Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6922 |
|
|
|
Қайырымдылық- адамгершілік белгісі
Қайырымдылық- адамгершілік белгісі
Жүргізуші: Мен өзімнің сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде басталғалы тұрмын.
«Қайырымдылық -адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру,жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса, Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.
Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.
Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын
Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын
Ойсыздарға ой салған оқпан болып
Асып – тасқан жерінде ән салатын
Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген
Анаңның жүрегі емес елжіреген
Еркелетіп бойына үйретіп ап,
Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген
Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,
Түсірмейді қолынан асық етіп.
Бұл өмірге, апыр ау дауа барма?
Кейде нұқып тастайды жасық етіп.
Қызығы да өмірдің осы болар,
Сан қилы мінезімен тосып алар.
Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,
Бауырындай құшақтап қосып алар.
Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық- адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы –жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат.Жомарт болу- өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай аудандық білім беру бөлімі 2010 жылдың 11 қаңтары мен 11 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру айлығын өткізді.Айлық барысында «Бейнеу лицейі» - де оқушылырдың толық тізімі жасалып, ақылы есі шектеулі және тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан,жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушылар анықталды.Аталған шара аясында Бейнеу лицейінде тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, демеуші болғысы келетін 33 ата- ана өз үлестерін қосып, нәтижесінде 52600теңге көлемінде 12 оқушыға қыстық киімдер мен оқу құралдарымен қайырымдылық көмек көрсетілді. Мектепте әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 оқушыға мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Баланың бір уақыт тамағы үшін 179 теңге құрайды.Асханадан берілетін ыстық тамақтың сапалығын, гигиеналық талаптарын бақылау үшін арнайы комиссия құрылып қадағаланды.Тегін тамақ беріліп отырған балалардың әртүрлі тағдыры бар.Олар мектеп ұжымы мен ата-аналар комитетінің жан-жақты тексеруінен кейін осы мүмкіндікке жетіп отыр. Мектеп асханасын жүргізіп отырған жеке кәсіпкер Бәтима Серікбаева өз қаражатымен 13 жартылай жетім баланы ыстық тамақпен тамақтандырса, 7 «а» сынып оқушылары өз еріктерімен қаржылай көмек қолын созды.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.
Алғы сөз 1.«Бейнеу лицейі» директорының міндетін атқарушы А.Жөнелбаевқа сөз кезегін беремін.( Алғыс хат тапсыру рәсімі)
2. Директордың тәрбие ісінің орынбасары Г.Шәудірбаева
Жүргізуші: Жансаң көзі қарақты
Қиналғанды аңғарар
Өзіңнен сөз тарапты
Жақсылыққа жалғанар
Дәнекер боп жүргенің
Азаматтық ерлігің
Жөн жосықты білгенің
Еңсесі биік елдігім
Байлық қуат алапат
Қағып түсер қарғысың
Демеушілік шарапат
Алар елдің алғысын демекші бүгінгі кешіміздің қонақтары, яғни өз қаражаттарымен көмек қолын созған ата -аналарға сөз береміз.
Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміздің беташарын биші қыздарымыздың биімен ашалық.
Майысып бұраңдаған денелері
Алаулап жайнаған көздері
Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,
Алдарыңызда мектебіміздің гүлдері
Би. Орындайтын Мұратова Мадина
.
Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен...
Ән. «Көнеміз ғой» Орындайтындар: Жолбергенов Данияр
Амантай Саят
Ән. «Дүние керуен»
Жүргізуші: Мектеп психологы К. Қожановаға сөз.
Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.
Ән «Айналдым сенен Атамекен». Орындайтындар:Жәкеновтер
Нұркен мен Нұрхан
Ән. «Әгугай»
Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.
Күй. «Айжан қыз»Орындайтын: Аманқұлова Марал
Түрік биі «Сұлтан». Орындайтындар бишілер тобы
Жүргізуші: Атаң болса, анаңмен-
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса ақылды-
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр-
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе – бауыр, жүрегің.
Халық әні «Қоғалай» Орындайтын: Дүйсеғали Айдана
Көркемсөз. «Қандай жанмын?» Оқитын Алтынбек Бақдәулет
Жүргізуші: Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген- барлық байлық емес пе?
Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: «Бақыт деген- жүйрік мініп той тойлау»
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.
Бірі айтады: «Бақыт деген- адал жар мен перзент қой!»
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым
Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,
Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!
Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе , сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Қайырымдылық- адамгершілік белгісі» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.
Хор «Атамекен»
Құрметті редакция!
Әжібаева Гулназ Айтжанқызы «Бейнеу лицейі»ММ -де 2001жылдан бері мұғалімдік қызмет атқарып келеді. Атырау қаласындағы Х.Досмухаммедов атындагы Атырау мемлекеттік университетінің «денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. II- санатты мұғалім.
Бейнеу лицейінде педагог- ұйымдастырушы боп қызмет атқарады.Ол өзінің жасаған жұмыстарын, іс-тәжірибесін болашақ жас мамандарға үлгі болсын деп баспасөз беттеріне жариялап жүр. Соның бірі мектебімізде өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының қорытынды кешінің сценарииін ұсынып отыр.
Кайырымдылық кешінде демеуші жасаған ата аналар шақырылып, оларға алғыс айтылды.Кеш өте әсерлі өткізіліп, көрермендер жүрегіне жылылық, адамгершілік сияқты қасиеттер себе білді.Көмек алған білім алушылар дән риза болып алғыстарын жаудырды. Осындай тәрбиелік мәні бар кештер жалғасын таба берсін деп Гүлназға шығармашылық табыс тілейміз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |