Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4440 |
|
|
|
Сөздік қор
Сабақтың тақырыбы Сөздік қор
Сабақтың мақсаты :
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,география
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.мақал-мәтелдер дегеніміз не?
2.мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?
3.тұрақты тіркестер дегеніміз не?
4.табу дегеніміз не?
5.синоним дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Тіліміздегі сөздердің көбі-қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан байырғы төл сөздері.Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де жалпы халыққа бірдей түсінікті болады.Мысалы:туыстықты білдіретін атулар:ата,ана,нағашы,жиен,аға,,жеңге,бөле т.б. Аң-құс атаулары: бүркіт,торғай,түлкі т.б. Мал атаулары жылқы,түйе,сиыр,қой,құлын.. Табиғат құбылыстарының атаулары:күн,ай,жел,бұлт,тау т.б.
Заттардың түр-түсін,сапасын білдіретін атаулар: ақ,қызыл,көк,жеңіл,ауыр. т.б. Қимыл-қозғалысқа,әрекетке қатысты сөздер:кел,бар,кет,сөйле,күл т.б. Тамаққа қатысты атаулар : ет,сүт,айран т.б. Тұрмыс қажетіне байланысты атулар: қазан,ожау,қалың жастық т.б. Сан атаулары : бір,екі,жеті,тоғыз т.б. Есімдіктер : мен,біз,сен,ол,кім,? не?
Кітаппен жұмыс : 136-жаттығу.Мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жазады.
Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне «Біздің сынып» тақырыбына шағын мәтін жазғызамын.
Ілімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрқтар қоямын,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 137-жаттығу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |