Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жақсы көңіл-күй – жан азығы


Жақсы көңіл-күй – жан азығы

Тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй – жан азығы»


(Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау кезінде мұғалімдерге  психологиялық қолдау жасау).

      Мақсаты:  Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау кезінде мұғалімдерге  психологиялық  қолдау жасау.                                                                                                                                                                                                                                                                                       Мұғалімдердің мінез-құлқындағы тепе-теңдігін дамыту. Мұғалімнің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
  Міндеттері:
- Қарым-қатынастың үйлесімділігі;
- Өзін-өзі тану процесін тереңдету;
      -  Топтағы адамдардың көмегімен өзін тану;
- Оқушыларды ҰБТ-ге дайындауға кеңес беру;
- Психоэмоционалды және ақыл-ой қысымын түсіру;
- Үрейді азайту.
Сабақтың типі: тренинг.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, интерактивті әдіс, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: А4 қағазы, компьютер,  интерактивті тақта, баяу әуенді диск, газеттер, желім, сызғыш, қалам,қайшы, скоч, т.б.
Күтілетін нәтиже:
1. Эмоционалды ширығу, іштей мазасыздыққа бойалдырмау, уайымдау күйлерінен болсаңсуды үйрену;
2. Кедергілерді жеңуге деген құлшыныстарды дамыту;
3. Қорқыныш пен іштей қиналған сезімдерден құтылуға көмек көрсету;
4. Мұғалім бойынан сенімділік ұялатуға қадам жасау;
5. Көңіл-күйлерін көтеруге көмектесу;
Сабақтың барысы:
     I. Кіріспе.
      - Амандасу.
- Тренинг ережесін құру.
- Психологиялық жаттығулар.
II. Негізгі бөлім.
а) Өз-өзіне деген сенімділікті арттыру үшін жаттығулар мен ойындар.
ә) Релакция.
б) Қоштасу.
1- жаттығу.   «Бумба-Юмба» тайпасы.
Мақсаты:  Жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Міндеті:  Әлеуметтік психологиялық климат құру.
(Мұғалімдерді нұсқауымен таныстыру) 
2. Топтың жұмыс ережесі.
Мақсаты: Тренинг барысында бірыңғай жұмыс істеу кеңістігі мен қылық ережелерін қалыптастыру.
Уақыты: 7 минут.
Нұсқаулық:  Сен өзіңді патша немесе ханшайым екендігіңді елестет, ал біз- аудитория- сенің патшалығың. Сен тренинг кезінде өзіңнің әр түрлі ережелеріңді ұсына аласың. Осы ережелер барлық мұғалімдерге қолайлы жағдай туғызатындай болуы тиіс. 
    Сен өз патшалығыңда қандай ережелер енгізесің? Ойлап тапқан ережелер тізімін қағазға жаз. Ал енді бірыңғай жалпы топтың ережелерін шығарайық. 
   Сіздер маған айтып отырасыздар, ал мен ватманға жазып отырамын.

Тренинг ережелері:
  1.   Тренингке кешікпеу.
2.  Сөзді бөлмеу. 
3.  Сынамау.
4. Үндемеу мүмкіншілігі. 
5. Қалыс қалмау.
6.  Белсенділік таныту
7 . Топ жұмысына басынан аяғына дейін қатысу міндетті.

1- жаттығу.   «Бумба-Юмба» тайпасы.
Мақсаты:  Жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Міндеті:  Әлеуметтік психологиялық климат құру.
(Мұғалімдерді нұсқауымен таныстыру) 

Миға шабуыл.
2-жаттығу. «Ойлан тап»
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ойлау қабілетін дамытуға т.б. көмек беру.
 Ойынның  шарты: суреттерге қарап тез әрі дұрыс мақал айту.
Мысалы: ақша, айна, табақ, кітап, бұзау, асық, аяқ киім, қасық, үй, таяқ, тауық,түйе.
Талдау:
- Сізге суретке қарап тез мақал айту қиындық туғызды ма?
- Қазір көңіл-күйіңіз қандай?
- Бұл ойын сізге ұнады ма? 
Т.б.
3.  «Менің көңіл-күйім» тесті
Мақсаты: Әдеттері, жеке ерекшеліктері туралы ойлануына мүмкіндік беру.
Уақыты: 7 минут
Нұсқау: Сіз төменде берілген пікірлерге «иә» және «жоқ» деп жауап беріңіз. Мүмкіндігінше ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест қорытындысы туралы мәлімет, ең алдымен сізге қажет. Ол тренинг жаттығуларына қатысу кезінде өзіңіз, әдеттеріңіз, жеке ерекшеліктеріңіз туралы ойлануыңызға мумкіндік береді. Егер тесттегі мінез-құлық бойыңызда болса, онда «иә» деп жауап беріңіз.
Тест сұрақтары: 
1. Менде жиі нашар көңіл-күй болады, жылаймын.
2. Адаммен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын.
3. Жиі ренжіген, қамыққан күйде боламын.
4. Мен білетін және білген адамдардың көпшілігі менің көңілімді қалдырады.
5. Көпшілігіне өмірімде маңызды болып табылатын, мәселелерге қызықпаймын (спорт, жұмыс, айналадағыларғы қатынас)
6. Соңғы кезде кейде ғана көңілді боламын, мүлде күлмеймін.
7. Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін, өмірім туралы жақындарыма және таныстарыма шағынамын.
8. Қазіргі уақытта көптеген сұрақтар бойынша менің жеке позициям жоқ.
9. Әңгімелесушілер естуі қиын болу үшін, мен жай сөйлеймін.
10. Кейде әңгімелесушінің сұрағына қалай жауап беруді білмеймін, тек басымды изеймін.
Тесттің кілті.
Әрбір «иә» жауабына 1 балл беріп, оны қосыңыздар.
     1-2 балл. Кейбір өмірлік қиындықтарға қарамастан сіз өмірді жеңіл қабылдайсыз. Бұл жаман емес, дегенмен, белгілі бір шек болғаны дұрыс.
     3-6 балл. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз қалыпты, бірақ қазірдің өзінде скепис пен шаршау байқалады. Ерте емес пе?
     7-10 балл. Сіз болғанның бәрін жағымсыз түрде қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәттер жоқ па?

4. Психологиялық кеңестер:  «Жүйкелік-психологиялық қысымнан арылу тәсілдері»
 Мақсаты: Өзін-өзі реттеу түсінігі мен таныстыру және жүйкелік-психикалық қысымнан арылудың тиімді тәсілдерін ұсыну.
Уақыты: 10 минут
Жүйкелік-психикалық қысымнан арылудың тәсілдері:
19. Спортпен шұғылдану.
20. Контрасты душ.
21. Кір жуу.
22. Ыдыс жуу.
23. Саусақпен сурет салу (1 қасық ұн, 1 қасық су, 1 қасық бояу).
24. Газетті мыжып және лақтыру.
25. Жарыс: өз қысымыңызды газетті мыжуға пайдалану, газетті мүмкіндігінше кішкентай етіп және алысқа лақтырыңыз.
26. Газетті жақсылап жыртып, оны қоқыс тастағышқа тастау.
27. Газеттен өз көңіл-күйіңізді жасаңыз.
28. Газеттің беттерін бояу.
29. Сүйікті әніңізді қатты дауыстап айту.
30. Бірде жай, бірде қатты айғайлау.
31. Музыкаға билеу, бірде жай, бірде қарқынды билеу.
32. Жанып тұрған балауызға қарау.
33. 10 рет терең дем алу.
34. Орманда, аулада немесе далада серуендеу және айғайлау.
35. Тісіңізді ішкі жағынан санаңыз.
5- жаттығу. «Базар» (сауда).
Мақсаты:  Мұғалімнің өзін-өзі тануына, өзгені тануына көмек беру.
 Нұсқау:  Ойынға қатысушы әрбір адам өзінің бір адамгершілік қасиетін жарнамалап, сату керек немесе қасындағы әріптесінен бір қасиетін сұрап алуға болады.
Талдау:
- Өзіңнің жақсы қасиетіңді жазғанда, жарнамалағанда қандай көңіл-күйде болдың?
- Жаман қасиеттеріңді жарнамалағанда қандай күйде болдың?
- Біреуден жақсы қасиетін сұрау қандай  қиындық туғызды?
Т.б.
6- тапсырма.  «Башня» тұрғызу.
Мақсаты: Мұғалімдердің ауызбіршілігін,  ұйымшылдығын, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Нұсқау:  Қатысушыларды үш топқа бөліп, үш тапсырма беріледі.
1 топ мүшелеріне  ені мен ұзындығы 60-та 60 см, биіктігі 30 см болатын   тұғыр жасау тапсырылады.
2 топ мүшелеріне  ені мен ұзындығы 50-де 50, биіктігі 1 метр болатын тұғырдың ортаңғы бөлігін жасау тапсырылады.
3- топ мүшелеріне  ені мен ұзындығы 40-та 40, биіктігі 50 см болатын тұғырдың жоғарғы бөлігін жасау тапсырылады. 
Талдау:
-Балалар арасында қандай кездерде қолдануға болады?
- Бұл тапсырмада нені байқауға болады?
- Қандай қасиеттерді үйретеді?
- Сіздер бір-бірлеріңізбен қарым-қатынас кезінде қандай жағдайларға жолықтыңыздар?
    

    

7.  Аутотренинг: «Өз жұлдызыңды тап»
Мақсаты: Мұғалімнің сенімділігін арттыру, жүйке-психикалық қысымнан арылту, жақсы көңіл-күй сыйлау.
 8 - жаттығу. «Көрші».
Мақсаты:  Тренингке қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезіну, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқау:  Көршіңді оң жақтан құшақта, 
                Көршіңді сол жақтан құшақта.
                Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, 
          Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, 
          Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен бір отбасы- деп тренинг сабағымызды аяқтаймыз. 
( Мұғалімдер қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды).

 Мұғалімдер өздерінің тренингтен алған әсерлерін айтып шығады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қабілет және дарындылық»
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
Мұғалімнің шеберлігін шыңдау
Мен және Болашақ!
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы
Менің туған үйім
Стресспен қалай күресуге болады?
ҰБТ-ге байланысты мектеп бітіруші оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасау мақсатында ата-анамен жұмыс.
Мен таңдаған мамандық ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11650 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык