Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бухгалтерлік есеп пәні мен оның объектілері туралы түсінік


Бухгалтерлік есеп пәні мен оның объектілері туралы түсінік

Бухгалтерлік есеп пәні мен оның объектілері туралы түсінік

3.1. Активтерді құрамы мен орналасуы бойынша саралау.

Шаруашылық қызметтін жүзеге асыру үшін субектіге  активтер қажет, ал олар белгілі бір көздерден құралады. Бухгалтерлік есепке активтерді екі түрлі сипаттау қалыптасқан:
- Құрамы мен орналасу бойынша, яғни ресурстар қосылған   объектілер   және олардың орны.
- Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері бойынша.
Құрамы мен орналасу бойынша активтер екі категориялы:
- Ұзақ мерзімді.
- Ағымды.
Ұзақ мерзімді активтер: материалдық (негізгі құралдар және аяқталмаған күрделі құрылыс); материалдық емес; басқа да ұзақ мерзімді активтер; ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (өтілу мерзімі бір жылдан артық) болып бөлінеді. Материалдық емес активтер– бұлар натуральдық–физикалық формасы жоқ, алайда «болмашы құндылығы бар» соған сәйкес субъектіге ұзақ уақыттар бойында немесе үнемі қосымша табыс түсіретін активтер. Оның үстіне материалдық емес активтер алынып қосылу қабілетін де ие болуға тиіс. Материалдық емес активтерге тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері), тауарлырдың шығарылатын тіркеулі жерлері, гудвилл («фирма бағасы»), «ноу–хоу», потенттер мен өнеркәсіп үлгілері, лицензиялар, интеллектуальды меншік пен ұйымдастыру шығындары, табиғи ресурстарды пайдалану құқы, ЭВМ–мен бағдарламалық қамтамасыз ету жәнебасқалары жатқызылады. Нарықтық экономиканың дамуына қарай метериалдық емес активтердің субъектілер мүліктеріндегі маңызы мен үлгісі ұлғая түседі,  мұның өзі техника мен технологияның дамуымен, ақпараттың таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен сабақтас.
Негізгі құралдар–материалдық активтер ұзақ уақыттар бойында (бір жылдан астам) материалдық өндірісте де, өндірістік емес салада да еңбек құрал–жабдықтары ретінде қызмет атқарады. Негізгі  құрал–жабдықтарға: тұрақты мүліктер (жер учаскесі, ғимараттар, құрылғылар, көп жылғы екпе өсімдіктер және жерге тығыз байланысты, басқа орынға көшіру оның әуелгі мақсатына нұқсан келтірмей қоймайтын басқа да объектілер); транспорт құралдары; құрал–жабдықтар; балық аулау саймандары; өндірістік және шаруашылық мүліктері; ересек жұмысшы және өнімді мол; құрал–саймандар мен басқа да негізгі құралдар жатады.Алыну мақсатына қарай материалдық активтер есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы тауар материалдың, қаржылық инвестицияның құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі негізгі құрал– жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль  қосалық тауар–материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойыншасақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.Материалдық және материалдық емес активтерді негізгі құралдар объектілері ретінде тану сәтінде бағалаудың біріңғай жолы қажетті шарт болып табылады. (СБУ №6) 
Бұлар кіріске алынған сәтте бухгалтерлік есепте алғашқы құны бойынша көрсетіледі. Оған негізгі құралдыр объектілерін және материалдық емес активтер объектілерін салу немесе алу бойынша жұмсалған шын мәніндегі бүкіл шығын, соның ішіндегі сатып алу кезінде төленген қайтарылмайтын салықтар мен төлемдер (мысалы, оларды сатып алу кезінде төленген қосымша құн салығы, мемлекеттік алым және т.б.), жеткізу, монтаждау (құрастыру), орнату, пайдалануға беру жөніндегі шығындар, несие проценттері және активті жұмыс жағдайына келтіруге қатысты басқа да тікелей шығындар жатқызылады. Аяқталмаған құрылыс түсінікті қажет етпейді.
Ұзақ мерзімді материалдық активтер тобына сондай–ақ аяқталмаған күрделі құрылыстар және басқа да ұзақ мерзімді активтер  жатады.
Бұлардан басқа ұзақ мерзімді активтер: ұзақ мерзімді инвестиция; ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (өтеліну мерзімі бір жылдан астам); алдағы кезеңдердің шығындары (өтеліну мерзімі бір жылдан астам) болып табылады.
Ұзақ мерзімді инвестиция–бұл еншілес серіктестіктер активтеріне; тәуелдік заңдық ұйымдарға, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға берілетін инвестиция, онда бұлардың ағымдағы құны көрсетіліп беріледі, егер олардың құнынан өзгешелігі болса. Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек–бұл алыныс есеп шоты; алынған вексельдер; шаруашылық ішіндік операциялар нәтижесінде негізгі шаруашылық серіктестіктері мен олардың еншілес серіктестіктері арасында туындағын дебиторлық берешек және т.б.
Субъектінің ағамдағы активтері:
- Қосалқы тауар–материалдарға  (олардың өңделу мен өткізу мерзіміне байланыссыз).
- Есепті күндердің ішінде  шығысқа шығарлуы мүмкін болашақ кезеңдердің шығындары.
- Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері.
- Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция.
«Қосалқы тауар материалдардың есебі» деп аталатын №7 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қосалқы тауар материалдар қорына өткізілуге дайын тұрған тауарлар, сондай–ақ шикізаттар мен материалдар және аяқталмаған өндірістің өндіріс аяқталғаннан кейін өткізілуге жататын өнімдері кіреді.
Сөйтіп, ағымдағы активтер өндірістік немесе өндірістік емес салаларда болсын үнемі айналыста жүреді. Өндіріс саласында ағымдағы активтер құрамына аяқталмаған өндірістің қосымша шикізаттары және дайын өнімдер қоры, есептегі активтер қосылады. Бұған жататындар: ағымдағы активтерді сатып алу үшін жұмсалатын аванстық төлемдер; тиеп жіберілген тауарлар үшін алынған есепшот (қызметер мен жұмыс); алынған вексельдер және басқа да дебиторлық берешек. Коммерциялық салада ағымдағы активтер құрамына кіретіндер: коммерциялық сауда фирмалары мен көтерме сауда кәсіпорындарының қоймаларында өткізілу үшін жатқан қосалқы тауар –материалдар қорлары (тауарлар, дайын өнімдер  және т.б.); қолма– қол ақша; инвестиция бойынша дебиторлық берешек және т.б. Ағымдағы активтердің басты құрамдас бөлігі қосалқы тауар– материалдар қоры сату-сатып алу заттары болып табылады. Тауар қорына әдетте сауда фирмаларындағы қаржы ресурстарының неғұрлым үлкен бөлігі салынады. Тауарларға жұмсалған қаржы ресурстарының жалпы жиынтығы тауар қорының өзіндік құны аталынады. Ол қолдағы тауарлардың сатып алу құнының сомасына тең. Бұлар: сатып алу бағасы, тасып әкелуге төленген пошлина (алым), делдалдық сыйақы, транспорт– даярлау шығындары және басқа да шығындар
(кезең шығындарынан басқа).

3.2. Активтердің пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау.
Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын заттай форма түрінде қарастырғанда олардың сонымен бірге бухгалтерлік есеп объектісі болып табылатын қалыптасу көздерін де зерттеп білу қажет.
Нарықтық экономика жағдайына шаруашылық субъектілері мен заңды 
(жеке) тұлғалардың, мемлекеттің, қаржы–несие мекемелерінің, басқа да шаруашылық субъектілерінің және еңбекшілер ұжымдарының араларында бухгалтерлік есеп арқылы ретке келтірілтіп отыратын шаруашылық құқықтық(материалдық) қатынастар болады. Сондықтан да шаруашылық субъектінің әр алуан түрлері ресурстарының қалыптасу көзі оның қызмет негізін құрайтын меншік формасымен (шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, коммерциялық емес ұйымдар және т.б.), жеке меншік капиталының құрылу тәртібімен, банктік несие және несиенің басқа да түрлерінің мақсатымен, қаржылық–бюджеттік органдармен  қарым– қатынасымен, сыртқы және ішкі инвесторлармен есеп айырысу қатынастарымен, сондай–ақ жұмысшылар мен қызметшілер алдындағы міндеттемелерімен шарттас. Шаруашылық субъектінің қаржылық ресурстары (активтері) өздерінің сипаты жағынан әртүрлі көптеген көздерден құралады. Алайда оларды басты екі топқа біріктіруге болады.
1. Міндеттеме дегеніміз–контрактының немесе жарғының талаптарының  нәтижесі сияқты белгілі бір жоба бойынша іс– қимыл жасау міндеті;
2. Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі активі. Бұлар:
Активтер=Міндеттеме+Меншік капитал=түріндегі негізгі баланыстың теңеуден туындайды.
Аталған көздер топтарын былайша түсіндіруге болады: жеке меншік капитал–бұл жеке меншік қаржы ресурстары, ал міндеттеме– бұл бір жақтан жұмылдырылған (қарызға алынған) ресурстар, ол субъектіде уақытша ғана болады, яғни біршама уақыттан соң, алдын ала шарттасқан мерзім өткеннен кейін оларды қайтып беруге тура келеді. Бұлардың жеке меншік ресурстардан айырмашылығы осы, жеке меншік ресурстарды субъект үнемі пайдаланады, оларды қайтарып беремін деп қобылжымайды.
Жеке меншік капиталдың құрылымы былай: жарғылық капитал; өтелмеген
(төленбеген) капитал; қайтарылған капитал; қосымша өтелген және қосымша өтелмеген капитал, резервтегі капитал; бөлінбеген табыс (жабылмағаншығын); басқадай капиталдар. Сөйтіп, субъектінің бір көзден алған активтерінің жиынтығы оның жеке меншік капиталы болып аталады және шаруашылық субъектінің жеке меншік қаржы ресурстарының басымбөлігін құрайды. Субъектінің амортизациялық қаржысы да болады, бұл да ресурстар көзі болып саналады. Мұндай көздің болуы зкономикалық қажеттілектен туындайды, яғни пайдалану кезінде ескірген және моральдық жағынан тозған негізгі құралдарды айырбастауға және қалпына келтіруге арналған.
Шаруашылық субъектінің жеке меншік капиталының құрылуының аса маңызды көздерінің бірі–оның таза пайдасы (табысы). Жұмылдырылған ресурстар көздеріне міндеттемелер, яғни банктер мен банктерден тысқары мекемелердің несиелері және басқалар; алдағы кезеңдердің табыстары; дивидендтер бойынша есеп айырысу (жәй және артықшылықты акциялар); бюджетпен есеп айырысу; еншілік (тәуелді) серіктестіктерге несиелік берешек; алынған аванстар; өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу; басқадай несиелік берешіктер мен қаржы есептеу жатады.
Бірқатар жағдайларға байланысты шаруашылық субъектісіне қосымша қаржы ресурстары қажет болып қалады (қолда бар жеке меншік капиталдан тыс), мұндай қажеттілік банктерден және банктерден сыртқары басқа да мекемелерден ақшаны қарыз түрінде алу арқылы қанағаттанырылуы мүмкін. Бұл қарыздар  сауда немесе несие  деп аталады және бұлар белгіленген мерзім ішінде сату үшін алынған тауарларды өткізуден түскен, сондай–ақ орындалған жұмыстар мен қызметтерден алынған пайдадан өтелінеді.
Субъектінің тапқан табысы ішінде оның жұмысшыларға, құрылтайшыларға, бюджеттік–қаржылық органдарға және басқаларға тисілі ресурстар болады. Бұл қаржыларды өз иелеріне қайтару келісілген мерзімде жүргізіледі, ал төлем мерзімдері арасында субъект бұларды жұмылдырылған көздер ретінде уақытша пайдалана алады. Субъект қарамағына оның табысы ретінде түскен ақшаның бір бөлігі субъектіге түрлі субъектілердің (транспорт қызметі, эл. қуатын беру, суға, жылуға және т.б.) көрсеткен қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсалады. Осындай қызметтер алуға қарай олардың құны белгіленеді, яғни шаруашылық субъектісінде қалған, бірақ енді қызмет көрсеткен басқа субъектіге тисілі ресурстардың ауқымы анықталынады.
Субъект қолындағы оған жұмылдырылған құралдар көздері ретінде қызмет ететін берешектердің барлық түрлері несиелік берешек деп аталады. Оларды ақшамен өтеу арқылы субъект осы көзден уақытша жұмылдырылған ресурстардан айырылып қалады. Төлемдерді белгіленген мерзімнен кешіктіру қаржы тәртібін бұзу болып табылады да, тиісінше жазаланады.
Солай бола тұрса да, субъективті жағдайларға байланысты жұмылдырылған ресурстардың жекелеген түрлерінің қайсы бір бөліктері субъектінің қарамағында үнемі қалып қоятыны бар. Мысалы, субъект жұмысшыларына жалақы төлеу (басқа да несиелік берешектерді) мерзімі әдетте өтім кезеңі аяқталғаннан кейін бірнеше күннен соң басталады. Бұл уақыт ішінде субъектінің жұмысшылар мен қызметшілерге берешегі екі бөліктен тұрады: Өтіп кеткен өнім кезеңінің берешегі және осы кезең аяқталғаннан кейінгі өткен бірнеше жұмыс күнінің берешегі. Жалақы берілген күні берешектің бірінші бөлігі өтеледі, ал екіншісі қалады. Нәтижесінде жұмысшылар мен қызметшілерге тиесілі ресурстардың қайсы бір сомасы әрқашан субъектінің қаржылық ресурстарының (активтерінің) арасында қалады, сондықтан ол субъектінің жеке меншік ресурстарына теңеледі. Алайда, кейде мындай да болады: субъектіде пайда болған жеке меншігі сияқты активтерінің қайсы бір бөлігі жұмылдырылған құралдармен ұқсас болып тұрады, өйткені субъект шамалы уақыттан кейін олардан бәрі бір айырылып қалады.
Мұндай ресурстарға объект табысының болашақта жұмсау үшін арнаулы мақсатқа сақтап қойған бір бөлігі жатады, өйткені бұлар субъектіде уақытша ғана тұрады, сондықтан олар осы белгісі бойынша жұмылдырылған ресурстар түсінігіне жанасады. Сөйтіп, субъектінің қаржылықресурстарының (активтерінің) түбегейлі топтасу сол активтердің құралу көздері мен түпкілікті мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: жеке меншік ресурстар; жеке меншік ресурстарға теңестірілген ресурстар; жұмылдырылған ресурстар; жұмылдырылған ресурстарға жанастырылған құралдар.
Субъектінің шаруашылық–қаржылық ресурстары экономикалық мазмұны мен өндіріс процесіне қатысу сипаты бойынша және құралу көздері бойынша да қарастырылуы ықтимал. Субъектінің шаруашылық ресурстарының жалпы сомасы мен оларды қарастыратын көздерінің жалпы сомасы өзара тең болуға тиісі, өйткені субъектіде шаруашылық ресурстары (активтері) оларды құрайтын көздерден артық болмауға тиіс және керісінше. Бұл шаруашылық ресурстарының (активтерінің) екі жақты көрінісі.
Бухгалтерлік есептің да, кез–келген ғылым сияқты, өзінің зерттеу әдістемесі болады. Бұл әдістеме пәннің алдында тұрған міндеттерге қарай белгіленеді.
Бухгалтерік есептің осынау тәсілдері мен амалдары бухгалтерлік есеп курсында азды–көпті барынша егжей–тегжейлі қарастырылатын болады. Бухгалтерлік есептегі құжаттандыру– шаруашылық операцияларын алғашқы жаппай тіркеу (көрсету) мен заңдастырудың (оформление) тәсілі ретінде қарастырылады. Әрбір аяқталған шаруашылық операция белгіленген тәртіп бойынша құжатпен заңдастырылады. Осы тәсілмен ақпаратта алынып, соның негізінде шаруашылық ресурстарының (активтерінің) және олардың көздеріне, шаруашылық операцияларына жаппай бақылау жасалынады, сөйтіп басқару мақсаттарына  қажетті ақпараттар алатын,  бақылауға керекті құжаттық негіздемелер мен алғышарттар жасалады. Құжаттандыру шаруашылық операцияларын тікелей көрсетуге қызмет етеді және есептің көзі (басталуы) болып табылады. Шаруашылық операцияларының жазбаша көріністері тек құжаттар негізінде ғана жүргізіледі. Есептер мен еселене жазу шаруашылық ресурстарының жекелеген түрлерін, олардың көздерін және шаруашылық процестерін жазып отырудың, топтау мен бақылаудың ерекше тәсілдері болып табылады. Субъект ресурстарын экономикалық жағынан топтаудың құралы саналатын есептер (счета) қызмет барысанда активтер мен шаруашылық процестерінің жекелеген түрлерін бақылаудың, жекелеген бытыраңқы операцияларды біртекті операциялар топтарына біріктірудің тәсілі болып табылады, мұның өзі шаруашылық міндеттерінің орындалуы туралы барлық маңызды көрсеткіштерді алуға қамтамасыз етеді. Еселеген жазу шаруашылық операцияларының есепте көрсетілуін қамтамасыз ететін амал. Осыдан есеп жүргізудің еселенген жүйесі деген атау пайда болған. Мысалы, тауар сатып алу жөніндегі операцияны тіркеу кезінде осынау шаруашылық процестің екі жағы өзара өзектестіріледі: Тауардың түрі және өнім тапсырушыға ақша қаражатының төленуі. Есептер мен еселенген жазуды қолдану бухгалтерік есеп объектілерінің көптігімен және әралуандылығымен, олардың экономикалық белгілеріне қарай топтастырып, өзара сабақтастықта көрсетудің объективті қажеттілігімен шарттас. Бағалау мен калькуляция бухгалтерлік есеп заттарын (объектілерін) ақша түрінде өлшеу әдістері сияқты.
Бағалау дегеніміз–шаруашылық ресурстарымен олардың көздерін және шаруашылық операцияларын ақша түрінде өлшеу болып табылады. Ол натуралды көрсеткіштерді баға, тарифтік ставка көмегімен еңбек көрсеткіштерін ақшаға айналдыру, окладтар және т.б. арқылы ақша өлшеміне айналдырады.
Калькуляция дегеніміз-өнім (жұмыс пен қызмет) единицасының өзіндік құнын анықтау әдісі. Ол калькуляциялық объектіге жататын өнімнің әрбір единицасна шығарылған шығынды есептеу арқылы жүзеге асырылады.  Калькуляция  шаруашылық процестерінің бағасын неғұрлым дұрыс беруге жәрдемдеседі.
Инвентаризация (түгіндеу) дегеніміз есеп деректерінің шындықтан ауытқу жағдайларын болдырмау үшін субъект ресурстарының белгілі бір күнде натуралды түрде тексеру тәсілі. Ол есеп деректерінің дұрыстығы мен дәлдігін қамтамасыз ететін құжаттандыруға толықтыратын амал, өйткені есеп көрсеткіштері инвентаризация деректері бойынша (шындық бойынша) жөнге келтіріледі. Инвентаризацияның ауық–ауық жүргізіліп тұруы есеп көрсеткіштерінің шынайлығын қамтамасыз тетеді, меншікті сақтауға ықпал жасайды, ішкі резервтерді және жұмыстағы кемшіліктерді анықтайды.
Баланс пен есеп беру дегеніміз–субъектінің шаруашылық қызметі туралы, тікелей есептен туындайтын көрсеткіштердін қалыптасқан жүйесі бойынша белгіленген жоспарлы тапсырмалардың орындалуы туралы жиынтық деректер алу амалы. Баланс пен есеп беру көрсеткіштері бойынша шаруашылық қызметке талдау мен аудиторлық тексеріс жүргізіледі.
Баланс әдісі  құбылыстарды өзара байланысты екі жақты қарастыру әдісі сияқты басқару мен жедел жұмыстарды, ғылымда қолданылады.
Бухгалтерлік есепке баланс әдісі шаруашылық ресурстарын құрамы мен олардың құралу көздері бойынша көрсету үшін қолданылады. Субъект ресурстарын көрсетудің баланстық әдісі  осылардың жалпы теңдігіне (екі белгінің) негізделген. Бухгалтерлік баланс шаруашылық ресурстары мен олардың құрылу көздерінің қолдағы мөлшері мен жағдайын және олардың мақсатты бағыттарын ақша түрінде белгілі бір күнге жалпылау әдісі. Баланс негізінде субъектінің қаржылық жағдайы, ресурстардың пайдаланылуының дұрыстығы, ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі, олардың айналымдылығы мен өтімділігі (белгіленеді) анықталады. Есеп беру дегеніміз–есепті кезең ішінде субъектінің шаруашылық қызметінің түрлі жақтары мен көрсеткіштері туралы жиынтық деректер алу әдісі. 
Баланс пен есеп берудің қолданылуы шаруашылық ресурстарының ауыспалы айналымының күрделілігімен және шаруашылық қызмет қортындыларын ауық–ауық шығарып, субъектінің барлық ресурстарының жағдайын анықтап отыру қажеттілігімен шарттас.
Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал. Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді. Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған. Субъектінің бағыныштылығына  қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.
Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген. Субъектілерге тиісті шаруашылық ресурстарының жалпы ауқымы 240000 теңге (165000+75000), ал ресурстар–40000 таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі жеке меншік капиталы 200000 теңге (240000–40000). Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке айналады. Ол бастапқы баланс активті мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік береді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұтыну кредиті.Кредит құнын есептеу
Мемлекеттік бюджет.
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
Негізгі қорлар мәні мен құрылымы
Банктік қызметтер
Шоттар классификациясының есебі.
Бухгалтерлік есеп принциптері
Бухгалтерлік есеп принциптері
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Біліктілігі туралы мәліметтер
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 11936 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык