|
|
Сабақтың тақырыбы Диалект сөздер
Сабақтың мақсаты :
а) Диалект сөздер оның ерекшеліктерін түсіндіру.Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
ә) Оқушыларды табиғаттысүюге,қоршаған ортаны бағалай білуге баулу,эстетикалықталғамдарын арттыру ;
б) Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,диалектологиялық сөздік
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Кірме сөздер дегеніміз не ?
2.Жалпылама лексика дегеніміз не ?
3.Жаңа сөздер дегеніміз не ?
4.Көнерген сөздер дегеніміз не ?
5.Сөздік құрам дегеніміз не ?
6.Табу дегеніміз не ?
7.Эвфомизм дегеніміз не ?
8.Дисфемизм дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Диалект сөздер – белгілі бір жердегі (аймақ,облыс,аудан ) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы : әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал обылысында нұсқау,бұйрық деген мағынада қолданылады ; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы,шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады ; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді;әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысынд тұқым деп атайды.
Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы : тыңла – тыңда,құдағай – құдаға т.б.
Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп,жалпыхалықтық тілге айналды.
Топпен жұмыс : 184 – жаттығу.сөйлемдердегі диалект сөздерді тауып жазыңдар.
Білімді бекіту : Түсінбегенсұрақтарына жауапберемін
1.Диалект сөздер дегеніміз не ?
2.кірме сөздер дегеніміз не ?
Бағалау : Оқушылардың ынтсына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 185 – жаттығу.Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын табыңдар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |