Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түсті металлургия


Түсті металлургия

Сабақтың тақырыбы: Түсті металлургия

Сабақтың мақсаты: 1.Түсті металлургия өнеркәсібі туралы толық мағлұмат беру.  Металлургиядағы өндіріс процестерінің реттілігін көрсету.
 2.Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру,өз бетінше жұмыс істеу  белсенділігін арттыру.
3.Ойлау қабілетін жетілдіру,шыгармашылық ізденіске тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ғылыми-ізденіс сабағы.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау,іздену,еркін сөйлеу.
Құрал-жабдықтар:Интерактивті тақта,экономикалық карта,үлестірмелі түсті металл үлгілері.
Пән аралық байланыс:Әдебиет,химия,өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Тірек білімді нақтылау.«Ой шақыру».
Логикалық тест:
1.Қара металлургия шикізаты (темір кені)
2.Толық циклді зауыт орналасқан қала (Теміртау)
3.Темір рудасын өндіретін негізгі кен орындары (Соколов-Сарыбай,Қашар,Аят; Лисаков, Атасу,Қаражал)
4.Қазақстанның ферроқорытпалар мен прокатын негізгі сатып алушы елдер (Ресей,Қытай,Европа елдері)
5.Қарағанды металлургия комбинатының негізгі өнімі(болат,шойын,прокат).
6.Ең ірі ферроқорытпа зауыт орналасқан қалалар (Ақсу,Ақтөбе)
7.Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты орналасқан облыс (Қостанай)
8.Елімізде қай тауда хромит пен никельдің көп қоры шоғырланған (Мұғалжар)
9.Марганец кені кездесетін кен орындары (Жезді,Қаражал)
10.Қара металлургия өндірісін орналастыру шарты (еңбек қоры,шикізат,отын,көлік)
ІІІ. «Қызығушылығын ояту»(сабақтың тақырыбын анықтау)
Қорғасынды көрдің бе,
Аққан Қаратаудағы,
Алтын шыға Алтайдан,
Жарқырап күндей жайнады.
Қарсақпайдан мыс ағып,
Бұлақтайын саулады,
Мақта көктеп Шымкенттен,
Ақтөбенің егіні,
Өрге өргелен өнімі.
Ембі-нефті жерінен,
Мұнай атып парлады...
Сұрақ қою:өлең не туралы?Қорғасын,мыс,алтын дегеніміз не?Олай болса біздің сабағымыз неге байланысты болуы мүмкін?Дәптерге күннің жадын,тақырыбын жазу.
IV. «Мағынаны тану»
Мұғалім: Қазақстан жерінде Менделеевтің периодтық жүйесіне кіретін барлық түсті металлдар кездеседі.Кейбірінің қоры жөнінен дүние жүзінде алғаашқы орындарды алады.Әсіресе мыс,мырыш,алюминий,полиметалл өнімдеріне бай.Түсті металлургия өнеркәсібі түсті металдарды өндіру,байыту,балқыту,прокат алу,металл қалдықтарын өңдеуді іске асырады.Бұл процесстер қалай жүзеге асады?Еліміздегі түсті метал калай дамуда,міне осы мәселелер жөнінде сіздерге үйге тапсырмалар беріп едім,енді соған кезек берейік.
1 сұрақ
Түсті металдар Қазақстан аумағында қашаннан өндірілуде?
2 сұрақ
Түсті металлдар физикалық қасиетіне қарай қандай топқа бөлінеді?
1-слайд.Түсті металдар тобы.
2-слайд.Мыс қорытпалары.
3 сұрақ
Қазақстанның түсті металлургия орталықтары.
3-слайд.Негізгі орталықтары.
4 сұрақ.
Түсті металлургия құрылымы қандай?
Руда байыту-түсті металды айыру-балқыту-қалыптау-дайын өнім.
4,5-слайд.Алюминий алу схемасы.
 5 сұрақ
Түсті металлургия өндірісін орналастыру шарттары қандай?
6-слайд.Орналастыру шарттары.
 
6 сұрақ.
Өндірісті құрамдастыру,шоғырландыру деген сөздер қандай мағына береді?
Құрамдастыру-бір кәспорында технологиялық процессі ұқсас өндірістердің жинақталуы. 
Шоғырландыру-өндірістің ұштасуы.Еліміздегі барлық титан бір комбинатта ал барлық мыс екі комбинатта балқытылады.Яғни шикізатты кешенді өңдеу,қалдықтарын пайдалану.
7 сұрақ 
Түсті металлургияның сала аралық байланысы барма?
7-слайд.Түсті металлургия.Түсті металлургия-көлік,химия,энергия,отын,машина жасау. 
8 сұрақ.Түсті металлургияның қазіргі жағдайы.Шетел компаниялары.
V. «Ой-толғаныс.»  1.Интерактивті тақтада жазылған деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1 деңгейлік тапсырма.
Картадан негізгі металлургиялық базаларды,түсті металлургия орталықтарын көрсет.
2 деңгейлік тапсырма.
А) Түсті металлдарды өндіру кезінде ең қымбатқа түсетін қандай металдар? (алюминий,титан,магний)
Б) Алюминий зауыты неге Павлодарда орналасқан?Дәлелде(проблемалық ситуация)
В)Арқалықтан-Павлодарға дейін қашықтық 2000 км,1т алюминий алу үшін 2 т глинозем,18000 кВт сағат электр энергиясы жұмсалады.1 т глинозем тасымалдауға 3000 тг шығын жұмсалады.Арқалықта 1 кВт электр энергиясы 2 тг,Павлодарда 1 тг.Шығын қай қалада аз жұмсалады,зауытты қай қалаға орналастырған тиімді?
3. деңгейлік тапсырма
А)Түсті металлургия өндірістік циклінің құрамын анықтайтын кестені толтыр.
Циклдің өндірістік құрамын анықтайтын                                           Жауабы
                   сұрақтар
1 Циклдің негізгі өндірісі қандай?
2 Негізгі өндіріске не қажет?
3 Не себепті кенді байытады?
4 Қалдықтар не үшін пайдаланылады?
5 Қосалқы өндіріс немен айналысады?
 
1.Мыс,мырыш,алюминий,титан,қорғасын,магний балқыту.
2.Кен және отын
3.Кенде металл аз болғандықтан,арнаулы комбинаттарда металдан бос тау жынысын ажыратып алады.
4.Қышқыл,тыңайтқыштар шығару үшін.
5.Негізгі өндірісті құрал-жабдықпен қамтамассыз етеді. 
Б)Түсті металлургия құрылымы қандай болатынын сызба түрінде көрсет.
Шикізат өндіру-шикізатты өңдеу-негізгі өндіріс-негізгі өнім өндірісі-қалдық-қалдықты пайдаланаты өндіріс.
2 -Тапсырма: Тақтаға  бүгінгі сабақтың мәтінін толық ашатын,үлкен мағына білдіретін 10 сөз тіркесі жазылған.Сендер соған кезектесіп ғылыми тілмен қысқа,нақты жауап қайтарасындар.
1.Кенді байыту-кеннің құрамындағы компанентті біртіндеп алу
2.Полиметалл кені-құрамында басты металл қорғасын мен мырыш және басқа бірнеше металл кездесетін кен.
3.Шикізат факторы-металлургия уакыттарын орналастырудағы негізгі принцеп
4.Электр қуаты-түсті металлургия энергияны көп қажет ететін өндіріс.
5.Металургиялық база-ортақ шикізат,отын қорын пайдаланатын зауыттар тобы
6.Боксит кені-алюминийдің негізгі шикізаты.
7.Мыс қорытпалары-мыс пен басқа металдардың қоспасы.
8.Құрамдастыру-бір кәсіпорында технологиялық процесі ұқсас бірнеше өндірістердің жинақталуы.
9.Шоғырландыру-өндірістің ұштасуы
10.Түсті металлургия-металды өндіру,байыту,балқыту,дайын нім алу,металл қалдықтарын өңдеуді іске асыратын өндіріс.
VI. Тренинг «Менің еліме тілегім»
VІI.Қорытындылау.
VIII.Үйге тапсырма.
1.Кескін картаға металлургия орталықтарын түсіру.
2.Металлургия және экология
IX..Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдар туралы түсінік
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Түсті металл кендері
Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
Отын энергетикалық кешен. Кешеннің ерекшелігі мен маңызы. Мұнай және газ өнеркәсібі
Орталық Қазақстан - Қазақстан экономикасы дамуындағы үлесі
Үй бөлмесін не пәтерді жөндеу барысында болат және шойын түтіктерді біріктіру жұмыстарын жүргізу
Металлургия
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 14538 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык