Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі


Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі

Сабақтың тақырыбы Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі

Сабақтың мақсаты :
а)  Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;
ә)  Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;                                                           б)  Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін  бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :                                дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ – жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика                    нақыл сөздер
элементтерін қолдану :                   
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :  
а)  Ұйымдастыру кезеңі :
   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Эвфемизм дегеніміз не                     2.Дисфемизм дегеніміз не?
3.Табу дегеніміз не?                     4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
5.Антоним дегеніміз не?                     6.Синоним дегеніміз не?
б)  Жаңа сабақты түсіндіру:
   Перифразаның ерекше бір түрі-эвфемизм.Өтірікші - аузының желі бар;ұры – қолының жымқырмасы бар;
Ұрлық қылмайды – біреуің ала жібін аттамайды;ұрлану – қолды болду;өлді – қайтып кету,жан тәсілім қылу .
  Эвфемизмдер осылайша әр-түрлі себептермен астарланып айтылады.Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап жұмсартып айтуды көздейді.
   Жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінен анайы,тұрпайы сөйлеуден сақтандырып,сыпайы болуға баулитыны байқалады.
     Ал дисфемизмді мәдениетті адамдар сөйлемейді.
Тақтамен жұмыс:  Эвфемизм мен дисфемизмге бірнеше сөйлемдер құрап жазады.
Бүкіл оқушылармен жұмыс :
    Үріп ауызға салғандай,жүрек жұтқан,жұмыртқадан жүн қырыққан,қу бстан қуырдақтық ет алған т.б.
  Осы берілген тұрақты тіркестедің қайсысы жағымды,қайсысы жағымсыз екенін айтып мағынасын түсіндіріп сөйлем құрайды.
Үйге тапсырма :  іске сәт,ұтты болсын,оң сапар,қырық жілік болғыр,сеспей қат,жер жастанғыр,мұратқа жет.
   Осы тіркесті сөздерді қайсысы дисфемизм екенін ажыратып жазып келуге беремін.
Бағалау: Оқушылардың білімдері бағаланады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Диалект сөздер
Буын үндестігі
Синонимнің жасалу жолдары
Дисфемизм
Тұрақты тіркестер
Фразеологиялық тіркестер
Мәтінмен жұмыс
Кәсіби сөздер
Орфография
«Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм»тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6420 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык