Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 62974 |
|
|
|
Ислам дәуіріндегі әдебиет
Ислам дәуіріндегі әдебиет ( Х-ХІІ ғ.)( 7 сағат)
Сыр бойы әдебиеті. Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жерін бір кезде мекен еткен түркі халықтарының тарихында қоғамдық дамудың жаңа басқышы болғандығын,осы кезде түркі қауымын айдай әлемге танытқанұлы ғұлама Әл-Фараби,А.Йасауи,А.Жүйнеки тарих сахнасына шығып, әлемдік шығармаларын туғызған, түркі халықтарының қоғамдық мәдени даму тарихында қайта өрлеу ренессонас дәуірінің болғандығы айтылады..Шығыс ғалымдары Аплатон мен Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп ат берген Әбунасыр әл-Фарабидің еңбектері.Әл-Фараби-энциклопедиялық білімі бар ғалым.Әл-Фараби мен Абай ойларының ұқсастығы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.Әл-Фараби-ғұлама, ойшыл.
Қосымша оқуға: А.Машанов. Әл-Фараби мен Абай. Алматы, «Қазақстан»,1994
Ахмет Йасауи (ХІІ ғ.) «Хикметтер»
Сопылық ілімнің адамзат тәрбиесінде алатын орны.Сопылық ілімнің ақын,ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандық нұрын шашқан діни қайраткер,сопылық ағымның ғұлама пірі Йасауи поэзиясында дәстүрлі жаңа бір мазмұнда жалғасып,орын алуы.Түркі тілінің мәртебесін көтеруге қызмет етіп,өз өмірімен үлгі болған ұстаз туралы. Ұстаздың пәлсафалық ойлары.
Ахмет Жүйнеки (ХІІ-ХІІІғ.) «Ақиқат сыйы» кітабы
Кітаптағы айтылмақ ойдың сабағы.А.Жүйнекидің қанатты сөздері.
Қарахан әдебиеті. Жүсіп Баласағұни(ХІ ғ.) «Құтты білік»
Дастанда көтерілген негізгі мәселе. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Дастандағы адам мүмкіндігінің шексіз екендігі,адамның әділетке жете алатындығы, мұсылмандардың қырқыншы парызы- ғылымның таным үрдісіндегі рөлі.Тіл, білім,қайырымдылық,адамгершілік, бала тәрбиесі,көрші хақы,қонақ күту,ел басқару,адамшылыққа қарама-қарсы қылықтар жөніндегі көтерілген мәселелер.
Баласағұни- арабтың аруз өлшемін түркі поэзиясына алғаш кіргізген ақын.Қазақ әдебиетінде табиғат лирикасының бастаулары Баласағұни еңбектерінде.Абай мен Баласағұнидың табиғат жайлы өлеңдеріндегі ұқсастық.
Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы. Қарахан мемлекеті.
Қосымша оқуға: Абай Құнанбаев «Жаз», «Жазғытұры» өлеңдері.
Махмұд Қашқари (ХІ ғ. ) «Түркі тілдерінің сөздігі»
Махмұд Қашқари- орта ғасырдағы түркі тайпаларынан шыққан ірі ғалым,ауыз әдебиетін жинаушы,араб,парсы мәдениетін,араб грамматикасын жетік білген адам. Қазақ даласының мекен-жайлары жөніндегі деректер.Жиі кездесетін деректер жөніндегі деректер.Махмұд Қашқари жинаған түркі мақал- мәтелдері.М.Қашқари жинаған 875сөз, 60 мақал-мәтелдің қазіргі қазақ тілінде ешбір өзгеріссіз қолданылуы . Ғалымның табиғат туралы көзқарасының қазақ әдебиетінің бергі дәуірлеріндегі Ыбырай ,Абай өлеңдерімен үндесіп келуі, суреттеу тәсілдерінің бірдейлігі.
Қосышша оқуға: Түбі бір түркі тіл.( Аударғандар: Қ. Бекетаев, Ғ.Ибатов). Алматы, Ана тілі,1993.
Пәнаралық байланыс. География.Қазақстанның жер-су атаулары.Қазақстан тарихы.Түркі тайпалары.
Алып Ер Тұңғаға арналған жоқтауды қазақ әдебиетіндегі Абайдың ұлы Әбішке және Жамбылдың ұлы Алғадайға арнаған жоқтауларымен салыстыра зерттеу.
Орхон ескерткіштерінің көркемдік ерекшелігі
«Алып-Бамсы» жырының «Алпамыс» жырымен ұқсастығы (дебат)
«Кемел мемлекет» арманы (эссе)
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (мәнжазба)
Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар (сынақ тапсыру)
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушы:
- қосымша оқып,талдауға ұсынылған шығармаларды өз бетімен оқып,мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеруі;
- оқып зерделенген туындының тектік, жанрлық сипатын білуі;
- оқып зерделенген шығармалардың идеялық-көркемдік мазмұндағы мәнін,сюжет элементтерінің мәнін,олардың бір-бірімен себеп-салдарлық байланысын білуі;
- тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін,оқиғаларын (анықтайтын мәселемен байланыстыра отырып) салыстыра пайымдай алуы;
- көркем шығарманың негізгі мазмұнын,идеялық-тақырыптық мәнін, рухани қажеттілік пен төзімділік сияқты нысандарды ұстана отырып,көркем мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмаса алуы;
- көркем туындының кейіпкері жайлы бір мақсатты көздей отырып қойылған жағдаяттық сұраққа жауап беруде өзіндік көзқарасын азаматтық белсенділік тұрғысынан білдіре алуы;
- көркем шығарма кейіпкерлерінің әрқайсысының жекелік және жалпылық сипаттарын анықтай отырып, бас кейіпкер бейнесін аша білу және оқиға мен кейіпкерлер арасындағы байланысты қоршаған орта,әлеуметтік жағдаяттарда тани алуы;
- алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде,күнделікті өмірде қандай да бір теориялық әрі практикалық жаңалықтарды шешуде қолдана білуі;
- оқыған, талданған шығарма немесе өз бетімен оқыған туындысы жайлы тезис, рецензия,пікір жаза білуі және ғылыми тұжырымдар жасай алуы тиіс.
Пәнаралық кіріктіру: Қазақстан тарихы, География, Музыка, Бейнелеу өнері.
Кәсіпке бағдарлау: журналист, филолог, әдебиетші,қазақ тілі мен әдебиетінің маманы, ғалым-филолог,тарихшы,тілші,елтанушы,зерттеуші.
Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұны
р/с Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
І бөлім.Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлар 4сағат
1 Кіріспе
Алып-Ер Тұңға( б.з.б.VII-II ғ).
2 Тұмар патша (б.з.б.Viғ.), Сақ патшасы-Зарина сұлу (б.з.б. Vғ.) 1
3 Ширақ батыр (б.з.б.Vғ.),Мөде батыр (б.з.б.209-174ж.ж) 1
4 Алып Ер Тұңғаға арналған жоқтауды қазақ әдебиетіндегі жоқтау үлгілерімен салыстыру
1
ІІ бөлім. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет(V-VIIIғ.ғ.)7 сағат
5 Көкбөрі туралы аңыздар 1
6 Орхон ескерткіштері.Тастағы жазудың тарихы 1
7 Жырдағы тұлғалар 1
8 Орхон ескерткіштері туған дәуір,ондағы тарихи шындық 1
9 Орхон ескерткіштерінің табылуы және ашылуы 1
10 Орхон ескерткіштері және қазақ эпосы
1
11 Мәтінмен жұмыс.Орхон ескерткіштерінің көркемдік ерекшелігі 1
ІІІ бөлім. Оғыз дәуіріндегі әдебиет(ІХ-Хғ.ғ.) 8 сағат
12 Қорқыт ата (VI-VIIIғ.ғ.) 1
13 Қорқыттың нақыл сөздері 1
14 «Алып Бамсы» жыры 1
15 «Өлім мен өлім» тақырыбы 1
16 Төбекөзді өлтірген Бисат батыр 1
17 Салор Қазан Ордасының шабылуы туралы жыр 1
18 «Оғыз қаған жыры» 1
19 Мәтінмен жұмыс. «Алып-Бамсы» жырының қазақтың «Алпамыс» жырымен ұқсастығы(дебат)
1
IV бөлім Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІғ.ғ) 8 сағат
20 Сыр бойы әдебиеті. Әбунасыр әл-Фараби (870-950) шығармалары 1
21 Ахмет Йасауи (ХІІғ.) «Хикметтер» 1
22 Ұстаздың пәлсафалық ойлары 1
23 Ахмет Жүйнеки(ХІІ-ХІІІ ғ.) «Ақиқаи сыйы» кітабы 1
24 Қарахан әдебиеті. Жүсіп Баласағұни (ХІғ) «Құтты білік» дастаны. «Жаз» өлеңі 1
25 Махмұд Қашқари «Түркі сөздерінің сөздігі» 1
26 Жиі кездесетін есімдер жөніндегі деректер 1
27 Мәтінмен жұмыс. «Кемел мемлекет» арманы (эссе) 1
V бөлім. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІV) 7 сағат
28 «Рабғузи қиссалары» 1
29 Хорезми «Махаббатнама» дастаны 1
30 «Жүсіп-Злиха» дастаны 1
31 «Жұмжұма» дастаны 1
32 Құтб аудармасы «Хұсрау уа Шырын» дастаны
1
33 Мәтінмен жұмыс. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет(мәнжазба) 1
34 Өтілген тақарыптар бойынша сұрақтар (сынақ тапсыру) 1
Курсты ұйымдастыру формасы: лекция,семинар,конференция, дебат, ойталқы,кіріктірілген сабақ,саяхат сабақ,қойылым сабақ.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба дайындату, мәнжазба, тезис, шығармаға рецензия жазғызу,баяндама,ой толғау.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
(әр бөлім сайын оқушы білімі сарапталып отырады)
р/с Оқушының аты-жөні Берілген білімді меңгеруі Алған білімінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға сай келуі Шығармашылықпен жұмыс жүргізе білуі Болашақ мамандығына дұрыс бағдар жасай алуы
1
Бағалау ұпай санымен есептеледі.
Ең жоғарғы ұпай «5»
Ең төменгі ұпай «2»
18-20 ұпай жинаған оқушы бағдарлы пәнді өз деңгейінде меңгеріп,болашақ мамандығына дұрыс таңдау жасаған.
14-16 ұпай жинаған оқушы бағдарлы пәнді толық меңгерген,бірақ мамандық таңдауда асығыстық жасаған.
10-12 ұпай жинаған оқушы бағдарлы пәнді оқуға таңдау жасарда қателік жіберген немесе жалқаулығы басым.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А.Қыраубайқызы. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Мектеп ,2001
2. Н.Келімбетов. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. 1981
3. А.Аманжолов. Түркі филологиясы. Алматы, Санат, 1996
4. М.Жолдасбеков. Асыл арналар. Алматы, Жазушы, 1986
5. Ә.Хасенов .Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны.Алматы,Қазақ университеті,1997
6. Т.Жұртбай. Дулыға.1-кітап. Алматы, Жалын, 1994
7. Қорқыт ата кітабы.( Аударған Ә.Қоңыратбаев). Алматы, Жазушы, 1986; Аударған Б.Ысқақов. 1994.
8. Ахмет Йасауи. Хикметтер. Алматы, Өнер, 1995.
9. Жүсіп Баласағұни. Құтты білік. Алматы, Жазушы,1986
10. Түбі бір түркі тілі. (Аударғандар:Қ.Бекетаев, Ғ.Ибатов). Алматы, Ана тілі,1993.
11. Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Санат, 1997.
12. А.Машанов. Әл-Фараби және Абай. Алматы, Қазақстан,1994
13. Ә.Дербісәлиев. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, Рауан, 1995.
14.А.Қыраубайқызы Ежелгі дәуір әдебиеті «Өнер» баспасы,2008ж
Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Оқушылар үшін:
1.Т.Жұртбай. Дулыға. 1-кітап. Алматы, Жалын,1994
2.А.Машанов. Әл-Фараби мен Абай. Алматы,Қазақстан,1994
3.Түбі бір түркі тілі.(Аударғандар:Қ.Бекетаев,Ғ.Ибатов). Алматы, Ана тілі,1993
4.А.Қыраубайқызы. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Мектеп, 2001
Мұғалімдер үшін:
1. М.Жолдасбеков. Асыл арналар. Алматы, Жазушы, 1986.
2. Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Санат, 1997.
3. Ә.Дербісәлиев. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, Рауан, 1995.
4.А.Аманжолов. Түркі филологиясы. Алматы, Санат,1996.
5.Ә.Хасенов. Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны. Алматы, Қазақ университеті, 1997.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |