Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі


Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі

«Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі...»

Мақсаты: балаларды Абай шығармашылығы арқылы адамгершілікке,имандылыққа, Отанын, елін сүюге, үлкенге ізет,  кішіге қамқор болуға ,ізгілікке тәрбиелеу.

 

Кеш барысы:

Абайдың «Көзімнің қарасы » әні  баяу  орындалып тұрады.

 

Жүргізуші:-   Құрметті қонақтар мен оқушылар, бүгін ұлы Абай сөзімен айтқанда,  «Әдептілік,ар-ұят-адамдық белгісі ...» атты ашық тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.  Қазақтың асқан ойшыл, кемеңгер ұлы Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес, өлмес мұралары –кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес байлық, рухани қазына. Өйткені оның әрбір сөзі  бүкіл адамзат баласын  адамгершілікке,имандылыққа, ізгілікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ата-анасын құрметтеуге  тәрбиелейді.

 

1- оқушы :Ғылым таппай мақтанба,

                 Орын таппай баптанба.

                 Құмарланып шаттанба,

                 Ойнап босқа күлуге.

 

2-оқушы: Әсемпаз болма әрнеге

                 Өнерпаз болсаң, арқалан.

                 Сен де бір кірпіш дүниеге

                  Кетігін тап та , бар, қалан

 

3-оқушы : Ақырын жүріп, анық бас,

                 Еңбегің кетпес далаға.

                 Ұстаздық  еткен жалықпас

                  Үйретуден балаға.

1-оқушы ; Ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай айтқан даналықтың бірі-адамды қор қылатын үш нәрсе бар. Олар: надандық, еріншектік, залымдық. Осылардан бойын аулақ ұстаған адам- нағыз азамат атанары сөзсіз.

 

2-оқушы: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», - ұлы ақын  өзі айтқандай, жер бетіндегі адамдардың түсі басқа болса да , тілегі бір, түрі басқа  болса да , жүрегі бір болғанда ғана іргелі ел болатынын  асқан көрегендікпен айтып, татулыққа, ынтымаққа шақыруы ғажап емес пе?! Қаншы уақыт өтсе де, Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлт пен ұлыстың тату- тәтті тірлігіне  арқау болған бауырмалдық, ынтымақ пен бірлік –жарасымды тірлігіміздің куәсі.

 

3-оқушы :Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу-қанымызға сіңген қасиет .Жаста берген тәрбиенің жасөспірімге тигізер пайдасы мол. Үлкеннің сөзіне құлақ салу, айтқанды екі етпеу-әдепті ұлдың белгісі екендігін ескертеді.

         Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі,

         Тұрпайы мінез, тағы, жат- надандықтың белгісі.

(  «Бойы бұлғаң» әні орындалады.)

 

4-оқушы:  Қайрат пен ақыл жол табар,

                  Қашқанға да, қуғанға.

                  Әділет, шапқат кімде бар,

                  Сол жарасар туғанға.

 

Көрініс: «Бақыт, Ақыл, Байлық»

 

5-оқушы: Еңбекпен достасқан адамның алар асуы, шығар биігі әрдайым жоғары. Жалқаулықты жар қылған адам төрдегі басын ,босағаға сүйрейтіні ақиқат. Сондықтан да ақынның:

             Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық

             Аздырар адам баласын,-

деген сөздерінде түсінгенге терең ой жатыр.Ерінбей оқып, жас уақытта білім алуға ынтығып,уақытты зая кетірмесек, түбінде алға қойған мақсат-мұраттарымызға қол жеткізуге болатынын өсиет еткен.

 

(«Көзімнің қарасы » әні орындалады.)

 

Жүргізуші: Адамгершілік, әдептілікке байланысты мақал-мәтелдер жарысын бастаймыз.

 

1-оқушы: Әдепті бала- арлы бала,

                 Әдепсіз бала – сорлы бала.

2-оқушы: Ақыл-тозбайтын тон,

                Білім-таусылмайтын кен.

3-оқушы: Әдепті бала- ата -анасын мақтатар,

                 Әдепсіз бала –ата -анасын қақсатар.

4-оқушы: Жақсы адам ай мен күндей,әлемге бірдей.

5-оқушы: Саналы адам сағыңды сындырмас,

                 Санасыз адам жағыңды тындырмас.

6-оқушы:Досы кһпті жау алмайды,

                 Ақылы көпті дау алмайды.

7-оқушы : Жақсы адам- елдің ырысы,

                  Жақсы жер- жанның тынысы.

8-оқушы:  Ашу –дұшпан, ақыл –дос,

                 Ақылыңа  ақыл қос.

Мәреге жеткен тәрбие сағатын қорытындылаймыз.

Жүргізуші:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-

деген ұлы ойшыл бабамыздың әр сөзі адамзат баласына ғасырлар бойы адамгершіліктің әліппесін ұсынған рухани асыл қазына дерсің!Абай салған сара жолмен ілгері ұмтылған дана халықтың текті  ұрпағымыз.Егемен ел болдық. Ата –баба аңсаған еркіндікке қол жеткіздік.Тәуелсіздіктің тұғырының берік болуы-ел тізгініне ие болатын  жастардың бойға жиған білімі мен  ақыл-ойына тығыз байланысты. Осы сара жолға түскен  білімді , зейінді , дарынды жастардың талабы мен ынта-жігеріне Абай атамыздың  ғибратқа толы жырлары  күш-қуат беріп, демей жүрсін!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әдептілік - әдемілік.
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әдептілік-әдемілік
Әдептілік – тәрбие бастауы
Мұғалімнің кәсіби болмысы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе
Адамгершілік - асыл қасиет
Абайдың қара сөзінен
Ұстаздың ұлы келбеті
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 17212 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык