Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлем мүшелері


Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшелері-1 тақырыбы бойынша

А. 1.Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты тап.
Б. А) Біз үшеуміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз
В. В) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.
Г. С) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім.
Д. Д) Ауылдың маңы—терең сай             Е) Сұрап отырғаны—осы 
Е.
Ж. 2. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді тап.
З. А) Оның бос сөзді сүймейтін,жақтырмайтын мінезі бар.
И. В) Шәкенді,Баймағамбетті,Ерболды бұл сөз күлдірді
К. С) Жиренше Абаймен көп сөйлесті,ұзақ ақылдасты.
Л. Д) Көп сөз—көмір, аз сөз—алтын.            Е) Еріншектің ертеңі бітпес.
М.
       3. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты тап.
        А) Осы араға жиналғанымыз жетеу        В)Жиналысқа келгендері—он-ақ адам
С) Жеті жердегі жеті—қырық тоғыз           Д) Оның жасы жирмада
Е) Оның қасиетті саны –бес  

4. Себеп пысықтауышты тап.
А) Батпаған ай батыстан қарап тұрды.
В) Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын.        С) Бала кітап алғалы келіпті
Д) Сен мұнда ойнауға келген жоқсың,білім алуға келдің.
Е) Ол табанда ақшасын өндіріп алды.

5. Қашанғы?қайдағы?-қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?
А) пысықтауыш          В) анықтауыш            С) бастауыш
Д) толықтауыш                Е) баяндауыш
6. Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесін тап.
А) баяндауыш         В) анықтауыш                 С) пысықтауыш
Д) толықтауыш           Е) айқындауыш
7. Бірыңғай анықтауышты тап.
А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.
В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.
С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.
Д) Оның әкесі—кең жауырынды,ұзын бойлы кісі.
Е) Мария Бәкенді де,оның ағасын да үйіне алып жүрді
8. Мезгіл пысықтауышты тап.
А) Ер жолдасы—тәуекел.  В) Олар Абаймен біресе жарысады,біресе қалжыңдасады
С) Олар екі күннен кейін келіп қалар.
Д) Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді,әрі аяды.
Е) Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.
9. Асты сызылған сөздердің қайсысы өзгелерінен басқа қызметте жұмсалып тұр?
А) Жақсы  сөз-жарым ырыс          В) Ол қазақша жақсы  сөйлейді.
С) Оның жақсы іске жаны жолдас
Д) Ол көршілерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан.
Е)  Ол жақсыкиімдерді таңдап алды.
10. Қай сөйлемде іс-қимылдың мезгілін білдіретін сөз бар.?
А) Марат бұл жерге екі рет келді.          В) Ат баспаймын деген жерін екі басады
С) Олар бұл жерге екіде келді.          Д) Олар сыныпқа екі-екіден кірді.
Е) Ол алманың екеуін алды.

«Сөйлем мүшелері-2» тақырыбы бойынша

1. Сөйлем мүшесіне талданатын сөзді тап.
А) сондықтан         В) меніңше          С) әрине             Д) керісінше                 Е) балам
2. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?
А) та,не,немесе           В) және, мен,әрі           С) бен,я,яки           Д) мен,бірақ,алайда
Е) ма,ме,ше
3. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?
Ол....биік,....аласа,....қатал,.....жұмсақ мінезді еді.
А) бірақ              В) және           С) немесе            Д) да                Е) бірде
4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді тап.
А) Бұл не деген үлкен қала.                 В) Ауа райы қандай тамаша?
С) Тыңда,дала,Жамбылды.         Д) Бұл өңірде,әсіресе Алатау маңында тарихи 
ескерткіш көп.
Е) Бәрекелді,балам,осы бетіңнен тайынба!
5.Берілген сөйлемдерден оңашаланған айқындауышты тап.
А) Ауыр жол ерді сынайды.               В) Менің жеңгем—Қалиса
С) Адам баласына адам баласының бәрі—дос .
Д) Бала кезімізде Абайдың көп өлеңін жатқа білетінбіз.
Е) Жазда,демалыс кезінде,балық аулауға барамыз.
6. Қай сөйлемде барлық сөздер сөйлем мүшесіне талданады?
А) Меніңше,осы істегеніміз дұрыс емес.          В) Жасеке,жоғары шығыңыз!
С) Бәрекелді,қарағым,өркенің өссін!            Д) Дала суық,қараңғы.
Е) Е,бәсе,сенің бүйтпейтініңді біліп едім.
7. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді тап.
А) Біз,жастар,еңбекте,оқуда алда болуымыз керек.
В) Содан бері  бір қыс,екі жаз өтті.          С) Айқыз ірілеу бір тасқа келіп,отыра кетті.
Д) Мүйізінен ұстады да,сол қалпы қатты да қалды.
Е) Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді.
8. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді тап.
А) Ойбай,Жақа,ол Жоламанның дүмпуі ғой.
В) Шынында да, халіміз онша мәз емес.         С) Жігіттер,ойын арзан,күлкі қымбат.
Д) Толғауы тоқсан қызыл тіл,сайраймын десең,өзің біл.
Е) Қарағым,дұғагөйім,қамқор анам!
9. Жалпылауыш сөздердің анықтамасы қайсы?
А) Бірыңғай мүшелерден бөлініп айтылады,жеке сөйлем мүшесі болады.
В) Бірыңғай мүшелердің мағынасын нақтылап тұрады.
С) Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем.
Д) Бірыңғай мүшелерден тыс жүретін сөздер
Е) Бірыңғай мүшелермен қызметтес болып,оған жинақтау мағынасын қосатын сөздер.
10. Кею мағынасында қолданылған одағайды тап. 
А) Па,жігіт-ақ екен!             В) Әй,көзіңе қара!         С) А,мен кешіккен екенмін ғой.
Д) Япырай,-деп ойлады ақырында.         Е) Құр-құр...-десті қора ішінен екі дауыс


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері
Сөздердің байланысу тәсілдері
«Сан есім» тақырыбы бойынша
«Есімдік» тақырыбы бойынша
Шылау тақырыбы бойынша
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері тақырыбы бойынша
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлем мүшелері. Ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4666 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык