Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4611 |
|
|
|
Мұғалімнің шеберлігін шыңдау
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Мұғалімнің шеберлігін шыңдау»
Мақсаты:
Мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра отырып шеберліктерін шыңдау.
Міндеттері:
- Ситуациядан шыға білуге және өзін-өзі танып әрдайым көтеріңкі көңіл күйде жүруге баулу.
-Өзгелердің қызығушылығымен санасу.
-Өзін-өзі құрметтеуді, өзіне-өзі сенуді қалыптастыру.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, «күн сәулесі», суреттер, мәтіндер.
Тренинг бағдарламасы:
Кіріспе: Ұлағатты ұстаз ең алдымен шәкірттеріне өнерді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкіртке үйрететін нәрсесін өзі жан-жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де шәкіртін білімге қызықтыра, ынтықтыра түсіндіріп, білімін дамытады. Ұстаз шәкірттіктің жан сұлулығын, тән сұлулығын зерделі зерттеп, оның танымдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалап, қамқорлық жасап отырады.
Тренинг ережесі.
I.Танысу. «Мен қандаймын»жаттығуы.
Мақсаты: Өзін тану, ішкі жан дүниесіне үңілу және өзінің бағытын білуге жағдай жасау.
Нұсқау: «Мен кіммін?» деген жалғыз сұраққа жауап беріңіз.
(Мысалы:зейіндімін,әдептімін,саналымын,сабырлымын,шыншылмын т.б.)
«Мен әлеміңіз қандай?»
«Мен және менің әлемім»әдістемесі.
ІІ.Логикалық сұрақтар:
1.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды.
Бұлқалай? Жауабы: бір бала дорбасыменалды.
2.Екі адамтоғызқұмалақты 2 сағатойнады. Әрқайсысынешесағаттанойнады?
Жауабы: 2 сағат.
3.Үш түйеқұсұшыпкележатыр,аңшыолардыңбіреуінатыпалды. Нешетұйеқұсқалды?
Жауабы: Тұйеқұсұшпайды.
4.Жасы 100-ге келгенқарияөмірбойыөзініңтуғанкүнін 25 ретқанаатапөткенекен.
Себебінанықта. Жауабы:оның туылғанкүні 29 ақпан.
IIІ.Шығармашылық қабілетін дамыту.
Мұғалімдерге екі қатар өлең жолдары беріледі.Әрі қарай өлең жолдарын мұғалімдер өз шығармашылықтарын дамыта отырып жалғастырады. (2 минут уақыт беріледі.)
Мысалы: 1.Көгілдір көктем, 3. Өрік, алма, шие, алша
1.Келдіңбе тағы күлімдеп, 3. Жидек жүзім піседі.т.б.
Тапсырмаадамсанынасайдайындалады.
ІV. Мұғалімдердің әртістік қабілетін дамыту.
«Көңіл күйімізді жаттықтыру» жаттығуы.
Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жаттықтыра алуға арналады.
Нұсқау: актер болуға үйренесіздер, парақтағы жазуды бет-әлпеттеріңізбен бейнелейсіздер.
1. Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер
2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
4. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу
5. «Сәлемдесудің»- әртүрлі жағдайын көрсетіп беру.
Мысалы: қуанышты,селқос,бақытты, қызғанышты.
V.Ситуациялықкезеңде не істеукерек?
Мақсаты: Логикалық ойлау арқылы кез – келген жағдайдан шыға білу.
1.Бала шкафтың үстіне шығып кеткен, сіз оны шкафтан қалай түсіресіз?
Жауабы:Баланың қызығушылығын оятатындай сабақты қызықты өтсе бала өзі үшін түседі.
2.Мұғалім оқу материалын түсіндіріп жатты.Ш. деген бала тыңдамай, қасындағы балаға қарап күліп отыр. Мұғалім әңгімесін аяғына дейін жеткізіп, Ш-ға ешбір ескерту жасамай, оны тақтаға шақырды. Бала қолын қалтасына салып, тақта алдында тұр. Бірақ жауап бермей, мырс-мырс күлуде.Сынып бұл немен аяқталар екен деп күтуде... Сіздің әрекетіңіз?
Жауабы:Жеңіл әзілмен: «жауапты қалтаңнан шығара алмай тұрсың ба?» деп, одан әрі тапсырмаға көңіл бөлуге болады.
3.Сабақ үстінде оқушы әдейі көрсетіп қағаздан күлкілі бейнелер жасап отыр.Сіз не істейсіз?
Жауабы:Мұғалім оны тақтаға шақырып, бейнені қалай жасағанын көрсетуін сұрайды.Бала жымиып жасап көрсетеді.Бәрі мәз, бала орнына отырады.Сабақ әрі қарай жалғасады.
Жаттығу «Ситуациядан шығу»
Нұсқау: Бұл ойынға өз еркімен үш адам керек, қалғандары бақылаушылар болады.
Ойынның мәні: Үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі – сақау, бірі-соқыр, енді бірі-саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда, қашан бару керектігін түсіндіру керек.
VI. Мұғалімдердің тапқырлықтарын анықтауға тапсырма.
Жауаптарын тауып, түсіндіру.
1. Шуағын төккен күн астында қол ұстасқан үш бала бейнеленген.
Жауабы: «Сыртқы түстері әр түрлі болғаны болмаса бұл балалардың жан дүниесі бірдей. Сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді.»
2. Түнгі аспан жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
Жауабы: «Түн. Айналажым-жырт. Аспандажымыңдағанжұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақояубіркісі бар. Бұл – мұғалім. Олқаншажылұстазболғанмен, мектепте де, үйде де ертеңгісабағынаүлкенжауапкершілікпендайындалыпкеледі…»
3. Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.
Талдасақ: «Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсететінімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлде кімді кіналағанда, өзіміздің кінәміз барма, әлде жоқ па, осы жағына шындығында көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, әуелі өзіңнен іздеу керек шығар»...
VII.«Комплимент» тренингі
Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру.
Талдау:
1. Қандай әсер алдыңыздар?
2. Образды көрсету барысында өзіңізді қалай сезіндіңіздер?
3. Қай әрекет жағымды, қайсысы жағымсыз болды?
4. Өз сезімдеріңізбен, көңіл – күйлеріңізбен бөлісіңіз.
VIIІ.Қорытындылау
Психологтың қорытындылауы. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», – деген грек оқымыстысы Сократтың сөзіне мән бере қарасаңыз, ұстаз ұлағаты мен өнегесін, даналығы мен шапағатын сезінесіз.
Менің қолымда әдемі, жылы күн сәулесі бар. Ол бүгінгі күннің қуанышын, жылулығын, бақытын барлықтарыңызға сыйлайды. Бүгінгі тренинг аяқталса да, біз қоштаспаймыз. Себебі, келесі кездесуге үміттенеміз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |