Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 18022 |
|
|
|
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛАҒАТ КӨЗІ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛАҒАТ КӨЗІ
Атырау облысы Жылыой ауданы №8 мектептің І-санатты математика пәні мұғалімі.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» алғыс хат иегері.
Оқыту үрдісінің алдында тұрған басты міндет- оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойында Отанға,туған жерге, ұлтқа деген сүйіспеншілікті, ғасырлар бой қалыптасқан тіл, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістердің бірі – балаға ақыл, өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, болашаққа деген сенімін арттыру. Бұл әдіс мақал-мәтелдерден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым сөздерден айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, сөзге шешен, білікті адамдардың ақыл-өсиеті өтімділігімен, маңыздылығымен ерекшеленіп, баланың санасына шым-шымдап кіріп, үлкен ой салған.
Тыйым сөздер баланы ағаттық жасаудан түрлі қауіп-қатердан сақтандырып, адамгершілікке тәрбиелеген. Оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүйіп оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке, бауырмалдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесінде ұлттық тәрбиенің маңызы зор.
Қазақтың рухани әлемі- бүгінгі тәуелсіздігіміздің қайнар бұлағы. Ұлт мәдениеті - бүкіл дүниежүзілік мәдениет атаулының өзіндік қасиеті.Ол бұрыннан келе жатқан мәдени дәстүр. Қазақ мәдениетінің дамуын барша адамзат мәдениеті тарихымен байланысты түрде біртұтас әлеуметтік процестің бөлінбес бір буыны ретінде түсінгеніміз абзал. Ұлттық тәрбиенің жаңаша жаңаша серпіліс алуына әсер еткен қазақ даналарының, ақын-жырауларының, аңыз-ертегілерінің , жыр-эпостарының нақтылы тарихи-мәдени феномендерінде көрініс табуда. Сонымен қатар туған жер, ата қоныс, елдік пен ерлік, азаматтық пен адамгершілік, имандылық пен парасаттылық ұлттық тәрбиеге үлкен әсер етеді. Мысалы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылыры, қоғам қайраткерлері, ғалым-педагогтеріміз халықтың өнегелі салт-дәстүрін, ауызекі шығармаларын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге, ұлтқа құрметпен қарау мәселелеріне көп көңіл аударған. [1]
Жарқын болашағымыздың дамуы өркениеттік мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Қазақстанның бұл бағытта бастары адамгершілік, ұлтжандылық, ізгілік қасиеттерге негізделген ұлттық тәрбиеден басталады.
Ұлағат көзі болып отырған ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық атауларды, ұлттық ойындарды мүмкіндігінше көбірек қолданған жөн.
ХІХ ғасырдың аяғында, 1879 жылы Орынбордан шыққан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында «Қазақ халқы азбаған, табиғи таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: ой-пікірі еркін;оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр» деп жазған. Ы.Алтынсарин бұл тұжырымында қазақ халқының рухани болмысын, тарихи санасын жоғары баға беріп, аса дарынды ел, аса талантты халық екендігін айқын көрсеткен.
Тәуелсіз елдің ұрпағына мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім беру – үздіксіз үрдіс. Тәуелсіздіктің туын желбіреткен жастардың ұлттық білім мен тәрбие құндылықтарын меңгеруі жасампаз Қазақстанның жалынды жігерін әлемге паш етеді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің өзекті тұстары - әр азаматтың өзіне қатысты алғанда өзіндік талап етуі, қоршаған ортаға қатысты оның шыншылдығы, елге, Отанға деген адалдығы. Жас ұрпақтың Тәуелсіз Мәңгілік ел Отанымыздың өсіп-өркендуіне өзіндік үлесін қосу үшін ар-ождан, әдептілік, жалпы ұлттық құндылықтар арасындағы ұлы мұраттар рухында тәрбиеленуі керек.
Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі десек. Бұл жүйенің даму бағыттары мвна қағидаларға негізделген:
• Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге ықпал ететін білім;
• Ұлттық байлық,тұлғалық және әлеуметтік табыстың кепілі ретіндегі білім;
• Ұлттық ойлауды қалыптастыратын тағылымды тәрбиеге тәуелді білім;
• Патриотизмнің қайнар көзі, ұлттар мен ұлыстардың бейбіт қатар өмір сүрудің кепілі болатын ұлттық тәрбие;
• Бәсекеге қабілетті адамның, қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, шығармашылық әлеуеттің дамуының берік тұтқасы болып табылатын ұлттық тәрбие;
Сондықтан да тарихи тәуелсіздік тағылымы білім мен ұлттық тәрбие ұстанымы, әлемдік тұтастықтың, парасатты және шығармашылық әлеуеттің, адам ресурстарының негізі ретінде жас ұрпақ санасын жаңа сапалық даму сатысына көтерері белгілі.
Біздің ұлттық тәрбиелік білім берудегі негізгі мақсатымыз адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі белгілі. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары: ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. болса, жалпы эстетикалық мәдениеттегі қарым-қатынас әдебі, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, сөйлеу әдебі, дене қимылы, т.б. ұлттық сипатқа негізделе отырып, әлемдік мәдениетпен ұштасуы тиіс. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы -эстетикалық сұлулықтың белгісі. Сонымен, ұлттық тәрбие – ұлттық құндылықтар арқылы жеке тұлғаның ұлттық санасын, намысын, дүниетанымын қалыптастыру. Олай болса, ұлттық негізде тәрбиелік білім беру барысында біз ұлттық бағыт-бағдары қалыптасқан өмірлік ұстанымы ұлтына деген сүйіспеншілікпен сусындаған, қоғам үшін қажетті тұлға тәрбиелеп шығарымыз анық.
Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, болашақ әке мен ана. Ертеңгі күні олар да өз өмірінің жалғасын, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі.
«Ана тілі» деген сөз – бұл ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау ежелден мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Қазір әлемдік жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. Мұндай сындарлы кезеңде, ең бастысы, ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалуға тиіспіз. Ал ұлтжандылық, Отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттер адам бойына, сайып келгенде, ұлттық тәрбие арқылы сіңетіні ақиқат.
Тәуелсіз Қазақ елі басқа елден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тіліміз, қазақстандық менталитетімізбен ғана ерекшеленеміз. 2007жылғы шілдеде қабылдаған Қ.Р. «Білім туралы» заңының 11 бабында «ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,» - деп Білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. [2]
Ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану-қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Олай болса баланың сана-сезімін сол ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін меңгеру негізінде дамыту керек, ұлттық құндылық-ты жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегеніміз жөн болар. Ұлттық сана-сезім ұлттық дүние танымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дəстүр арқылы өз болмысын танытады олай болса ұлттық сана-сезімді ояту үшін тəрбие арқылы халықтық дəстүрлерді, əдебиет пен мəдениет мұраларын, дініміз бен ділімізді жас ұрпаққа дұрыс түсіндіру, үйрету, бойларына сіңіру. Ақын, педагог М. Жұмабаев «Ұлт тəрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, əрбір тəрбиеші сөз жоқ, ұлт тəрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тəрбиесімен тəрбие қылуға міндетті» деген. [3] Əрбір азамат үшін ұлттық тəрбиенің бастау бұлағы отбасынан басталатыны даусыз. Ата-ана тəрбиесінен кейінгі маңызды мəселе – ұстаз ұлағаты. Жеткіншектің тұлға болып қалыптасуындағы оның маңызы ерекше. Ал мектепте ұлттытəрбие берудегі рөлінің басым, мүмкіншілігі мол екені белгілі. Осы бағытта 5-сыныпта «Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |