерсісін, Ом заңын, меншікті кедергі формулаларын жазып мәнісін түсіндіріп береді. Өткізгіштерді қосудың турлерін амперметірлер, вольтметірлер, реостат, кіліт, өткізгіш сымдар, шамдар, акуммулятр арқылы тәжірибе жүзінде  көрсетіп түсіндіріп, формуласын жазып береді.  
Нұрлыбек:
-Токтың жұмысы мен қуатын анықтауға бола ма?  
Бұл сұраққа  Ербол жауап береді. Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль мен орыс ғалмы Э. Ленц  зерттегені туралы айтып токтың жұмысы мен қуатын қалай табу керек екенін формула арқылы жазып ережесін түсіндіріп, Джоуль-Ленц заңының тұжырымын түсіндіреді.
Сабира:
-Ток өткізгештерде ғана боладыма әлде басқа орада да боладыма?  
Бұл сұраққа Мұхамет жауап береді. Ол өз жауабында Сүықтардағы, газдардағы, Вакумдағы электр тогы ненің салдарынан туындайтынын түсіндріп береді.
Сұраққа толық жауап алған екі  жолаушыға  физика ауылының тұрғыны Жазира былай дейді:
-Сіз электр туралы көп білгіңіз келсе онда көрші химия ауылына өтіңіз себебі менің естуімше ол ауылда химик ғалымдар тәжірибе жасап жатыр.
Нұрлыбек пен Сабира көрші ауылға аттанады.
Химия ауылына келсе ол жерде шын-мәнісінде химиктер тәжірибе жасап жатыр екен. Нұрлыбек:
-Сіздер не істеп тұрсыздар, бұл қандай тәжірибе? -деп сұрайды 
Химия ауылының тұрғыны Нургүлдің жаубы:
-Біз мыс сүльфатынан ток арқылы таза мысты бөліп алмақшымыз.- дейді.    Сабира:
Сонда токтың химияға да қатысы болғаны ма?
Нүргүл :
-Ия дәл солай біз сіздерге қазір химиялық элементер арқылы қалай ток алуға болатынын және де Электролиттерде токтың жүру эрекшелігін түсіндіреміз. -деп жауап береді. Содан соң Айдана электролиттер, элерторлиз,  Электролиттердегі электр тогы дегеніміз не?, гальваникалық элементтер, аккумулятор, гальванопластика гальваностегия, электролиттік диссоциация, рекомбинация туралы түсінікті айтып Фарадей заңының тұжырымдап формуласын тақтаға жазып береді.
Нұрлыбек:
-Мына істеп жатқан тәжірибелеріңізде қандай құралдарды пайдаланып жатырсыздар?  
Нургүл:
Аккумулятор ,қосқыш сымдар ,кіліт шам, амперметр ,вольтметр, калориметр , мыс сүльфаты, су 150гр, сағат. Біз құралдарды тізбектей жалғап аламызда, вольтметрді шамға паралаль жалғаймыз. Содан соң уақыты белгілеп кілітті қосамыз. Амперметрдің және вольтмертірдің мәндерін калирометрдегі су қызған кезде яғни бес минут уақыт аралығындағы мәндерді жазамыз.                                                              Жазған мәндерімізбен Фарадей заңы бойынша алынған мыстың масасын анықтауымызға болады, сонымен қоса бөлініп шыққан жылу мөлшерін, қуатын, токтың жұмысын, ПӘК –ін есептеп табуымызға болады.
Біз мысал жарық түнде сөніп қалса екі 3В  батарея аламыз оның оң деген үшына бір қосқош жалғаймыз, теріс бөлігіне де бір қосқош жалғайиыз жалғаған қосқаштарды 1,5В  шамға оң дегенді шамның бұрандасының ұшына терісдегенді жанына жалғап жарық алуымазға болады -деп Нургүл өз сөзін аяқтайды. Жақсылап тыңдап жүрген физик ауылының тұрғындары өздері дайндап келеген химиктер аулының тұрғындарына бір ойын жасырады тәжірибе жүзінде.
Тәжірибеге керегі:
Картон қағаз, бір бет қағаз, қалпақтары қоладан, ұштары ұзындау болатын он скрепка электр сымы, саптары изаляциаланған қайшы, батарея(4,5В ) патрондағы қолшам ,желім,  қарындаш.
Тәжірибе  барысы;
Қағаздан он төртбұрышты қиып алып, оның бесеуіне мемлекеттердің атарын, қалған бесеуіне  олардың астаналарын жаз. Содан кейін картонның біржақ шетіне мемлекеттердің аттары жазылған қағаздарды, екінші бөлігіне олардың астаналарына бір жолда тұрмағаны жөн әрбір мемлекетті астаналарымен он скрепканы кадаймыз. 5 бөлік сымды киып алып, ұштарын қайшымен тазалап мемлекет пен астаналарына бектілген скрепкаларға қосамыз Бір сымның ұшын батареяның шығып тұрған клеммаларына жалғап содан кейін басқа екі сымды алып, біреуін батареяның екінші ұшымен, ал екіншісін патронның бос клемасымен қосамыз. Сымдардың басқа екі ұштары бос қалады. Бос сымның біреуні мемлекетке бекітіп  екіншісін  химиктерден оның астанасын сұрап  жауап берген астанаға бекітеді. Егер жауап дұрыс болса шам жанады ,егер дұрыс емес болса жанбайды.Себебі:
Скрепка-қоладан, яғни электр тогын жақсы өткізетін металға жатады. Скрепкалар патронның артындағы сымдармен жалғанған болса, тізбек тұйықталып, ол арқылы ток жүреді де, шам жанады. Қателескен кезде-тізбек тұйықталмайдыда, себебі мемлекет пен астанасының арасында байланыс болмай қалады, сондықтан шам жанады.  
Бұл ойынға дұрыс жауап алған екі жолаушы өздерінің сапарларын әрі қарай Биолоктар ауылына жалғастырады.
Биологтар тұрғындары есеп шығарып  жатқан екен. Есептің берілгені:
Кебісті клейлеген конвейер лентасының потенциалы 8000В деін жетеді. Жұмыс кезінде ағаш орындықта отырған жұмыскерлер қолдары лентаға тиіп заряд алады. Жұмыскелердің дене сйымдылығы 25 Ф деп, оның денесіне берілетін зарядты анықтау керек.. Есептерін шығарып болған соң 
Сабира:-қарап тұрып электр құбылысының биологияға да қатысы мол деп ойлаймыз. Сонда электрдің тірі ағзаларға да әсері барма?
Меруерт өз сөзін Гальвани жаңалықтарынан,  құрбақа денесіне электр кернеуін берсе, онда оның аяқтарының жийырлатындығын бақағанынан бастап айтып береді. Олар дәлел келтіріп береді Тәжірибе жүзінде ол үшін:
Аккумулятор, қосқыш сымдар, амперметр, вольтметр , шам, тірі тауық.
Бәрін тізбектеі қосып келіп аккумулятордың теріс бөлігінен алынған қосқыштың бір бөлігін тауықтың бір қанатының астына терісіне жалғайды, шамнан шыққан екінші бөлігін екінші қанатының астына жалғайды. Белгілі бір уақытан соң шам жана бастайды, тауықтың дауысы өзгеріп айқайлай бастайды. Меруерт шамның неге жанған екенін түсіндіріп береді. Азизхан электротерапиянның,
физотерапияның, термотерапияның, электрошоптың адамға қандай падалы әсер беретінін түсіндіріп береді. Тұрақты ток арқылы емдеудің жолдарын Назира түсіндіріп береді. Ерлан тірі табиғатта өздігінен 50-60 В кернеу шығаратын электірлік скаттар туралы, 500 В –қа дейін кернеу тудыратын жылан балықтары туралы айтып береді.
Қорыта келе Үш ауылда қортынды жасайды . Бірінші физика ауылы Электр құбылыстарының техникадағы паыдасы туралы, Химиктер тұрмыста қолданатын металдарды бөліп, немесе гальваникалық элементердің пайдасы т.с.с. Биологтар Электр құбылыстардың Биофизиологиялық әсерлері түралы қортындылап Электр тогсыз өмір жоқ –деп тұжырымдайды.  
Мұғалімнің өзі соңында қортындылайды.
Әр ауылдың көсемі бағалау парағына баға қаяды.
Бағалау парағы
Оқушы аты-жөні
Ү Ж Н Ү Ж Н Ү Ж Н Ү Ж Н Ү Ж Н Ү Ж н
   Физика
Химия
Биология
Ү-дегеніз Үздік, Ж-Жақсы, Н-Нашар.  Үйге тапсырма тарауды қайталап келу. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел, нақыл сөздер жазып келу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Ток жүретін сымнанажырату. Электр тогынан немесе найзағайдан сақтанужолдары
электр үтігі, шаңсорғыш) микротолқынды пеш, электр шаңсорғыш) (практика)
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 3295 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык