Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет


Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет

Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет ( V –VIII ғ.ғ )

Көкбөрі туралы екі аңыз. 
Көкбөрі туралы аңыздар.Қазақтың ата-бабалары өздерін Көкбөрінің ұрпақтарымыз деп есептегендігі.Түркілердің шығу тегін Көкбөріден тарататындығы.Жамбылдың ұстазы Сүйінбай ақынның «Бөрілі менің байрағым» өлеңі.
Орхон ескерткіштері.
Тастағы жазудың тарихы.Жырдағы тұлғалардың суреттелуі . Өз халқының тәуелсіздігі, намысы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ерлердің үрдіс қимылы, дамылсыз жортуылы.  Орхон ескерткіштері туған дәуірдің тарихи шындығы.Орхон ескерткіштері мен қазақ эпостары арасындағы ұқсастық, ортақ қасиеттер.Ежелгі түркілер сақтар мен ғұндардан кейінгі тарих сахнасына шығып, дүниені дүр сілкіндірген халық екендігі.Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен,Үндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрғанын.Ұлы түрік мемлекетінің осылайша құрылғанын айту.Тасқа жазылған «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының маңызы туралы сөз ету.
Пәнаралық байланыс. География.Кіші Азияны мекендейтін халықтар.
Қосымша оқуға: Т.Жұртбай.Дулыға .1- кітап.Алматы,Жалын,1994
Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ –Х ғ.ғ.) (7 сағат)
Қорқыт ата (VI- VIII ғ.ғ.) Қорқыт туралы ел арасына кең тараған аңыздар.
«Қорқыт ата кітабы»-оғыз тайпасының туған жерін,елін қорғаған батырларының ерлігін,адамгершілігін,ата-ананы құрмет тұтуын, тағы басқа сол сияқты ізгі қасиеттерін жырлайтын шығарма.Қорқыт нақылдарындағы өмірден түйгені көп кәрі дананың бейнесі.
Пәнаралық байланыс. Музыка.Қорқыттың күйлері. Қазақстан тарихы.Оғыз мемлекеті.
«Алып Бамсы» жыры
Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау,халық қамын ойлаушы батырды армандау мүддесінен туатындығы.Сол арманның Алып Бамсы бейнесі арқылы көрінуі.
«Алып Бамсы» жыры мен  «Алпамыс батыр» жырының  ұқсастығы мен айырмашылығы..
«Төбекөзді өлтірген Бисат батыр»жыры
Жырдың қаһармандық сипаты,елжандылық мәні.Бисат батырдың адамгершілік тұлғасы.
Ежелгі аңыздардағы ортақ мифологиялық кейіпкер Төбекөзбен «Одиссеядағы» Полифемнің ұқсастығы.
Қосымша оқуға: «Мың бір түн» ертегісіндегі –«Сандбадтың жетінші сапары.
Әдебиет теориясы: Мифтік образ туралы түсініктерін кеңейту.
Салор Қазан Ордасының шабылуы туралы жыр.
Жырдың басты идеясы.Жырдағы Қара қойшының соқталы бейнесі.Оның тұлғасының халықтың жиынтық образын жасауы.Ата-анасына деген перзент махаббаты.
«Оғыз қаған жыры», Оғыз мифтері және Авеста
Жырдағы оқиғалардың құрылым жүйесі.Оғыз қағанның жорықтары.Жырдың тарихи негізі.Жырдың тақырыбы мен идеясы.Авеста кітабы-Орта Азия,Кіндік Азия елдерін мекендеген халықтар әдебиетінің,оның ішінде қазақ мифологиясының қайнарларының бірі .
Пәнаралық байланыс.Қазақстан тарихы. Түркі тайпалары.
Әдебиет теориясы:Тақырып пен идея.
Қосымша оқуға: «Қобыланды батыр» жыры


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ежелгі дәуір әдебиеті
Оғыз-нама жыры
Қорқыт ата кітабы
Оғыз қаған жыры
Оғыз қаған жыры
Ежелгі дәуір әдебиеті
Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлар
Ислам дәуіріндегі әдебиет
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет
Ежелгі мұралар
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6094 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык