Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғатты қорғау негіздері


Табиғатты қорғау негіздері

Табиғатты қорғау негіздері

«Табиғатты қорғау негіздері» факультативтік курстың бағдарламасы табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.Бағдарлама география-биология пәнінің мұғалімдеріне арна лады.
Түсінік хат
Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кез еңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Экологиялық жағдай дың нашарлауы қоршаған  ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр.Айталық,климаттың жылынуы,өзен-көлдердің суының азаюы,мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы,биология лық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б.ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңда тушылық туғызып  отырғаны сөзсіз. 
 
Курстың мақсаты: оқушылардың қоршаған табиғи ортаға адам қоғамы ның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесі жайлы түсініктерін тереңдету.
 
Міндеттері:
1.Оқушылардың география және биология пәндері бойынша білім дерін тереңдету.
2.Оқушыларды еліміздің табиғи жағдайлары мен табиғи ресурс тарына экологиялық тұрғыдан баға бере білуге  қажетті  әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізе білуге,жинақталған материалдар ды жүйелеп,қорытынды мен дәйектемелер  жасай білуге үйрету.
3.Планетарлық деңгейдегі біртұтастылық принципін сақтай отырып, жергілікті жердегі экологиялық жағдайлардың жалпы қоршаған ортаға әсерін көрсету.
4.Оқушыларды өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыра отырып,энциклопедиялық,статистикалық,картаграфиялық деректер ді,ғаламтор жүйесінен алынған ақпараттарды өз бетімен өңдей білуге дағдыландыру
 
Курсты жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрас тырылған жұмыс дәптерін толтырады,өз білімдерін тексереді.
 
Курстық нәтижелігін бақылау формалары:
Курсты қорытындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады.Атап айтқанда:реферат тар жазу,баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу,жобалар ұсыну,тест жүргізу және т.б 
 
Бағалау формалары: оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.Бағалау барысын да:материалдың  дұрыс әрі сапалы баяндалуын,ұғымдар мен заңды лықтардың толық ашылуын,географиялық терминнің дәл қолдан- ылуын,оқушылардың дербес жауап беруін,материалдың дәлелді баян далуын,интеллектуалды,жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділік қалыптастырғанын ескеру қажет.Оқушылардың білімі 12 ұпайлық жүйемен және 3-деңгеймен бағаланады:
 
1-деңгей-базалық ( 1-4 ұпай)-бұл деңгей оқушының пән бойынша компетентілік деңгейі,пән бойынша оқушылардың хабарлылық дең гейі. 
2-деңгей- оқушының  пән бойынша сауаттылық деңгейі.
3-деңгей- оқушыны  мамандылыққа баулу  деңгейі,пәндік компетентті лігі.
 
Курстың мазмұны мен құрылымы
(Барлығы 85 сағат,аптасына 2,5 сағат)
Кіріспе (1 сағат)
Табиғи ортаны қорғаудың  маңызы және міндеттері
Адам және қоғам (7 сағат)
Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері.Экологиялық түсінік тер.Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы.Негізгі тарихи кезеңдер.
1-сарамандық жұмыс
Адамның табиғатқа әсерін бақылау
Табиғат байлықтары және оларды тиімді пайдалану (5 сағат)
Табиғат байлықтарын топтау.Оларды тиімді пайдалану жолдары.Қазақ станның табиғи байлықтары.Туған өлкенің табиғи байлықтары.
2-сарамандық жұмыс
Қазақстанның әртүрлі аймақтарында орналасқан өндірістік кешендер жүйесінің сызбасын сызу.
Су байлықтары және оларды қорғау (12 сағат)
Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы.Су бай лықтарының таралу географиясы.Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселесі.Қазақстанның су байлықтары.олардың қазіргі экологиялық жағдайы.Арал және оның экологиялық проблемалары.Кас пий теңізі және оның байлығын игерудегі жүргізілетін табиғатты қорғау жұмыстары.Зайсан,Марқакөл,Алакөл суын пайдалану және оларды лас танудан сақтау.Қазақстан өзендерінің суын тиімді пайдалану және қор ғау.Жер асты суларын тиімді пайдалану және ластанудан сақтау жол дары.Мұздықтарды қорғау.Жергілікті жердің су байлықтары және оларды қорғау проблемалары.
3-сарамандық жұмыс
Жергілікті жердің табиғи су көзіне саяхат.
4-сарамандық жұмыс
Жергілікті жердегі табиғи тұщы су  көздерінің ластану себептерін анық тау және оны сақтау жолдары.
Ауа қабатын қорғау (9 сағат)
Атмосфера туралы түсінік.Атмосфераның құрамы мен сапасына әсер ететін антропогендік факторлар.Атмосфераның ластануы жәнее оны лас тайтын негізгі көздер.Шудың зияны.Автокөлік және қоршаған орта. Дүние жүзінің ауа кеңістігінің кең көлемде ластануының болу себептерін анықтау және оларды қорғаудағы халықаралық келісімдер.Қазақстандағы ауа кеңістігін қорғау туралы Заң.Жергілікті жердің ауа бассейннің лас тануы.
5-сарамандық жұмыс
Жергілікті жердегі атмосфераны ластайтын негізгі кәсіпорындарды анық тау.
Жер байлықтары және оларды қорғау (10 сағат)
Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы.Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы.Минералды тыңайтқыштар мен басқадай химикаттардың топыраққа әсері. Қазақстан Республикасының Жер тура лы заңы.Топырақ эрозиясы және оның түрлері. Топырақ эрозиясымен күресу жолдары. Жер байлықтарын мелиорациялау және тиімді пайдала ну жолдары.Шөлдердің ұлғаю проблемасы.Жергілікті жердің топырақ байлықтарын пайдаланудағы проблемалар. 
Сарамандық жұмыс №6.Жергілікті жердегі топырақ эрозиясымен танысу. 
Сарамандық жұмыс №7 Қазақстандағы жерді рекултивациялау жұмыс тарымен танысу және оның табиғат қорғаудағы маңызын анықтау.
Минералды байлықтарды қорғау  (7 сағат)
Минералды байлықтар және оның маңызы. Қазақстанның минералды байлықтары. Қазақстанның пайдалы қазба байлықтарын қазып алудың тиімді жолдары.Жер қойнауындағы  байлықтарды қорғау Заңы. Қайтып қалпына келмейтін пайдалы қазбаларды игерудің тиімді жолдары. Жергі лікті жердің пайдалы қазбалары.
Сарамандық жұмыс №8.Қазақстанда өндірілетін пайдалы қазба үлгілері мен танысу және кен үлгілерін жасау.
Өсімдіктер және оларды қорғау жолдары (7 сағат)
Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы.Орман байлықтары және оның маңызы.Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау. Қазақ станның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер. Астана қаласын көгалдан дыру мәселелері. Астана маңындағы орманды өсіру мәселелері. 
Сарамандық жұмыс № 9. «Мектеп маңындағы ағаштар мен бұталарды есепке алу және қорғау жұмыстары»
Қазақстанның жануарлары және оларды қорғау  (20 сағат)
Жануарлардың адам өміріндегі маңызы.Қазақстанның жануарлар дүние сін қорғау. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар. Қазақстан ның қорықтары. Алматы  қорығы  және  оның   Іле   Алатауының табиғат кешенін қорғаудағы маңызы. Ақсу-Жабағылы. Наурызым қорығы. Қорғал жын қорығы. Марқакөл қорығы. Үстірт қорығы. Барсакелмес қорығы. Алакөл қорығы. Батыс Алтай қорығы. Қаратау қорықтары. Қорықшалар. Қазақ станның ұлттық парктері. Қазақстанның табиғат ескерткіштері.
Сарамандық жұмыс № 10. 
«Қазақстанның табиғатын қорғау» картасымен жұмыс істеу. Жергілікті жерге жақын орналасқан қорық, қорықша,табиғат ескерткіштерімен таны су  және негізгі мақсатын анықтау.
Табиғи кешендерді қорғау  (6 сағат)
Табиғи кешендерді қорғау шаралары. Экологиялық  соқпақ.. Қорғауды қажет ететін жерлер мен территорияларды анықтау. Экологиялық жорық кезінде оқушылардың өзін ұстау ережелері.
1 Табиғи ортаны қорғаудың маңызы мен міндеттері 1
ІІ Адам қоғамы және қоршаған табиғи орта     7 сағат
2 Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері 1
3 Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері 1
4 Экологиялық түсініктер 1
5 Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы 1
6 Негізгі тарихи кезеңдер 1
7 Қазіргі кезең 1
8 Сарамандық жұмыс №1 «Адамның табиғатқа әсерін бақылау» 1
ІІІ Табиғи байлықтар және оларды тиімді пайдалану       5 сағат
 
9 Табиғи байлықтарды топтау 1
10 Оларды тиімді пайдалану жолдары 1
11 Қазақстанның табиғи байлықтары 1
12 Туған өлкенің табиғи байлықтары 1
13 Сарамандық жұмыс № 2    Қазақстанның әртүрлі аймақтарында  орналасқан  өнді рістік   кешендер  жүйесінің сызбасын сызу 1
ІV Су байлықтары және оларды қорғау  12 сағат
14 Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы.Су байлық тарының таралу географиясы 1
15 Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселесі 1
16 Қазақстанның су байлықтары,олардың қазіргі экологиялық жағдайы 1
17 Арал  теңізі  және  оның  экологиялық  проблемалары 1
18 Каспий теңізі және оның байлығын игерудегі жүргізілетін табиғатты қорғау жұмыстары 1
19 Зайсан,Марқакөл,Алакөл көлдерінің суын пайдалану және оларды ластаудан сақтау 1
20 Қазақстан өзендерінің суын тиімді пайдалау және  қорғау 1
21 Жер асты суларын тиімді пайдалану және ластанудан сақтау жолдары 1
22 Мұздықтарды қорғау 1
23 Жергілікті жердің су байлықтары және оларды қорғау проблемалары 1
24 Сарамандық жұмыс №3. Жергілікті жер дің табиғи су көзіне саяхат 1
25 Сарамандық жұмыс № 4. Жергілікті жер дегі табиғи тұщы су көзінің ластану себептерін анықтау және оны сақтау жолдары 1
V Ауа қабатын қорғау  9 сағат
26 Атмосфера туралы түсінік 1
27 Атмосфераның құрамы мен сапасына әсер ететін антропогендік факторлар 1
28 Атмосфераның ластануы және оны ластайтын негізгі көздер 1
29 Шудың зияны 1
30 Автокөлік және қоршаған орта 1
31 Дүниежүзінің ауа кеңістігінің кең көлем де ластануының болу себебін анықтау және оны қорғаудағы халық аралық келісімдер 1
32 Қазақстандағы ауа кеңістігін қорғау жайлы Заңы 1
33 Жергілікті жердің ауа бассейнінің ластануы 1
34 Сарамандық жұмыс № 5   «Жергілікті   жердегі атмосфераны    ластайтын   негізгі    орындарды анықтау» 1
Жер байлықтары және оны қорғау   10 сағат
35 Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы 1
36 Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы 1
37 Минералды тыңайтқыштар мен басқа дай химикат тардың топыраққа әсері 1
38 Қазақстан Республикасының Жер тура- лы заңы 1
39 Топырақ эрозиясы және оның түрлері. Топырақ эрозиясымен күресу жолдары 1
40 Жер байлықтарын мелиорациялау және тиімді пайдалану жолдары 1
41 Шөлдердің ұлғаю проблемасы 1
42 Жергілікті жердің топырақ байлықтарын пайдаланудағы проблемалар 1
43 Сарамандық жұмыс № 6. Жергілікті жердегі топырақ эрозиясымен танысу 1
44 Сарамандық жұмыс № 7. Қазақстандағы жерді рекултивациялау жұмыстарымен танысу және оның табиғат қорғаудағы маңызын анықтау 1
VІІ
Минералды байлықтарды қорғау       7 сағат
45 Минералды байлықтар. 1
46 Қазақстанның минералды байлықтары 1
47 Қазақстанның пайдалы қазба байлықтар ын қазып алудың тиімді жолдары 1
48 Жер қойнауындағы байлықтарды қорғау Заңы 1
49 Қайтып қалпына келмейтін пайдалы қазбаларды игерудің тиімді жолдары 1
50 Жергілікті жердің пайдалы қазбалары 1
51 Сарамандық жұмыс № 8. Қазақстанда өндірілетін пайдалы қазба үлгілерімен танысу және кен үлгілерін жасау 1
VІІІ
Өсімдіктер және оларды қорғау жолдары        7-сағат
52 Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы 1
53 Орман байлықтары және оның маңызы 1
54 Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау 1
55 Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер 1
56 Астана қаласын көгалдандыру мәселе- лері 1
57 Астана маңындағы орманды өсіру мәсе- лелері 1
58 Сарамандық жұмыс № 9 «Мектеп маңын дағы ағаштар мен бұталарды есепке алу және қорғау жұмыстары» 1
ІХ Қазақстанның жануарлары және оларды қорғау            3 сағат
59 Жануарлардың адам өміріндегі маңызы 1
60 Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау 1
61 Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар 1
Х Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аудандары     17 сағат
62 Қазақстанның қорықтары 1
63 Алматы  қорығы  және  оның   Іле   Ала- тауының табиғат кешенін қорғаудағы маңызы 1
64 Ақсу-Жабағылы 1
65 Наурызым қорығы 1
66 Қорғалжын қорығы 1
67 Марқакөл қорығы 1
68 Үстірт қорығы 1
69 Барсакелмес қорығы 1
70 Алакөл қорығы 1
71 Батыс Алтай қорығы 1
72 Қаратау қорықтары 1
73 Қорықшалар 1
74 Қазақстанның ұлттық парктері 1
75 Қазақстанның ұлттық парктері 1
76 Қазақстанның табиғат ескерткіштері 1
77 Қазақстанның табиғат ескерткіштері 1
78 Сарамандық жұмыс № 10 «Қазақстанның табиғатын қорғау» карта сымен жұмыс істеу.   1
ХІ Табиғи кешендерді қорғау  6 сағат
79 Табиғи кешендерді қорғау шаралары 1
80 Экологиялық  соқпақ 1
81 Қорғауды қажет ететін жерлер мен территорияларды анықтау 1
82 Экологиялық жорық кезінде оқушылар дың өзін ұстау ережелері
83 Табиғатқа экскурсия 1
84 Табиғатқа экскурсия 1
85 Қорытынды сабақ 1
Барлығы: 85 сағат
 
 
Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:
 
Оқушылар: 
 
-Табиғи ортаны қорғаудың  маңызы және міндеттерін;
-Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздерін;
-Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын;
-Негізгі тарихи кезеңдерді;
-Табиғат байлықтарын топтауды;
-Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызын;
-Су байлықтарының таралу географиясын;
-Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселелерін;
-Топырақ байлықтарының қазіргі экология лық жағдайын;
-Қазақстан Республикасының Жер туралы Заңын;
-Топырақ эрозиясы және оның түрлерін; 
-Мелиорациялау жолдарын;
-Минералды байлықтардың маңызын; 
-Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын;
 -Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғауды;
- Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарларды;
- Қазақстанның қорықтарын;
-Табиғи кешендерді қорғау шараларын білуі тиіс 
 
-Минералды тыңайтқыштар мен басқадай химикаттардың топыраққа әсерін;
-Адамның табиғатқа әсерін бақылай білуі тиіс
-Қазақстанның табиғи байлықтары мен туған өлкенің табиғи байлықтары- на;
-Арал және оның экологиялық проблемаларына;
-Каспий теңізінің экологиялық проблемаларына;
-Зайсан,Марқакөл,Алакөл көлдерінің су байлықтарына;
-Өзендерінің суын тиімді пайдалану және қорғау деңгейіне;
-Жер асты суларын тиімді пайдалану жолдарына;
-Мұздықтарды қорғау жұмыстарына;
-Шудың зиянына;
-Автокөліктің қоршаған ортаға әсеріне;
-Қазақстанның су байлықтарына;
- Шөлдердің ұлғаю проблемасына;
-Қазақстанның пайдалы қазба байлықтарын қазып алудың тиімді жолда рына баға бере білуі тиіс
-Астана қаласын көгалдандыру мәселелерін шеше білуге қажетті;
-Жергілікті жердегі табиғи тұщы су  көздерінің ластану себептерін анықтауға қажетті;
-Қазақстанның әртүрлі аймақтарында орналасқан өндірістік кешендер жүйесінің сызбасын сыза білу; 
-Жергілікті жердегі атмосфераны ластайтын негізгі кәсіпорындарды анықтауға қажетті;
дағдыларын меңгеруі тиіс
 
Пайдаланылған  әдебиеттер:
1.Жалпы білім   беретін мектептерде «география» пәнін тереңдетіп оқыту ға арналған бағдарламалар. Алматы 2009.Географиядан  Республикалық атаулы мектеп.
2.Бейсенова Ә.С. Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2006
3.Табиғатты қорғау жөніндегі материалдар жинағы.Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982.
4.Аралым-арым,Балқашым-бағым.Алматы. «Қайнар» 1988
4.Әбшенова Л.Ү. Заирова Б. Адам экологиясы,денсаулығы және өмірлік дағдылары.Алматы. 2010
5.КовшарьА.Ф.Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен.Омыртқалы жан уарлар.Алматы.Алматыкітап ААҚ.2004
6.Сәтімбеков Р,Әлімқұлова Р,Шілдебаев. Биология.Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2007
7.Ковшарь А.Ф.Иващенко А.А. Заповедники  Казахстана.Алматы.Наука. 1989.
8.Хван П.А. Хван Т.А.Основы экологии.Ростов-на-Дону.2001.
9.Алесеев С.В.Экология.Санкт-Петербург.Само-Пресс.1999.
10.Захлебный А.Н. Суравегина И.Т.Экологическое образование школь ников в внеклассной работе.Москва.Просвещение.1994.
11.Алексеев С.В. Груздева Н.В. Гущина Э.В.Экология.Информационно-развивающие дидактические задания для учащихся 9-11 классов. Санкт-Петербург.1999.
12.ФурсовВ.И.Экологические проблемы окружающей среды.Алматы. 1991
13.Бейсенова Ә, Қарпеков К. Қазақстанның физикалық  географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Алматы. Атамұра.2004
14.«Таза болса табиғат-аман болар адамзат» республикалық конкурсының материалдары.Астана қаласы.2011

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс
Қазақстанның табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және экологиялық мәселелер
Адам және қоршаған орта
Экология негіздері
Экология негіздері
Табиғатты қорғау негіздері
Сағат саны Мақсаты Мерзімі
Биоэкология қолданбалы курсы
Әлемдік география
Табиғат ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6395 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык