Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / География |
Көрсетілім: 5407 |
|
|
|
Әлемдік география
Әлемдік география (68 сағат)
«Әлемдік география» курсына 68 сағат бөлінді. Аптасына 2 сағаттан қарастырылған. Бұл бағдарлама, оқушылардың орта буында жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.
Мақсаты: Әлемдік география курсы оқушыларға географиялық білім беру, оларды табиғат ресурстарын үнемі пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық проблемаларды шешуге, сондай-ақ алған білімдерін күнделікті өмірді қолдана білуге үйрету.
Міндеттері: 1/физикалық географияның зерттеу нысандары,жер және олардың қабықтарының ерекшеліктерін мазмұның меңгеру;
2/физикалық-географиялық білімдерін, табиғат заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру:
3/табиғаттың ерекше қорғалатын аумақтары мен табиғи ескерткіштерді құрметтеу
Пән аралық байланыс; физикалық, экономикалық география, биология, тарих, картография.
Қолданбалы курсты аяқтау формасы:рефератты қорғау
Мазмұны
Кіріспе (3 сағат)
География ғылымы туралы мәліметтер. География ғылымының негізгі салалары. Жер, соның ішінде ҚР туралы географиялық білімнің дамуы. Ұлы географиялық ашулар. Х.Колумб, Васко да Гама, А.Веспучи, «Жаңа Дүние», Ф.Магеллан, С.Дежнев
Жер-планета (4 сағат )
Жердің өлшемдері, Жердің айналуы. Күн жүйесіндегі планеталар туралы қызықты мәліметтер. Жер –шар тәріздес дене. Жер радиусы, экватор, меридиан.
План және карта (6 сағат)
Бағдарлау. Азимут бойынша жүру. Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу, қағазға белгілеу. Масштаб. План сызу. Глобус. Географиялық координаталарды анықтау.
Практикалық жұмыс №1. Май ауданның планын сызу.
Литосфера (23 сағат )
Литосфералық тақталар туралы түсінік. Жер қыртысындағы тау жыныстары. Жер сілкіну, ыстық бұлақ, гейзер, жанартау. Таулар. Таулардың пайда болуы. Жазықтар, олардыңбиіктік және жер бедері бойынша айырмашылығы. ҚР жер бедерінің негізгі белгілері. Пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары. Практикалық жұмыс № 2. Тау жыныстарын анықтау. Магмалық, шөгінді, метаморфтық жыныстар. Әлемнің Ұлы таулар. Таулардың пайда болуы, өзгеруі, мұхит астындағы таулар. Ұлы жанартаулар. Лава, кратер, Вузувий, Эльбрус, Кавказ, Ключи шоқысы. Жер қыртысының қозғалысы. Эпицентр, сейсмикалық аймақ, 12 балдық шкала, сейсмограф. Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы, өзгеруі. Сарыарқа. Қызыларай, Шыңғыстау, Ұлытау, Бурабай, Қорғалжын. Тянь-Шань. Хантәңірі, Кетпен, Ұзынқара, Қырғыз жоталары. ҚР пайдалы қазбалары. Жанатын, кенсіз, кенді пайдалы қазбалар.
Қайталау сабағы – 1 сабақ.
Атмосфера (6 сағат)
Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Ауа райы. Климат.Дүние жүзінің климаты.Атмосферлық циркуляциясы
Гидросфера (8 сағат) Гидросфера жайлы ұғым. Жердің су қабығының рөлі және оның басқа қабықтарға әсері. Өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты сулары. ҚР өзендері. Арал теңізі. Басты өзен жүйелері. Су ресурстарын қорғау.
Биосфера (3 сағат)
Биосфера туралы түсінік. Тірі организмдердің таралу ерекшеліктері.Биосфера және жердегі тіршілік
Географиялық қабық ( 5 сағат)
Географиялық қабық туралы ұғым.Географиялық қабық және табиғат кешендері Географиялық белдеулер мен зоналардың орналасуы. Табиғатты қорғау,тиімді пайдалану. ҚР табиғи қорықтар. Баянауыл. Қайталау сабағы.
Табиғат кешендері (2 сағат)
Аумақтық табиғат кешендері .Ландшафт және оның түрлері
Адамзаттың ғаламдық проблемасы (7 сағат)
Ғаламдық экологиялық проблемасы.Бейбітшілік сақтау проблемасы.Ғаламдық-экологиялық проблемаларды шешу жолдары.Энергетика және шикізат проблемасы.Дамушы елдердегі ғаламдық проблемасы.Дүниежүзілік мұхит проблемалары.Қайталау.
Қорытынды «рефератты қорғау». 1 сағат
Күтілетін нәтиже: табиғат заңдылықтарын ұғынуға, қажетті дүниетанымдық көзқарастары қалыптасқан, географиялық білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатын және шығармашылықпен іс атқаратын жеке тұлға қалыптастыру.
Тақырыптық күнтізбелік жоспар
(барлығы 68 сағат,аптасында 2 сағат)
№ Тақырыбы Сағаты
Кіріспе
3
1 География ғылымы туралы мәліметтер. География ғылымының негізгі салалары. 1
2 Жер, соның ішінде ҚР туралы географиялық білімнің дамуы. 1
3 Ұлы географиялық ашулар. Х.Колумб, Васко да Гама, А.Веспучи, «Жаңа Дүние», Ф.Магеллан, С.Дежнев
1
Жер-планета
4
4 Жердің өлшемдері, Жердің айналуы. 1
5 Күн жүйесіндегі планеталар туралы қызықты мәліметтер. 1
6 Жер –шар тәріздес дене. 1
7 Жер радиусы, экватор, меридиан.
1
8 Бағдарлау. 1
9 Азимут бойынша жүру. 1
10 Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу, қағазға белгілеу. 1
11 Масштаб. План сызу. 1
12 Глобус. Географиялық координаталарды анықтау. 1
13 Практикалық жұмыс №1. Май ауданның планын сызу. 1
Литосфера
23
14 Литосфералық тақталар туралы түсінік. 1
15 Жер қыртысындағы тау жыныстары. 1
16 Жер сілкіну, ыстық бұлақ, гейзер, жанартау. 1
17 Таулар. 1
18 Таулардың пайда болуы. 1
19 Жазықтар, олардыңбиіктік және жер бедері бойынша айырмашылығы. 1
20 ҚР жер бедерінің негізгі белгілері. 1
21 Пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары. 1
22 Практикалық жұмыс № 2. 1
23 Тау жыныстарын анықтау. Магмалық, шөгінді, метаморфтық жыныстар. 1
24 Әлемнің Ұлы таулар. 1
25 Таулардың пайда болуы, өзгеруі, мұхит астындағы таулар. 1
26 Ұлы жанартаулар. 1
27 Лава, кратер, Вузувий, Эльбрус, Кавказ, Ключи шоқысы. 1
28 Жер қыртысының қозғалысы. 1
29 Эпицентр, сейсмикалық аймақ, 12 балдық шкала, сейсмограф. 1
30 Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы, өзгеруі. 1
31 Сарыарқа, Қызыларай Шыңғыстау, 1
32 Ұлытау, Бурабай, Қорғалжын 1
33 Тянь-Шань. Хантәңірі, Кетпен, Ұзынқара, Қырғыз жоталары. 1
34 ҚР пайдалы қазбалары. 1
35 Жанатын, кенсіз, кенді пайдалы қазбалар. 1
36 Тест 1
Атмосфера 6
37 Атмосфераның құрамы мен құрылысы
1
38 Ауа райы 1
39 Климат 1
40
Дүние жүзінің климаты 1
41
Қазақстанның климаты 1
42 Атмосферлық циркуляциясы 1
Гидросфера 8
43 Гидросфера жайлы ұғым. 1
44 Жердің су қабығының рөлі және оның басқа қабықтарға әсері. 1
45 Өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты сулары. 1
46 ҚР өзендері 1
47 Каспий теңізі 1
48 Арал теңізі. 1
49 Басты өзен жүйелері. 1
50 Су ресурстарын қорғау. 1
Биосфера 3
51 Биосфера туралы түсінік 1
52 Тірі организмдердің таралу ерекшеліктері 1
53 Биосфера және жердегі тіршілік
1
Географиялық қабық 5
54 Географиялық қабық туралы жалпы түсінік 1
55 Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы 1
56 Зат және энергия айналымы 1
57 Географиялық қабық және табиғат кешендері 1
58 Географиялық белдеулер мен зоналардың орналасуы 1
Табиғат кешендері 2
59 Аумақтық табиғат кешендері 1
60 Ландшафт және оның түрлері 1
Адамзаттың ғаламдық проблемасы 7
61 Ғаламдық экологиялық проблемасы 1
62 Бейбітшілік сақтау проблемасы 1
63 Ғаламдық-экологиялық проблемаларды шешу жолдары 1
64 Энергетика және шикізат проблемасы 1
65 Дамушы елдердегі ғаламдық проблемасы 1
66 Дүниежүзілік мұхит проблемалары 1
67 Қайталау 1
68 Қорытынды «рефератты қорғау» 1
Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:
Оқушылар:
– географиялық білім алу көздерін;
– физикалық географияның зерттеу нысандарын;
– ірі сейсмикалық және жанартаулық белдеулерді;
– құрлықтағы ірі жер бедері пішіндерін;
– мұхит табанындағы ірі жер бедері пішіндерін;
– климат қалыптастырушы факторларды;
– жер бедерін бейнелеу тәсілдерін атай және (немесе) көрсете алуы тиіс;
– жер бедерінің қалыптасуына сыртқы және ішкі күштердің әсерін;
– материктердің географиялық орны мен ауданының оның табиғат жағдайына әсерін;
– материктер пішіні мен мұхиттар аумағының литосфералық тақталар қозғалысы әсерінен өзгеруін;
– адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғат кешендерінің өзгеру деңгейін қорытынды жасай алуы тиіс;
– табиғаттың ерекше қорғалатын аумақтары мен табиғи ескерткiштердi;
– қоршаған ортаны ластау көздерi мен түрлерiн;
– Қазақстанның жер бедерiнiң қалыптасуындағы iшкi және сыртқы күштердiң өзара байланысын;
– жергiлiктi жердiң өзен аңғарларының дамуын: құлап ағуы, еңiстiгi мен өзен ағысының жылдамдығын;
– өзен режимiнiң климат пен жер бедерiне тәуелдiлiгiн;
– топырақтың алуан түрлiлiгi және олардың географиялық таралуын;
– iшкi және сыртқы миграцияларды, олардың негiзгi себеп–салдарын;
– өндiрiстiк және өндiрiстiк емес өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы салаларын сипаттай алуы тиi:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ю.Н.Гладкий, С.Б.Лавров.
«Ғаламдық география», «Кітап баспасы». Алматы 2006 жыл.
2.Биология, география жəне физика : ғылыми-əдістемелік педагогикалық журнал. - Алматы : 2010ж,
3.География және табиғат: ғылыми – педагогикалық журнал. № 3 2010ж
4. География жəне табиғат : ғылыми-педагогикалық журнал. - Алматы : №2, 2003
5. Қазақстан географиясы жəне экология: мектепте жəне ЖОО-да оқыту республикалық ғылыми - əдістемелік журнал №5, 2003.
6.К. Жданова. Мир вокруг нас. Минск, 1991
7.К.С. Лазаревич. Я иду на урок географии. Москва. Первое сентября. 2000.
8.Г.Н. Элькин. География материков и океанов. Санк-Петербург «Паритет», 2001.
9 С.Р. Ердавлетов. Казахстан туристический. Алма-Ата: Кайнар, 1989.
Автор жөнінде мәлімет.
Муслимова Рыскул Сайлаубековна .
1. Туған жылы 14 сәуір 1980жыл.
2. Білімі: жоғары.
2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт
тарих және география факультетін бітірген.
4. Жалпы педагогикалық өтілі: 8 жыл.
5. Мадақтау:
Мектепшілік грамота 2009ж
Мектепшілік грамота 2010 ж
1. Аудандық ашық сабақтар:
«Қазақстанның табиғат зоналары» 8 сынып
«Жазықтар.Жазықтардың пайда болуы» 6 сынып
«Африка материгі» ойын сабағы 7 сынып
7. Баяндамалар:
1.Аудандық тамыз конференциясы :
«Дамыта оқыту технологияларын тарих және география пәндерінде тиімді қолдану». 2008ж
2.«Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» 2010ж
2.Аудандық семинар
«География сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, өз бетінше ізденімпаздықпен жан – жақты білім жинақтау қабілеттерін дамыту, өз жұмыстарына өзіндік сыни көзбен баға беруге дағдыландыру». 2012ж
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |