Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтіннен өткенді қайталау


Мәтіннен өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы Мәтіннен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :
а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;
ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,  халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;     б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :                                Өткенді еске түсіру
Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар,суреттер.
Халықтық педагогика                    Адамға саусағыңды шошайтпа.
элементтерін қолдану :                   
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
 
1. Омонимдер дегеніміз не?           2.Синоним дегеніміз не?             3.Антоним дегеніміз не?
4.Ашық,қара,күшті сөздерінің антонимін тауып бер.                         
   5.Сұлу сөзінің синонимін тап.
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Мәтін – «байланысу,бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде,жазғанда пайда болады да,қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.
   Мәтіннің тақырыбы болады.Мәтін сөздерден,сөйлемдерден,абзацтардан тұрады.
   Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады.Онда оқиғалар хабарланады,баяндалады,әңгімеленеді,құбылыстар сипатталады,суреттеледі.
    Мәтінге газет-журнал материалдары,өлең шумақтары,оқулықтағы сөйлесу жатады.
       Жаңа сабақтан кейін суретке қарап мәтін құрайды.
 Жаттығулармен жұмыс жүргіземін.
 Кеспе қағаздарды таратып,жауап талап етемін
Білімді бекіту :  1.Мәтін дегеніміз не?
                           2.Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесіңдер?
                           3.Мәтіннің тақырыбы дегеніміз не?
Үйге тапсырма : Үйге «Менің борышым» деген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін.
Бағалау : Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Синонимдер
Дыбыс үндестігі
Синонимдер
Сөздікпен жұмыс
Фразеологиялық тіркестер
Сөздік қор
Көру диктанты
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Тіркес екпіні
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2215 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык