Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 17215 |
|
|
|
АВТОРЛЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУҒА
АВТОРЛЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУҒА
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Мазмұны
1. Жалпы түсінік .............................................................................. 4
2. Авторлық бағдарламаның әзірлеу технологиясы................. 7
3. Авторлық бағдарламаның құрылымы................................... 9
4. Титул парағы және бағдарламаны рәсімдеуге
қойылатын талаптар.................................................................... 11
5. Қосымша........................................................................................ 12
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Оқушылардың білімге деген түрлі сұраныстарына байланысты мұғалімдер оқу бағдарламаларын құрастыруға немесе типтік оқу бағдарламаларын өзгертуге ниет білдіреді. Оқу бағдарламасы – нормативтік құжат,сондықтан автордың жоғар білікті маман болуын талап етеді.
Педагогикалық бағдарламалардың негізгі екі бағыты болады. Олар білімдік және суықтыру. Білімділік –негізгі қызмет түрі танымдық. Сауықтыру – негізгі қызмет түрі ойын, спорт.
Білімділік бағдарламаларының негізгі типтері:
типтік (үлгілі) бағдарлама;
тәжірибе-сынақ (эксперименттік) бағдарламасы;
авторлықбағдарлама.
Типтік (үлгілі) бағдарлама ол:
білім министрлігі бекітеді және қосымша білім беру басқармалары ұсынады (ғылми орталықтар);
Әр жеке пәнге байланысты білім,икем,дағды көрсетілген нормативтік құжат. Оқытылуға тиісті тақырып, әр тақырыпқа мерзім, жыл беріледі. Бағдарлама талабын толық меңгеру – оқу үрдісінің табыстылығы, тиімділігі межесі.
Оқу пәніне сәйкес оқу курсының мазмұнды негізін, мақсатты талаптарын, оқыту технологиясын таңдау принципі, бақылау әдісін көрсететін құжат.
Білім, тәрбие,дамыту мақсаттарын орындайтындай білім беру процесі құрамын анықтайтын қысқаша жүйелі баяндалған ақпарат.
Тәжірибе-сынақ (эксперименттік) бағдарламасы. Бұл бағдарлама типтік бағдарламасы негізінде жасалынады. Мазмұнына өзгеріс енгізіледі, толықтырылады. Мысалы: тақырыпты оқыту реті,сағат саны, оқыту түрі т.б.
Авторлық бағдарлама педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды және оған (олараға) зияткерлік құқығы беріледі. Бұл – не алғаш рет еңгізілетін курсты, не автордың дәстүрлі тақырыпты өзіндік тәсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама мазмұны – жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы құжат бойынша дәлелді болуы қажет.
Инновациялық потенциалы бойынша авторлық бағдарламалардың келесі үлгілері анықталады:
өнертапқыштық – қолданыстағы бағдарламаларды ішінара жетілдіру жолымен алынған бағдарлама;
комбинаторлық – бірнеше бағдарламаны біріктіру жолымен алынған бағдарлама;
толықтырылған – мазмұны бойынша мүлдем жаңа, қолданыстағы оқу бағдарламаларын толықтыратын бағдарлама;
жаңашыл – парадигмалық негізі, ойы, ұсынылған оқыту технологиясының жаңашылдығымен ерекшеленетін бағдарлама.
Авторлық бағдарламаны табысты жүзеге асыру технологиялық қамтамасыз етуді талап етеді, яғни болашақ педагогикалық іс-әрекет жобасының (оқу сабақтары жүйесін тақырыптық жоспарлау), әдістемелік түсініктемесімен қоса тірек сабақтары сценарийлерінің, білім беру стандарттарына бағдарланған тексеру тапсырмалары мен диагностикалық материалдар кешенінің болуы.
Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс - әрекеттерді қамтиды:
Рецензия алу. Ішкі,сыртқы рецензия. Ішкі рецензия - әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау. Сыртқы рецензия – ғылыми - әдістемелік ұйымдар, мамандардан алу.
Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады.
Рецензия берілі, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асады.
Авторлық деп танылған бағдарламаны қолдануға әдістемелік кеңес ұсынып, білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Авторлық деген мәртебені, ереже бойынша, білім беруді басқарудың жоғары органы тағайындайды.
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛГИЯСЫ
Авторың оқу бағдарламасын құрастыруға толық дайындықпен келмеуі көптеген кемшіліктерге апарады. Олардың негізгілері:
мектептің мақсат,міндеттері есепке алынбайды;
бағдарламаны құрастуры негіздемесі толық емес; мысалы: білім,икем,дағдыға қойылатын талаптар, курстың мақсат,міндеттері т.б
ұсынылған бағдарламаны керекті оқу - әдістемелік кешенмен жабдықтау қарастырылмайды;
білім аумағандағы өзге бағдарламалармен сабақтастық принципі сақталмайды;
Бағдарламаны әзірлемес бұрын қосымша білім беру педагогы бағдарлаудың типтік алгоритімін ескеріп, және білімділік бағдарламаның құрылымын білуі тиіс.
Қандай мақсатта бағдарлама жасалуда (типтік бағдарламаның жоқтығы, педагог өз әдістемесімен оқу процессін ұйымдастыруда т.б.)?
Педагог бағдарламаны қай тұрғыдан жасауда (типтік-балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі, үлгілі-мекемесіндегі немесе үлгісі жоқ өз іс тәжірибесінен, әдістемесінен және өзіндік ерекшелігімен жасауы)?
Бағдарламаның ерекшелігі мен жаңалығы неде?
Бағыты ұқсас басқа да білімділік бағдарламаларға қарағанда күтілетін нәтижесі (жаңашылдығымен, өзгешелігімен) қандай болмақ?
Бағдарламаны жүзеге асыруда қандай қиындықтар болуы мүмкін және оларды шешу жолдары?
Қандай оқыту құралдары әдіс-тәсілдер оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары және қандай жаңа педагогикалық технология пайдаланады?
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Авторлық және жаңартылған бағдарлама келесi құрылымдық элементтердi қамтуы қажет:
№ Оқу бағдарламасының құрылымы
1 Мұқаба(титул беті)
1.Білім беру мекемесінің толық атауы; 2. Бағдарламаны бекітуге жауапты қызметкердің аты-жөні, қызметі; 3. Бағдарламаны бекіту мерзімі; 4. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі; 5. Бағдарламаның қай жас ерекшелігіне есептелінген; 6. Бағдарлама авторының аты-жөні, қызметі;7. Қала, аудан атауы, жасақталған жылы.
2 Түсініктеме Пәннің мәні, ерекшелігі; осы сатыдағы оқушыларды оқытудың білімділік мақсат,,міндеттерін орындауға үлесі. Мақсатқа жетудің әдістемелік жүйесі, құралы. Әр сатыға байланысты мақсаты. Бағдарламаның өзектілігі, курстың негізгі идеялары, концепциясы. Оқыту реті қандай логикаға негізделген. Оқу жоспарының тағы қай пәндерімен логикалық байланысы бар. Шартты белгілерді түсіндіру.
3 Оқыту пәнінің мақсат – міндеті
Білім, әрекет әдісі,тәжірибе. Осы бағдарламаны меңгергенде қандай жеке адам қабілеттері қалыптасады.Пән мақсаты дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, тәжірибелік/ практикалық/ болып берілуі де мүмкін.
4 Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар Курсты аяқтағаннан кейін білім, компетенттілік деңгейі. Білім кешені, икем – дағды тізімі, оқушы шеше алатындай мәселелер тізімі.
5 Тақырыптық жоспар
Курс тақырыбы, оқытылу реті, оқыту формасы, сағат саны./толық курс және жеке тақырып/ Таблица түрінде беруге де болады.
6 Оқу курсының тақырып мазмұны Тақырып. Сағат. Негізгі сұрақтар. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б. Пәнаралық байланысты көрсету. Бақылу түрі,сұрақтары.
7 Тәжірибелік бөлім
Икем,дағдыны бекіту. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б.
8 Оқу деңгейін бақылау
Қорытынды,жартыжылдық,тоқсандық, тақырыптық.. Бақылау жұмысы, тесті, сынақ,емтихан.
9 Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.Автор. Аты. – Баспа,жыл.-бет
2. –мақала: автор.Мақала аты.//Журнал.-жыл.-№. – бет..
10 Пәнді оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету (апробацияның 1 жылы өткеннен кейін, АБББ-нің ӘК сыртқы рецензия алу үшін бағдарламаға қоса тақырыптық -күнтізбелік жоспар мен қолданылған материалдар қоса жолданады ) Оқыту - теориялық : оқулық, пособия, лекция.
Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, бақылау жұмысы, тесті, жинағы, тәжірибелік,сарамандық жұмыстар жинағы.
Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, бақылау жұмысын орындауға кеңес, реферат,зерттеу жұмысын суреттеу.Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама. Оқыту – көрнекілік: альбом,атлас.
Оқыту – библиографиялық.
ТИТУЛ ПАРАҒЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бағдарлама– түрлі (педагогтың еңбек ақысын төлеуге негіз болатын, оның кәсіби деңгейінің сапасын мінездейтін, тәрбиеленушілерге білім беру мен дамытудағы педагогтың теориясы болып табылады.) Функцияны орындайтын құжат болғандықтан оның рәсімделуіде талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.
Мұқаба және басқада бағдарламаның парақтарында шет жол сақталуы (поля) тиіс.
Бағдарлама компьютерде Times New Roman шрифтісімен 1,5 интервал аралығында 14 кегельмен жазылғаны дұрыс.
Бағдарламаға мөр басылып, мекеме басшысының қолымен бекітілгеннен кейін бағдарлама бойынша жұмыс жасауға рұқсат етіледі.
Бағдарлама мәтінін нөмірлеу екінші (немесе 3-4), бетінен бастауға болады. Тек мәтіні сол бетінен басталуы тиіс. Парақ беттерінің номірі жоғары жақтың ортасына қойылады.
Титул парағында:
Білімберумекемесініңтолықатауы;
Бағдарламаныбекітугежауаптықызметкердіңаты-жөні, қызметі;
Бағдарламаныбекітумерзімі;
Бағдарламаныжүзегеасырумерзімі;
Бағдарламаныңқайжасерекшелігінеесептелінген;
Бағдарламаавторыныңаты-жөні, қызметі;
Қала, ауданатауы, жасақталғанжылы.
ҚОСЫМША
ТҮСІНІК ХАТ
Пәннің мәні, ерекшелігі; осы сатыдағы оқушыларды оқытудың білімділік мақсат, міндеттерін орындауға үлесі. Мақсатқа жетудің әдістемелік жүйесі, құралы. Әр сатыға байланысты мақсаты. Бағдарламаның өзектілігі, курстың негізгі идеялары, концепциясы. Оқыту реті қандай логикаға негізделген. Оқу жоспарының тағы қай пәндерімен логикалық байланысы бар. Шартты белгілерді түсіндіру
Мақсаты:
Білім, әрекет әдісі,тәжірибе. Осы бағдарламаны меңгергенде қандай жеке адам қабілеттері қалыптасады. Пән мақсаты дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, тәжірибелік/ практикалық/ болып берілуі де мүмкін
Ақпараттық анықтама:
Бағдарламаның жузеге асыру мерзімі (жыл)
Оқыту мерзімі
Жас ерекшіліктері
Оқушы саны
Апта жүктемесі
Жылдық сағат саны
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
___________ ОҚУ ЖЫЛЫ
№
Тарау, тақырып Сағат саны
Мерзімі
Теориялық бөлім Практикалық
бөлім Жалпы сағат саны
Қорытынды
Барлық сағат саны
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДИБИЕТ:
ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП
1. Оқушылардың бағдарламаны меңгеруі.
2. Білім сапасы.
3. Оқушылармен жүргізілген жеке жұмыстар.
4. Туындаған проблемалар.
5. Пән мұғалімнің пікірі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |