Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Биоэкология қолданбалы курсы


Биоэкология қолданбалы курсы

Биоэкология қолданбалы курсы

Түсініктеме                                                                                                    
      Биоэкология  қолданбалы  курсын  оқыту  арқылы оқушылардың тірі табиғатқа деген  көзқарастарын  дамытуда,  қоршаған орта  жағдайы мен тір ағзалар арасындағы байланыс қамтылады.    Қолданбалы курс  оқушылардың  экологиялық білімдерін  ары  қарай жетілдіре отырып, биогеоценоз заңдылықтарын танып білуге , экологиялық проблемаларды дұрыс түсіне білуге үйретеді .  Қоршаған ортаның ластану себептерін дұрыс танып білуге қалыптастырады. Табиғаттағы зат айналым процестері туралы білімдерін кеңейте отырып , олардың қоршаған ортаға әсерін, қоректік экологиялық приамидалардың маңыздылығын, табиғаттықорғау шараларын түсіндіреді. Биоэкологя пәні туралы түсініктерін дұрыс қалыптастырады. Экологиялық сауатты ойлауға тәрбиелейді. Қолданбалы  курста туған өлкенің экологиялық жағдайын нақты сараланады.Қолданбалы курс сабақтары оқушылардың өздік ізденіс дағдыларын  арттыра отырып , оқытуға негізделген .
Мақсаты: 
Оқушылардың  биология, экология негізінде «Биоэкология» ғылымы туралы түсініктерін,  ғылыми тұрғыдан  көзқарастарын қалыптастыру, білімдерін тереңдету және дамыту.
Міндеттері:
• Экология негізерді туралы алған  білімдерін  ғылыми негіздерге сүйеніп, ары қарай тереңдету, дамыту
• Экологиялық есептерді шеше білуге
• Экология негіздері бойынша білімдерін, дүние танымдарын кеңейту
• Оқушылардың  экология ғылымына  көңіл бөліп  шығармашылықпен ізденуіне және   қоршаған орта экологиялық мәселелерге зерттеп, зерделеуге, ҚР Заңнамасындағы экологиялық баптарды  білулеріне экологиялық тәрбие беруге тәрбиелейді.
• Жергілікті жердің экологиялық жағдайларына баса назар аударуға
• Әртүрлі экологиялық жобаларға қатысуды 
 
 
Оқушыларға қойылатын  талаптар:
Білік дағдылары: 
• Экология  ғылымының ашылып жатқан жаңалықтарынан хабардар болу
• Биологияның дамуының әлеуметтік –ұлтаралық және адамзаттың экологиялық мәселелерімен  арасындағы байланысты орната білу
• Экологиялық зерттеулерді өз бетімен орындай білу (бақылау, өлшеу, экспермент қою, моделдеу) және зерттеу қорытындыларын сауатты рәсімдеу.
                 Экологиялық терминдер мен белгілерді пайдалану
• Қоршаған орта жағдайларының ластану себептерін танып –білуге
• Жер қабаттарының биологиялық, географиялық ерекшеліктерін білуге
• Қазақстанның табиғи су қорларын
• Сирек кездесетін дәріліу өсімдіктерді табиғат аясында танып білуге
• Жергілікті жердің экологиялық проблемаларын білуге
• Қоршаған ортаның адам ағзасына әсерін
• Экологиялық есептеулерді сауатты жүргізу
• Өсімдіктермен жануарлардың экологиялық топтарын ажырата білуге
• Кеппе шөптермен жұмыс жасай білуге
• Топсеруен кездерінде табиғатта өздерін ұстай білуге
• Табиғаттағы зат айналымды
• Жергілікті жердің өсімдіктерін танып білуде систематикалық анықтамалықпен жұмыс жасай білулерін.
• Жануарлар коллекцияларын жинақтай білу
• Жергілікті жерді кездесетін өсімдіктер мен жанцуарлар түріне назар аудару
• Биотехнология, нанотехнология жетістіктерін білу
• Қызыл Кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін танып білуге
 
Дамыту: 
• Дүниетанымдық қызығушылықтарын
• Қазіргі заманғы экологиялық мәселелерді оқу барысындағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері
• Эксперменталдық зерттеулер жүргізу
• Экологиялық есептерді шешу
 
 
 
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта отырып  жоғары деңгейде ойлай алатын тұлға тәрбиелеу; Өмірге деген көзқарастарын арттыру
 
Бақылау түрлері мен формасы: 
• Әртүрлі  қиындық деңгейдегі тест тапсырмалары
• Семинар сабақтар
• Кестемен жұмыс істеу
• Әртүрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмалары бар жеке карточкалар.
 
Іскерлік әрекет: 
• Экологиялық  теориялық білімді практикамен ұштастыру.
• Күнделікті өмірде экологиялық білімді пайдалануы
Бағдарлама туған өлкенің табиғатын тани білуге оқушылардың ғылыми жаратылыстану көзқарастарын , экологиялық ойлауларын азаматтық жауапкершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Бағдарлама оқушылардың жеке білім , білік дағдыларын ескере отырып, ұжымдық оқыту, саралап деңгейлеп оқыту, АКТ, сын тұрғысынан оқыту мен жазу, тірек конспектілері, дидактикалық материалдар және жеке оқушымен дербес жұмыс жасау арқылы оқытылады. 
 
 
«Биоэкология»  қбойынша 2013-2014  оқу жылына арналған күнтізбелік  тақырыптық  жоспары.
11 «б,в»сынып, аптасына 1 сағат 
барлығы 34 сағат
№ Сабақтың  тақырыбы Сағат 
саны Өткізу
мерзімі
Жалпы экологияның негіздері 10
1 Жалпы экологияның негіздері, экологиялық факторлар.Экожүйе- биосфераның құрылымдық функционалды бірлігі 1 2-7.09
2 Экожүйе- биосфераның құрылымдық- функционалды бірлігі 1 9-14.09
3 Популяциялар. Түрлер 1 16-21.09
4 Популяциялық есептеулер 1 23-28.09
5 Бәсекелестік. Түрлері сипаттамасы 1 30-5.10
6 Тіршілік үшін күрес 1 7-12.10
7 Экологиялық пирамидалар, коректік тізбек 1 14-19.10
8 Табиғаттағы зат айналымы
Көміртек, азот айналымы 1 21-26.10
9 Оттек, күкірт, фосфор, судың айналымы 1 28-02.11
10 Табиғаттағы зат айналымының қоршаған ортаға әсері 1 12-16.11
Биосфера  туралы ілім 6
11 В.И. Вернадскийдің  биосфера туралы ілімі 1 18-23.11
12 Биосфераның эволюциясы. Тіршілік тарихы 1 25-30.11
13 Биосфера тұрақтылығы 1 2-7.12
14 Биосфера  тұрақтылығына антропогендік іс-әрекеттің әсері 1 9-14.12
15 Ноосфера  және тұрақты даму концепциясы 1 16-21.12
16 Сынақ. Қорытындылау 1 23-28.12
Адам, өсімдіктер және жануарлар экологиясының  негіздері 9
17 Өсімдіктер экологиясы 1 13-18.01
18 Экологиялық факторлардың өсімдіктерге әсері: жылу, жарық, топырақ, ауа 1 20-25.01
19 Өсімдіктердің тіршілік формалары
Жергілікті жердің өсімдік топтары 1 27-1.02
20 Популяцияның экологиясы. 1 3-8.02
21 Бірлестіктер экологиясы 1 10-15.02
22 Биогеоценоз 1 17-22.02
23 Табиғатты қорғау 1 24-1.03
24 Қазақстанның, Шығыс Қазақстан облысының  экологиялық проблемалары 1 3-.8.03
25 Бақылау жұмысы 1 10-15.03
Микроағзалар  экологиясының негіздері 9
26 Микроағзалар экологиялық топтары 1 17-19.03
27 Микроағзалардың  таралуы. Бактериялардың табиғи популяциялары 1 1-5.04
28 Микроағзалардың қоршаған ортаға әсері 1 7-12.04
29 Микроағзалардың таралуы. Микроағзаларға орта факторларының әсері 1 14-19.04
30 Микроағзалардың  зат пен энергия айналымына  қатысуы 1 21-26.04
31 Қоршаған ортаның  биотехнологиясындағы  әсерлер 1 28-03.05
32 Биотехнологиядағы процестер. Адам және микроағзалар 1 5-10.05
33 сынақ 1 12-17.05
34 Жылдық қорытынды
1 19-24.05

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адам және экология
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
Экология ғылымының зерттеу әдістері
Ағза және қоршаған орта
Дүние жүзі тарихы
8-сынып, Дүние жүзі тарихы
Адам және қоршаған орта
Экология негіздері
Экология негіздері
Табиғатты қорғау негіздері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 8804 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 18 октября 2014 11:26
Қолданбалы курс
avatar
• 18 октября 2014 11:27
Қолданбалы курс биология 6 сынып
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык