Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4103 |
|
|
|
Орталық Қазақстан - Қазақстан экономикасы дамуындағы үлесі
Орталық Қазақстан - Қазақстан экономикасы дамуындағы үлесі
Түсінік хат
XXI ғасыр деңгейіне сай білімін дамыта алмаған елдің экономикасының төмендеуі анық. Қазіргі заманда дүние жүзі халықтар өміріне жаһандану үрдісі еніп жатқан кезеңде өз тәуелсіздігін енді ғана, өткен ғасырдың соңында қол жеткізген Қазақстан үшін оқу-ағарту, білім беру өзекті де өткір. Президентіміздің «Қазақстан -2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білім мен білігі жағынан шет елдердегі замандастарымызбен бәсекеде жеңілмейтін ұрпақ тәрбиелеу қажеттілігі баса айтылған.
Өзектілігі: Елбасы жолдауындағы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 ел қатарын қосылу мақсатын жүзеге асыруда, өскелең ұрпақтың бойында өз елінің, өз өлкесінің экономикалық – географиялық жағдайы жайлы білімдерін жетілдіру үшін қазіргі жалпы білім беретін оқу орындарында аймақтық деңгейде бағдарламалар жасаудың маңызы өте зор. Орталық Қазақстанның Қазақстандағы аумағы да, пайдалы қазбалары да мол болуына байланысты, өзіндік үлесі артық екені анық.
Мәселесі: Қазақстан шаруашылығында Орталық Қазақстанның алатын орны шикізат өндіру саласы жағынан ғана дамуда, шаруашылықтың басқа салалары, әсіресе шикізатты өңдеу салалары қарқынды дамуды қажет етеді. Осыған байланысты арнайы бағдарламалар арқылы оқыту еліміздің әр аймағында бағдарлы сыныптарда еңбек нарығына оқушылардың бейімделуіне, олардың кәсіби бағдарлануына, жоғарғы сыныптардағы оқушылардың пәндерді тереңдете оқуына жағдай жасалуы және жоғарғы оқу орнында оқуға оқушыларды сапалы дайындауға мүмкіндік берілуі керек.
Жалпы курс барысында оқушы адам мен табиғат өзара қарым қатынас саласындағы басты және аймақтық мәселелрді біледі, нысандардың зерттелген қасиеттері негізінде болзам жасауды үйренеді, өмірде қолдану үшін пән бойынша теориялық және практикалық білімін басқа да ғылыми, жаратылыстану, технологиялық және экономикалық білімдерімен синтездеуді меңгереді.
Бағдарламада берілген 17 сағатта оқушылар зерттеу жұмысымен айналысады. Алдымен теориялық тұрғыдазерттейді, яғни Орталық Қазақстандағы республика экономикасындағы стратегиялық маңызы бар объектілер жайлы әр түрлі білім көздерінен ақпараттар статистикалық мәліметтерді топ болып жинақтаумен айналысады. Осыдан кейін жинақталған деректер негізінде әр оқушы өзіне ұнаған саланы таңдап, әрі қарай осы сала бойынша білімін тереңдету үшін жеке тапсырма алады.
Шаруашылықтың шикізатты өндіру мен шикізатты өңдеу салаларын салыстырады. Дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өндірілетін шикізаттар қай елдерде өңделетіндігі, шикізат пен дайын өнім арасындағы бағалық айырмашылықты салыстыру арқылы оқушының дайындаған саласы бойынша жеке көзқарас пайда болады. Осы көзқарасты дамыту үшін осы сала бойынша еліміздің шаруашылығындағы жаңа технологиялардың түрлерін анықтайды меңгеруге тырысады.
Мақсаты: Оқушының Қазақстанда қалыптасқан әлеуметтік -
экономикалық жағдаяттарды өзі зерттей білуге
дайындау.
Міндеттері:
- Орталық Қазақстан табиғи ресурстарының стратегиялық маңызды өнім алу мақсатындағы өңдеу әдіс - тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасау;
- Игерген ғылыми, технологиялық білімдерін өміріміздің шаруашылық әрекетінің түрлі салаларында іс жүзінде қолдана білуіне мүмкіндік туғызу;
- Қазақстанның шаруашылығының түрлі салаларынан әлемдік деңгейге сай өзінің болашақ мамандығын таңдауғдағы құзіреттілігін қалыптастыруға көмектесу.
Нысаны: Қазақстан экономикалық географиясы
Пәні: «Орталық Қазақстанның Қазақстан
экономикасының дамуындағы үлесі» бағдарламасы
Болжамы: Егер оқушы Орталық Қазақстанда қалыптасқан
әлеуметтік – экономикалық жағдаяттарды өзі
талдап, зерттей білетін болса, онда Орталық
Қазақстанның экономикалық даму
перспективасын болжай біледі, өйткені Орталық
Қазақстанның экономикалық дамуында маңызы
зор екенін меңгерді.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер
- Қысқа мерзімді зерттеу жобасы;
- Ақпараттық жоба;
- Салыстыру;
- Конференция;
- Бақылау;
- Талдау.
Күтілетін нәтиже:
- Қазіргі дүние жүзі картасындағы Қазақстанның, оның
ішінде Орталық Қазақстанның орнын анықтай білуі;
- өз облысы шаруашылығының қазіргі экономикасына
сипаттама бере білуі;
- саларалық қарым қатынасты түсіндіре білуі;
- әр саладағы экономикалық аудандағы шаруашылықтың
дамуын болжай білуі;
- табиғи – экономикалық факторлардың мамандық таңдауға
тигізетін ықпалын анықтай білуі;
- Орталық Қазақстанның экономикасының даму
перспективасын болжай білуі.
Оның өлшемі:
- фронтальды;
- топпен;
- жұптық;
- Жеке.
Тест
1. Теміртау болат балқыту комбинатының мамандануы.
А) болат
ә) өндіру шойын ,
б) сортты прокот,
в) табақты прокот,
г)ферроқорытпалар
2. Металл қорқыту зауыттарын қандай жерлерге орналастырған тиімді.
а) тутынушыға жақын,
ә) байыту фабрикаларына жақын
б) кен өндіретін жерге жақын .
в) Дұрыс жауап жоқ
г) Барлық жауап дұрыс
3. Көнструкциялық материалдар шығаратын кешен.
а) қара металгурия
ә) металгургия
б) жеңіл өнеркәсіп
в) құрылымы
г) түсті металгургия
4. Қара металл ашу үшін қажетті шикізат.
А) темір кені
ә) полиметалл кені
б)көкстелетін көмір
в)ферроқорытпа
г)қоспалық металдар
5. Ең ірі ферроқорпа зауыттары
А) Ақсу мен Ақтөбе
ә) Ақсу мен павлодарда
б) Повлодар мен Ақтөбеде
в) Өскемен мен Алматы г) Екібастұз бен Абайда.
6. Егер 1 т метал өндіру үшін электр энергиясы көп жұмсалатын
болса, онда ол қандай өндіріс...
А) металдарды көп қажет ететін
ә) ғылымды көп қажет ететін
б) еңбекті көп қажет ететін
в) энерия көп қажет ететін
г)суды көп қажет ететіндер
7. Риддердегі полиметалл комбинатының негізгі өнімі
А) күміс
ә) күкірт қышқылы
б) тазартылмаған қорғасын мен мырыш
в) мыс концентраттары
г) алтын
8. Шойын. Болат және прокат өндіретін кәсіпорыны
А) қайта балқыту
ә) «кіші» металгурия
б) толық циклді комбинат
в) ферроқорытпа зауыты
г) Металл бұйымдары зауыты
9. Металл қорытпаларын пайдалану себебі, олар қасиеттері жөнінен:
А) кеннен
ә) концентраттардан
б) құрылыс материалдарынан
в) конструкциялық материалдардан
г) бастапқы материалдардан артық болады.
10. Толық циклді комбинат орналасқан қала?
а) Қарағанды
ә) Павлодар
б) Ақтөбе
в) Теміртау г) Ақсу
Балама тест
«Ия» немесе «жоқ» жауабы арқылы алу /ия-5, жоқ- 0/
1. Металлургия дегеніміз –кен өндіру, байыту және металл қорыту.
2. Пайдалы затты байыту нәтижесінде ферроқорытпа алады.
3. Металл қорыту зауыттары тек қана кен өндіретін жерлерге салынады.
4. Ферроқорытпа зауыттары Лисаковкада және Қашқарда бар.
5. Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты толық циклді өндіріс.
Сарамандық жұмыс №1
1. АӨК дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
2. Аймақтық өнеркәсіпте қандай топтағы өнеркәсіптер басым
болып келеді? Ол қаншалықты тиімді?
3. Аймақтағы өндірістік байланыстарды кескін картаға
түсіру?
4. Кәсіпорындардағы біртекті өнімді шығару қалай аталады?
5. Қарағанды – Теміртау аймақтық өндірістік байланысына
сипаттама бер.
Сарамандық жұмыс № 2
1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының еліміздің
басқа аудандарымен байланысын кескін картаға түсіру.
2. Сіздің көзқарасыңыз:
Алдағы уақытта Балқаш көлінің батыс жағалауынан
құрылысы аяқталмаған МАЭС – ң орнына АЭС салмақшы.
Мемлекетімізде бұл жоспарды қолдайтын да, қолдамайтын
да адамдар көп. Ал, сіздің ойыңыз қандай?
3. Машина жасаудағы мамандану және кооперативтендіру
дегеніміз не? Қарағандыдағы шахталық кен өндіру құрал
жабдықтарын шығаратын зауыттың мысалында түсіндіріңіз.
Сарамандық жұмыс № 3
1. Импорт дегеніміз не? Экспорт дегеніміз не? Орталық
Қазақстан мысалында түсіндіріңіз.
2. Батыс Еуропа мен Қытайға шығарылатын өнімді атап
жазыңыз.
3. Орталық Қазақстанға шетелдік инвестицияның құйылуы
жайлы не білесің? Мысалдар келтіріп кескін картада
бейнелеңіз.
4. Орталық Қазақстан экономикасындағы шетелдік
инвестицияның рөліне кластер сызыңыз.
Әдебиеттер
1. Агенство РК постатистике. Управление статистики Карагандинской области «Города, районы, Карагандинская область за годы Независимости РК» Караганда 2001.
2. «География және табиғат» журналы № 2 Алматы 2005.
3. «География және табиғат» журналы № 1 Алматы 2006
4. «География және табиғат» журналы № 1 Алматы 2007.
5. Досмағанбетов С.К «Центральный Казакстан: Природаи природыные ресурсы, события и люди, Реформы и развития» Алматы – 2003 .
6. Ердаулетов С.Р. «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» Оқу құралы Алматы 2008 ,
7. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі әлемде» Алматы «Қаржы – қаражат» 1998
8. «Қарағанды облыстық энциклопедиясы» Қарағанды 2004.
9. «Қазақстан Республикасының ұлттық энциклопедиясы» Алматы 1992.
10. Стат. Управление «Карагандинская область» Пресс – релиз 2003
Мазмұны
1. І тарау: Қазіргі Орталық Қазақстан экономикасының әлеуметтілігі
2. ІІ тарау: Орт. Қазақстан экономикасының республика шаруашылығындағы алатын орны
3. Аймақтың ЭГЖ-«плюстары» мен «минустары»
4. Аймақтық-экономикалық аудандары мен өндірістік байланыстар.
5. Қарағанды-Теміртау
6. Жезқазған-Балқаш
7. Ауданаралық экономикалық байланыстар
8. Бағалау тапсырмаларын орындау
9. ІІІ тарау: Орт. Қазақстандағы ірі өндіріс тораптары
10. «Испат – Кармет» Қазақ Үнді бірлескен ААҚ.
11. Корея Республикасының «Самсунг» корпорациясының құрамындағы «Жезқазғантүсті мет» ААҚ.
12. «Қарағанды конфеттері»ААҚ.
13. Жалпы қорытындылап, бекіту сабағы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |