|
|
Бухгалтерлік есеп принциптері
АКАДЕМИК Ж.С.АҚЫЛБАЕВТЫҢ БАЛҚАШ МАҢЫЗДЫ БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖІ
Мамандығы: 1305000 «Ақпараттық жүйе»
Бекітемін
ПЦК меңгерушісі
Бурлинова М.У.
________2012 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Бекышов Рустем
ТАҚЫРЫБЫ: «Бухгалтерлік есеп принциптері»
Тапсырманың берілген күні «__»_______2012 ж
Курстық жұмыстың бағасы «___» (________)
Хаттама №___ «__»_______2012 ж
Курстық жобаның жетекшісі Бурлинова М.У.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................... 3
I. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП, ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ......................... 5
1.1 Шаруашылық есеп және оның тарихи шарттылығы............................... 5
1.2 Шаруашылық есептің түрлері.................................................................. 6
1.3 Өлшемдер және есептік ақпарат қалыптастырудағы олардың орны..... 9
1.4 Бухгалтерлік есеп – ақпаратты қортындылау жүйесі........................... 11
II БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ ......................................... 14
2.1Бухгалтерлік есеп пен және әдістемесі..................................................... 14
2.2 Бухгалтерлік есеп әдістемесінің жалпы сипаттамасы............................ 15
III.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПӘНІ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 18
3.1Активтердің құрамы мен орналасуы бойынша саралау........................ 18
3.2Активтердің пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау 20
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................. 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ................................................... 2
ҚОСЫМША.................................................................................................. 21
КІРІСПЕ
«Бухгалтерлік есеп принциптері» курсын оқып–үйрену экономистердің, бухгалтерлердің, аудиттердің, қаржыгерлердің, банкирлердің кәсіби дайындығы мен іскерлік сапаларын қалыптастыру үшін аса маңызды. Бұл пән бухгалтерлік есептің теориялық іргетасының бір бөлігі болып табылады, оны танып–білмейінше осынау мейілінше күрделі курсты игеріп, ұғыну мүмкін емес. «Бухгалтерлік есеп принциптері» курсын оқып–үйренудегі негізгі міндеттер мыналар:
Бухгалтерлік есепті ғылым ретінде, кәсіпорынды табысты басқару үшін және одан сыртқары жерде іскерлік байланыс жасау үшін қажетті негізгі шынайы ақпарт көзі ретінде қарастыру;
Нарыққа көшу жағдайындағы бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы туралы әдістемелік түсінік алу;
Барлық кәсіпорындардағы, олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншік формасына және ұйымдық – құқықтық формасы мен қызмет түрлеріне қарамастан, есеп процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін игеру;
Бастапқы құжаттарды хаттамалау тәртібімен, бухгалтерлік есеп есеп шоттары жүйесімен, есепке алу ақпаратын өңдеу технологиясымен, есепке алу регистрлерімен және бухгалтерлік есеп формаларымен танысу.
Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару,баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП, ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Шаруашылық есеп және оның тарихи шарттылығы.
Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдық өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат шаруашылық есеп жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін басқару қиын.
Шаруашылық есептің алғашқы құрамы–субъектілердің шаруашылық қызметтерінің фактілері мен құрлыстарын бақылау болып табылады. Бақылау дегеніміз–осы жұмыстың мақсатынан туындайтын объективтік шындықты түйсіну . Шаруашылық қызметтегі болып жатқан шынайы құбылыстар мен процестерді бақылай отырып біз басқаруға қажетті қаржылық экономикалық анық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыра алмайтын олардың сапалық сипаттамасын аламыз. Сондықтанда шаруашылық есеп бақылауға қоса субъектінің шаруашылық қыземтіндегі фактілер мен құбылыстарды өлшеуге тиіс, яғни олардың сандық сипаттамасын анықтауға тиіс. Шаруашылық есепті жүргізудің осынау екі кезеңі бір–бірімен ажырамас бірлікте болып, басшылықты есеп объектілері туралы қажетті деректермен қамтамасыз етіп тұруға тиіс
Бақылау мен өлшеу арқылы алынған мәліметтерді есте ұстап, сақтап қою қажет. Шынайы қызметтің фактілері мен құбылыстарының сапалық және сандық сипаттамалары туралы деректерді тіркеп отыру қажеттілігі туады және осы кезеңдерге шаруашылық қызмет туралы алғашқы ақпарат қалыптасады. Сөйтіп, шаруашылық есеп дегеніміз– шаруашылық қызметтің басқару мен аудит үшін керекті кешенді көрінісі мен сапалық сипаттамасы, яғни шаруашылық жүргізуші әрбір субъект экономикасында болып жатқан процестердің дамуы туралы жаңа білім беретін ақпараттар
Демек, шаруашылық–экономикаға басшылық жасау үшін қажетті шаруашылық қызметтегі бақылау жүйесі, өлшем, фактілер мен құбылыстар туралы ақпаратты өңдеу және дайындау.
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы. Шаруашылық есепті шаруашылық қызметті басқаруға ақпараттық база жасайтын жүйе ретінде түсіну бүкіл қоғамдық–экономикалық формациялар үшін ортақ. Алайда шаруашылық есепті ұйымдастырудың нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай–ақ түрлері мен принциптері жалпыға бірдей емес, тарихи сипат. Бүкіл экономика сияқты, олар да қоғамдық құрылысқа түбегейлі тәуелді.
Тарихи категория ретінде шаруашылық есеп материалдық өндіріс қажетінен туындайды. Ол адамзат қоғамы дамуының ерте сатысында пайда болған. Пифагор: бастама–тұтастың жартысы деген. Салсытырмалы түрде мұны есептің пайда болуына да айтуға болған. Ол адамзат өркениетімен бірге 6–мың жыл бұрын пайда болған. Шаруашылық өмірінің мұқтаждары есептің дамуын туғызды, ал есептің дамуы өркениеттің әсіресе жазу мен математика сияқты ажырамас бөліктерінің өсуіне ықпал жасады.
Шаруашылық өмір фактілерін тіркеу техникасы көптеген білімді адамдардың назарын аударған. Соның қатарында математиктер ерекшеленіп шықты. Бухгалтерлік есеп жөніндігі алғашқы баспадан шыққан кітапты 1494 жылы атақты математик Луко Пачоли (1445– 1515) жазды. «Есеп пен жазбалар туралы трактат» бөлімінде қайталанбалы бухгалтерияны енгізу тәсілдері түсіндірілді.
Есіпті ұйымдастыруды І Петр кезінде елеулі өзгерістер болды. Ол арнаулы мектептерде есеп жүргізе білетін және есеп кітабын толтырып отыра білетін сауатты адамдар даярлауға аса көңіл бөлді.Шаруашылық есеп нарықтық қатыныстардың яғни нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде ерекше маңызды.
Қазіргі дәуірдегі негізгі заңдылықтардың бірі – барлық елдердің халықаралық өзара қарым – қатынастағы сыртқы экономикалық байланыстар рөлінің арта түсуі
Ұлттардың шаруашылық жағынан жақындаса түсуі экономикалық дамудың қарқыны мен сипатына бірте–бірте басымырақ ықпал етіп, мемлекеттердің бейбіт түрдегі ынтымақтастығына, тәжірибе алмасуына өскелен мүмкіндіктер ашуда. Белгілі дәрежеде бұл басқару мен талдау, аудит пен қаржылық шешім қабылдау саласындағы маңызды құрал болып табылатын есеп жұмысына да қатысты.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыптасып, олардың экономикалық мүдделерін неғұрлым сындарлы түрде білдіреді, демек тұтынушылардың ақпараттық талаптарының сипатын да білдіреді. Жекелендірудің жүргізілуі, қор рыногының қалыптасып, дамуы, күйзіліске ұшыраған кәсіпорындарға қаржылық жағынан көтермелу (санациялау) және тағы басқа да шаруашылық жүргізудің жағдайлары іскерлік ақпарат пен рынок субъектілерінің қаржылық–экономикалық мүдделерінің сәйкестендірілуін қажетсінеді. Ондай ақпараттың негізгі көзі шаруашылық есеп пен есеп беру жүйесі болып табылады.
1.2 Шаруашылық есептің түрлері.
Қазақсатан Республикасы Президентінің заңды күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» занының жасалып, қабылдануы шаруашылық есепті дамытудағы жаңа саты болады, нарыққа дейінгі барлық есеп жұмыстарынан түбегейлі айырмашылығы бар дүние болып шықты. Ол Қазақсатан Республикасының шаруашылық есептің жүйесі түбегейлі, ал бухгалтерлік есепті ішінара белгілеп, экономикалық өзгерістер талаптарына жауап бере алатын бухгалтерлік есептің ұйымдық, заңдылық, әдістемелік және басқа да жаңа жүйелерінің негіздерімен байланысты есептің негізгі принциптері мен жалпы ережелерін тұжырымдап береді. Шаруашылық есеп нарықтық шаруашылық жағдайында бәрінен бұрын нарықтық экономика талаптарына бағынған мүлде жаңа мақсатпен ерекшеленеді. Осы мақсатқа орай нарықтық шаруашылық есеп елдің әлеуметтік–экономикалық даму жолдарын іздестіруді ақпараттық жағынан қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан нарықтық шаруашылық есеп, атап айтқанда, әкімшілік-әміршіл экономика жағдайына қарағанда шаруашылық қызметтің мүлде жаңа ақпаратық үлгілері талап етеді.
Әрине, осынау мүмкіндік қазірдің өзінде аяғына дейін жүзеге асты деп санауға болмайды, өйткені шаруашылық есептің аталған сапалық тұстарына деген талап үздіксіз өсіп отыр, сондықтан да ол үнемі жетілдірілу үстінде болады.
Шаруашылық есеп жүйесі үш шағын жүйеден, есептің үш түрінен тұрады. Олар: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп. Бұлардың әрқайсысы экономикалық объектіні басқарып, сол бойынша шешім қабылдауда ерекше рөл атқарады.
Жедел есеп деп есеп жұмыстарының жиынтығын айтады. Ол субъектінің шаруашылық қызметінің жекелеген учаскесіндегі ағымдығы бақылау фазасын ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру мүдделі органдарға экономикалық объекті іс-әрекетіндегі жағымсыз ауытқушылықты дер уақытында анықтап, оны жоюға шұғыл араласуға мүмкіндік береді.
Мұндай жағдайда субъектінің шаруашылық қызметінің белгіленген түпкілікті қаржылық нәтижесі өзгертілуі де ықтимал. Мысалы, сауда субъектілерінде тауар айналысының тауар ресурстарымен қамтамасыз етілуін ағымдағы бақылаудан өткізу үшін әрбір тауар тапсырушының тауар әкеліп тұру келісімшартын қалай орындайтынын білу үшін жедел есеп жүргізіледі, ал тауар айналысының жоспарын ағымдағы бақылаудан өткізу үшін – тауарлардың сатылуы жедел есепке алынады және т.б.
Жедел есеп (немесе шұғыл есеп деуге де болады–аудармашы) мейілінше нақты, бақыланылатын фактілерге, құбылыстарға тән өлшемдер бойынша (дана, теңге, тонна және т.б.) сандық мөлшерлер тіркеледі. Жедел есеп субъектінің шаруашылық қызметтерінің тұтастай жағдайын көрсетіп бере алмайды.
Экономикалық объектінің құрылуының біріңғай үлгісін жедел есеп сияқты шаруашылық қызметінің жекелеген оқиғаларын анықтайтындар есеп, керісінше, шаруашылық қызметті оның бүкіл учаскелері мен бөліктерінің серпінді өзара байланысы ауқымында көрсететін бухгалтерлік есеп қана жасай алады. Бұлай болатын себебі – осынау қызметті құрайтын фактілердің кез–келгені бірден немесе біршама уақыттан кейін тікелей немесе жанама түрде, бірақ міндетті түрде объектінің қаржылық ресурстарында белгі береді. Не оның жалпы ауқымы өзгертеді, немесе оның шынайы өмір сүру формасын, әйтпесе бағыныштылығын өзгертеді. Экономикалық объектінің қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын есеп жұмыстарының жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады. (немістің «Buchhaltund»–кітап жүргізуші деген сөзінен шыққан, өйткені осынау есеп пайда болғаннан бергі бірнеше ғасырлар бойы оны арнаулы кітапқа (журналға) бір адам жазып отыратын болған).
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз–экономикалық пайданы бақылап және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды тұтастай, үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру.
Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол: өндірістік, қаржылық және салықтық болып үш түрге бөлінеді.
Есептің өзге түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда: - Құжаттылық жағынан негіз болып табылады.
Уақыты жағынан үздіксіз (күннен–күнге) және қамтуы жағынан біртұтас (шаруашылық субъектісінің қаржы– шаруашылық қызметіндегі барлық өзгерістердің бір де бірін қалдырмау).
Мәліметтерді өңдірудің ерекше, тек өзіне ғана тән әдістерін қолдану (бухгалтерлік шот, екі ретті жазу, қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс және т.б.).
Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы–бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері.
Қаржылық есеп–бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншіктікапитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары). Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді. Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы–ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында.
Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі–есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді. Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай–ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір–бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі. Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір–біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге–ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.
1.3 Өлшемдер және есептік ақпарат қалыптастырудағы олардың орны.
Шаруашылық операциялар мен процестері есеп жұмысында олардың сандық өлшемі арқылы көрініс табады. Қазіргі уақытта есеп жұмысында өлшемдердің: натуральдық еңбектік және ақшалай түрлері қолданылады.
Натуральдық өлшемдер натуральды түрдегі деректер алуға, Яғни санау арқылы (дана, сан өлшемі); салмақ (тонно, кг); ұзындық (метр, сантиметр); көлем (тікшеметр, литр және т.б.) арқылы өлшеуге қызмет етеді.
Натуральдық өлшем материалдық игіліктің сақталуына бақылау жасауда, оларды өндірісте үнемді де тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады. Алайда олар біркелкі немесе бір топтағы заттардан сыртқарыға қолданылмайды.Еңбек өлшемдері жұмыс уақытын өлшеуге пайдаланылады. Олар уақыт өлшемі түрінде қолданылады: Жұмыс күні (адам–күн еседі), жұмыс сағаты, минуты. Еңбек өлшемдерін натуральдық өлшемдермен бірлестіре отырып өнім өндіруге жұмсалған еңбек, еңбек өнімділігі, өнім шығару нормасын орындау уақыты, еңбекақы көлемі есептелініп шығарылады.
Еңбек өлшемдері еңбек шығындарының тиімділігін белгілеуде, еңбек пен өндірісті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруда, жұмысшылар мен еңбекшілерге еңбекақы төлеуге бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жасауда аса маңызды рөл атқарады. Натуральдық өлшемдерге қарағанда бұлар кейбір әртекті ауқымдарды, мысалы еңбек шығынының ауқымы бойынша әртүрлі өнімдерді өзара салыстыруға мүмкіндік береді.
Техникалық прогресс пен нарықтық экономикаға бетбұрыс кезіндегі еңбекті үнемдеу тұрғысынан алғанда еңбек өлшемдерінің маңызы арта түспек. Алайда тауар–ақша қатынасы жағдайында еңбек өлшемдері ақша өлшемдеріне бағыныштылық сипатта болады.
Ақшалай өлшем шаруашылық процестер мен алуан шаруашылық ресурстардың (активтердің) жалпылама және қортындылаушы өлшемі болып табылады. Ақшалай бағалауда (теңгемен) субъектідегі барлық тауарлық – материалдық шаруашылық активтердің (қаржы, ресурстар) жиынтығы және олардың жалпы ауқымы, өнімнің өзіндік құны (жұмыстың, қызметтің), ондағы өндіріске жұмсалатын әр алуан шығындардың қорытындысы (жұмсалған шикізат пен материалдар, отын, электор қуаты, жалақы және т.б.) және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай–ақ субъектілердің бір–бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді.
Жалпылама және қортындылаушы (жинақтаушы) болып табылатын ақшалай өлшем шаруашылық қызметті есептеу мен басқаруда, субъектілерқызметтерін, шаруашылық жүргізудің, қаржылық ақпараттары көрсеткіштерінің объективтілік дәрежесін, салыстырмалылығын және дұрыстығын салыстырмалы бағалауда аса маңызды. Ақша құны бойынша (теңге) бүкіл тауар–ақша шаруашылық активтерінің жиынтығы (қаржы, ресурстар) мен олардың жалпы ауқымы, өндіріске жұмсалатын сан–алуан шығындардың (жұмсалатын шикізат пен материалдар, отын, эл. энергиясы, жалақы және т.б.) бәрі қортындыланатын өнімнің өзіндік құны және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай–ақ осы арқылы субъектілердің бір–бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді. Ақшалай өлшем жалпылама және қорытындылаушы бола тұра шаруашылық қызметті есепке алу мен басқаруға, субъектілер қызметін салыстырмалы түрде бағалау үшін, шаруашылық жүргізудің қаржылық ақпарат көрсеткіштерінің объективтілік дәрежесін, саластырмалылығы мен дұрыстығын бағалау үшін өте маңызды.
Ақшалай өлшем натуральдық және еңбек өлшемдермен қатар жиі қолданылады. Мысалы: тауарлар мен материалдақ қорының құнын олардың жалпы санын өлшемнің бір единицасының бағасына көбейту арқылы, жұмысшының уақыт бойынша төленетін жалақысын жұмыс істелінген күндерінің немесе сағаттарының санын тиісінше күндік немесе сағаттық тарафтік ставкаға көбейту арқылы; еңбек демалысы уақытындағы жалақысын–тиісті демалыс күндерінің санын күндік орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды. Өлшемдердің әрқайсысы да тиісті көлем мен көрсеткіштерді есептеп шығару үшін объективті түрде қажет. Бұлар бір–бірімен тығыз байланысты, әрі шаруашылық құбылыстар мен процестерінің жекелеген түрлері туралы неғұрлым толық есептік ақпарат алу үшін кей жағдайда бірге қолданылады.
1.4 Бухгалтерлік есеп – ақпаратты қортындылау жүйесі.
Кез–келген басқару жүйесі–мейлі ол әкімшілік немесе нарықтық жүйе болсын бәрібір, тиісті ақпараттық жүйеге мұқтаж болады. Ақпаратты жинайтын, қорытып, өңдейтін неғұрлым маңызды тетіктердің бірі бухгалтерлік есеп. Алайда әр алуан басқару жүйелеріндегі бухгалтерлік есеп әртүрлі қызмет атқарады, сондықтан бір экономикалық система екіншісіне ауысқанда бухгалтерлік жүйе де өзгереді.Нарықтық экономикада бухгалтерлік есеп мүлде өзгеше міндет атқарады. Ол мынадай жағдайларға бойланысты:
- Нарқытық жағдайда меншік түрі өзгереді. Мемлекеттік меншікке қоса көптеген меншік иелері пайда болады, олар өз қаржысын салған шаруашылық қызмет субъектісінің шаруашылық қызметінің нәтижесіне мүдделі.
- Шаруашылықпен айналысушы субъект өзін жоғары қаржы нәтижелерімен қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдерді іздейді. Сол мақсатта ол нарық конъюнктурасын зерттейді, өз қызметін өзінше дербес жоспарлайды, өнім берушілер мен сатып алушыларды табады, бағаны өз бетінше қояды және т.б.
- Шаруашылық жүргізуші субъект нарық жағдайында коммерциялық банктердің несиелік ресурсатры үшін, сонадай–ақ басқа да пайдалы инвесторлардың қаржысы үшін, яғни қаржы ресурстарының көзі үшін күреске түседі. Соның нәтижесніде шаруашылық жүргізуші субъекті де басқарушылық шешім қабылдап, соның нәтижелерін бағалау үшін қажеті дер уақыттылы ақпаратқа деген мұқтаждық пайда болады. Ал екінші жағынан, субъект өзіне қаржы берген (немесе бермекші) инвесторға да тиісінше ақпарат беруге міндетті.
- Нарық жағдайында да салықтар мен төлемдердің дұрыс аударылғаны туралы мемлекет алдында есеп беру қажеттігі сақталады.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, субъектілердің қаржы–шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есепшоттарының Бас жоспарында бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазақсатан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» , «Салық және бюджетке міндетті түрде басқада төлемдер туралы» заңына сәйкес басылып шығарылды. Сондай–ақ Қазақсатын Республикасының бухгалтерік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы басып шығарған нұсқаулар, ережелер, ұсыныстар бойынша мынадай тұтынушыларды қажетті қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептеу мен есеп беру жүйесін жасау керек.
Капитал бере алатын инвесторлар (сыртқы және ішкі), оларды бағалы қағаздарға салып және еншілес серіктестерді (тәуелді), бірлесе бақылау жасайтын заңды тұлғаларды инвесторлау. Несие берушілер, несие бола ма және олар тиесілі процентерін уақытылы төлейме, осыларды анықтау үшін.
Субъект қызметінің үзіліссіздігі туралы, әсіресе ұзақ мерзімді келісімшарт немесе субъектіге тәуелді жағдайда ақпаратқа мүдделі сатып алушылар.
Өдеріне жұмыс берушілердің тұрақтылығы мен рентабельділігі, субъектінің жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ете алатын қабілеті немесе жалдамалы жұмыс тауып беру мүмкіндігі туралы ақпаратқа мүдделі жұмысшылар мен қызметшілер.
Ресурстарды бөлі туралы, демек субъектінің қызметі туралы ақпаратқа мүдделі мемлекет және т.б. Сөйтіп, шаруашылық қызмет фактілері туралы алғашқы деректер бухгалтерлік есепте көрініс тауып, қортындыланатыны соншалық, қаржылық ресурстардың (активтердің) жекелеген түрлерінің жағдайы, олардың көзі немесе туындаған міндеттемелер туралы көптеген ақпараттық көрсеткіштер қалыптасады. Бухгалтерлік есепті жекелеген фактілер туралы бытыраңқы деректер шаруашылық қызметтің жинақталған көрінісін, оның нәтижесін сипаттайтын ақпаратқа жүйеленеді. Бухгалтерлік есептегі экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтың жағдайын өзгертетін жекелеген бүкіл фактілер туралы деректерді көрсетудің, қортындылаудың және салыстыра өлшеудің нәтижесі іспетті. Нақтылы фактілер туралы деректер орнына шаруашылық процестері мен құбылыстары туралы ақпарат беріледі.
Басқару міндетіне қарай экономикалық ақпарат жүйесі нормантивтік, жоспарлы, есептік, аналитикалық ақпараттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп ақпарат қашан басқарушылық шешім үшін өңделуге қажет болғанша оны жинақтап, сақтаушы болып табылады. Ал есеп дегеніміз деректерді жинаудың, өңдеудің, сақтау мен іздестірудің регламентті бағдарламасы бар өзінше бір дербес ақпараттық жүйе. «Ақпарат» деген ұғымды «Дерек» дегеннен айыра білу қажет. Бұлардың арасында күрделі диалектикалық тәуелділік бар. Шаруашылық ресурстарының қозғалыс формасы ретіндегі шаруашылық процестері көптеген шаруашылық түрінде жүзеге асады.
Әрбір шаруашылық операциясы–бұл белгілі уақыт пен кеңістікте өтетін процесс. Оның өте нақты белгіленген басталуы мен аяқталуы, орындалынатын жері болады. Шаруашылық операциясын жүзеге асыру үшін еңбек пен күш–қуат жұмсалады, материалдық, ақша ресурстары жұмылдырылады және басқа. Бухгалтерлік есеп объектісі әдетте аяқталған шаруашылық операциясы болады. Онда, тәртіп бойынша, операцияның аяқталу фактісі мен оның нәтижесі көрініс табады. Шаруашылық операция туралы деректерді бақылап және қортындылай келе бухгалтерлік есеп шаруашылық ресурстары мен шаруашылық процестерінің үздіксіз қозғалысы туралы ақпарат түйседі. Нақты шаруашылық процестеріне жататын көптеген шаруашылық операциялары мен басқа да шаруашылық фактілері сияқты шаруашылық процестері арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық ресурстардың (активтердің) бүкіл айналысы бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Шаруашылық операцияларының орныдалуын белгілі бір шаруашылық ресурстарының қозғалысы қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда әрбір шаруашылық операциясы нақтылы және бухгалтерлік есептің белгілі бір түріне жатады. Солай бола тұрса да шаруашылық операциялары мен фактілерінің өздерін бухгалтерлік есептің өзге объектілерінен бөлекше қарайтын жалпылама дербес қасиеттері болады. Шаруашылық операциялары мен фактілерініңжалпықасиеттерінеоперацияның басталған немесе аяқталған сәтінде олардың құжаттандырылуы, сондай–ақ олардың ақшалай бағалануы (бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері) жатады.
II. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1. Бухгалтерлік есеп пен және әдістемесі.
Қолданылып жүрген стандарттар мен салық салу жүйесіне бағдар ұстаған шаруашылық жүргізуші субъект нарықтық экономика жағдайында есеп пен салық саясатын қалыптастырады. Есеп саясаты–бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізу әдістерінің, принциптерінің, ережелер мен процедураларының жиынтығы және солардың негізінде қаржылық есеп беру. Есеп саясатының қалыптасу тіртібі, оның мақсаты мен қызмет аясы, оның ашылуы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен «Есеп саясаты және оның ашылуы» туралы №1 бухгалтерлік есеп стандартында белгіленген. Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатынқалыптастырудың екі деңгейі пайда болады: оның бірі–ауқымды (глобальный, жалпы мемлекеттік), екіншісі–жергілікті (локальный).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменті, ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, ұлттық статистика агенттігі, Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Экономика министрлігі, ҚР-ның Ұлттық банкі, ҚР–ның Аудиторлар палатасы, Салалық- министрліктер, Акционерлік қоғамдар ж .б.
Бұл органдар өз құзіреттерінің шегінде әртүрлі ережелер, нұсқаулар және басқа да нормантивтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілер есеп, салық салу және қаржылық есеп мәселелерін қозғайтын ұлттық бухгалтерлік сатндарттарға, қолданылып жүрген заңдылықтарға сүйене отырп өзінің есеп саясатын қалыптастырады.
Есеп саясаты бухгалтерік есеп пен салық салудың ағымдағы, сондай–ақ болашақтағы міндеттерін жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.
Есеп саясатын қалыптастырып, пайдалану барысынада бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:
- Есептеу. Табыс–нақтылы қолға келген сәтте басталады, ал шығын да солай, шығарылған сәтінен есептелінеді, яғни ақша қаражатының түскен немесе төленген сәтінен емсе, пайда болған сәтінен. Есептеу әдісінің артықшылығы сол–ол субъектінің шынайы қаржылық жағдайы мен қызметін неғұрлым дұрыс көрсетеді.
- Үздіксіз қызмет. Субъект алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра береді және онда өз қызметін тоқтату немесе елеулі түрде қысқарту ниеті болмайды, демек міндеттеме белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өтелінеді.
- Мәнділік. Бір жағынан, егер ақпарат болжамдық жөнінен құнды болса, онда шешім қабылдау нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, ақпарат бұдан бұрындары күтілген үмінттің қаншалықты дұрыс болғаны туралы бірдеңелер біледі. Ақпараттың тұтынушыға дер уақытында түсуі өте маңызды. Егер ақпарат керек уақытында табылмаса, оның ешқандай маңызы болмайды. Ақпараттың мәнділігі оны алуға жұсалған шығыннан жоғары тұруға тиіс. Міне, алынған ақпартты тиімділігі бойынша анықтайтын өлшем осы.
- Түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде берудің формасы оның заң бекіткен сатандартты мазмұны мен форматына бйланысты.
- Дұрыстығы. Ақпарат дұрыс болуға тиіс, яғни елеулі қателіктер мен ағаттықтарға жол бермейді, өйткен оған тұтынушылар сенуге тиіс.
- Шынайы және әсірелеусіз ұғыныс. Шынайлылық–мынадай шаруашылық процесстерімен сәйкестілік дәрежесі: тексерілуі және оның дәлелдену мүмкіндігі. Есеп ақпаратты белгілі бір шығын топтың мүддесін білдірмеуге тиіс, яғни ол әсерлеусіз, әрі бейтарап болуы керек.
- Бейтараптылық. Қаржылық есеп арқылы берілетін ақпарат әрқашан бейтарап, әрі сенімді болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.
- Сақтық. Ол шаруашылық жағдайы әлі беймәлім күйде тұрғанда шешім қабылдауға сақтықпен қарауды білдіреді, яғни активтер мен табыс артықтау, ал міндеттеме немесе шығындар кем бағаланбау керек. Мысалы, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайыра бағалау сол кезеңнің табысы емес, төленбеген қосымша капитал болып табылады. Демек, қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте жүзеге асырылған қаржылық инвестициядан түскен табыс қана көрсетіледі. Ал аталмыш қайра бағалау тек оларды жүзеге асыру сәтінде ғана табыс деп танылады.
- Салыстырмалылық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралры оларға өзгеріс енгізілгені туралы және жаңа пинцип неге арты саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.
- Тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалы аңдап отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталағн, тиянақталған болмаса.
- Сабақтастық. Субъект өзі тандап алған есеп саясатын бір есепті кезеңнен екінші есепті кезеңге сабақтастыра қолданады.
Аталған принциптерді сақтамау шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайын бұрмалып көрсетеді. Есептік ақпарат пен активтер мен міндеттемелердің статьяларын бағалауда бұрмалауға жол берген, есептік деректерді әдейі теріс көрсеткен басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2.2 Бухгалтерік есеп әдістемесінің жалпы сипаттамасы.
Бухгалтерлік есепке жататын заттар мен құбылыстардың жалпы тізіміне сипаттама беру үшін оның теориясында бухгалтерлік есеп объектілері түсінігі қолданылады. Латыннан сөзбе–сөз аударғанда объект дегеніміз затты білдіреді. Философиялық ұғымда объект субъектінің практикалық және танымдық қызметеріне жататындарды білдіреді. Шаруашылық қызмет арқылы нақты жүзеге асатын объектілерді басқару субъектісі бухгалтерік есеп арқылы бақылап, таниды. Заңды немесе жеке тұлға құқығы бар кәсіпорындар мен барлық шаруашылық субъектілерінде олардың кімге және меншіктің қандай формасына жататына қарамастан бухгалтерлік есеп түрінде ұйымдастырылған бақыланушы зат олардың ресурстарын қозғалысқа келтіретін шаруашылық қызметі болып табылады.
Субъект ресурстары дегенде оның шаруашылық қызметі барысында пайдаланатын түрлі активтерінің, міндеттемелері мен жеке меншік капиталының жиынтық құңы түсініледі. Актив–субъектінің өткен оқиғалар нәтижесі ретінде бақылайтын ресурсы, оны пайдалану бәлкім экономикалық пайда көзі болуы мүмкін. Субъект міндеттемесі өткен оқиғалардан туындайды, ол бойынша жасалатын есеп ресурстардың кері қайтуымен аяқталады да, олар өзіне экономикалық пайда қамтиды. Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі (немесе субъектінің борыштан тысқары мүлкін) активіндегі қалдық мүдде. Бухгалтерлік есеп пәнімен егжей–тегжейлі танысу үшін нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің түрлерін және олардың қызметінің ұйымдастырылуын қарастырып көрелік. Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің әралуан түрлерін қамтыған. Субъект қызметінің міндеттерін оның иесі белгілейді. Ол міндеттер: қоғамға қажетті сапалы, рентабельділігі жоғары өнім шығару. Оларды өткізу табысты молайтады, өнім тапсыру келісімшарт орындауға ықпал етеді. Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге жол ашады, осы негізде бүкіл қаржы–шаруашылық қызметтерінің экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Шаруашылық жүргізуші субъект өз қызметін меншік иесі берген өкілеттілік негізінде жүзеге асырады. Нарықтық экономика жағдайында басқарудың экономикалық әдістері шешуші орын алады, демократиялық негіздер мен өзін-өзі басқару кеңейеді. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық кодекске сәйкес шаруашылық субъектінің мынадай түрлері құрылады:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |