Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Синонимдер


Синонимдер

Сабақтың тақырыбы Синонимдер

Сабақтың мақсаты :
а)  білімділік  - оқушыарды сөз мағынасына мән беруге,сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;
ә)  тәрбиелік – туған тіл әрбірелдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып,келтірілген мысалдар арқылы елін,жерін,туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу ;
б)  дамытушылық – ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігіне,ой ұшқырлығына баулу.
Сабақтың түрі :                                жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі :                               проблемалық ой  тастау,баяндау,сұрақ-жауап,ізденушілік,зерттеушілік 
                                                             Іс-әрекеттері,ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі :                   жаңа сабақты меңгертуге байланысты жазылған плакат беттер,ВЕНН диаграммасы,әр түрлі тақырыптарға салынған суреттер,үнтаспа.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу өнері,орыс тілі.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларменамандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сабаққа назар аударту.
2.Үй тапсырмасын сұрау.Өткен тақырыпта өтілген «Омонимдер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін,сабақты қалай меңгергендерін сұрап білемін. «Лексика» бөлімінде өткен тақырыптарға қосымша шолу жасау.
   68-жаттығудың шығармашылық деңгей тапсырмалары бойынша дайындап келген жұмыстары тексеріледі.Оқушы жауаптары төмендегідей болды
                   Жоғалса да атың, /зат есім/
                   Жоғалмасың атың, /зат есім/
                  Айыбымды кеш, /етістік/
                  Келсем де үйге кеш, /мезгіл мағ.үстеу/
                 Жағам дейсің қара, /зат есім/
                 Әліңе бірақ қара. /етістік/
                 Күйе,күйе,күйе ме? /зат есім/
                 Күйеге қолым күйе ме? /етістік/
                 Самат ванды бөле ме? /етістік/
                 Сара мен Сана бөле ме? /зат есім/
                 Дәл осы орында. /зат есім/
                 Сабағыңды орында. /етістік/
                 Келсең дағы жай /мез.мағ.үстеу/
                 Киіздерді жай. /етістік/, т.б.
  Осы мысалдардың нәтижесінде омоним сөздер бір сөз табынан да жасала беретінін түсіндіріп,қорытынды жасауға болады.
    Жаңа сабақ : Жаңа сабақты меңгерту алдын ала плакат бетке жазылған мысалдарды оқи отырып түсіндіруден басталады.
 
1. Зат есімдер    2. Сын есімдер    3. Етістіктер    4. Үстеулер
Кім?                  Қандай?                  Не істеу?         Қашан?
Мұғалім            қадірлі                     күту                  тез арада
Ұстаз                 қатерлі                    тоқтау               жуықта
Педагог             құдіретті                 кідіру                таяуда
Оқытушы          құрметті                 аялдау               жуырда
Тәрбиеші           қадірменді              тосу                  жақында
 
                      Әр бағанға сөздерге сұрақ қойып,бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып,синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығарып,кітаптағы ережемен салыстырамыз.
   Енді сол айтылған қорытындыны плакат бетке жазылған сөйлемдер арқылы дәлелдеу.
1.Абырой да,бақ та,атақ та,даңқ та – бәрі осы егістікте.
2. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала - өжет,тапқыр,шешен әрі ақылды кейіпкер.
3. Ата – анамыз бізді жан аямай бағады,өсіреді,тәрбиелейді.
4. Айшылық,алыс жерлерден,
Көзіңді ашып – жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
  Келтірілген мысалдар арқылы синонимдердің  бір сөз табынан болатынын түсіндіріп,бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратынына көз жеткізу.
   Демек,қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі екен деген тұжырым жасаймыз.
   Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейтінін,кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болатынын төмендегі мысалдар арқылы түсіндіру.
 Қарт                  Кәрі                    Биік                    Бойшаң
адам             адам   мал                 тау                        адам
71-жаттығууды орындау (ойын түрінде орындалады )
  Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып,әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп,синоним қатарларынан пойыз жасау.Бұл тапсырманы орындау үшін төрт қатарға бір синоним  сыңарын беріп,синонимдік қатарлармен толықтыру тасырылады.
   1 –қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс,тума,ағайын,туған-туыс,жекжат-жұрағат,жамағайын т.б./
   2 – қатарңға «Данышпан» сөзі /ұлы, дана,ғұлама,ойшыл,білмдар,оқымысты,данагөй,т.б./
   3 – қатарға «Қаймығу» сөзі /Қорқу,жасқану,сескену,айбыну,т.б./
   4 – қатарға «Әрең» сөзі /әзер,азар дегенде,әзер-пәзер,өліп-талып,әрең дегенде,т.б./
  Тіліміздегі бір сөздің мағыналық өрісін анықтау үшін оның басқа сөздермен жүйелі қатынасын анықтаған жаөн.Оны сызба арқылы оқушыларға түсіндіре кетудің артықшылығы жоқ.
                       Жомарт сөзінің мағыналық байланысы
    Лексика – семантикалық қатынасы – Азамат, ер көңіл адам.
   Жомарттық түбірлестік
                                                                 Жомарт
   Жомарттау қатынасы
 
   Сараң – антонимдік қатынасы
   Сахи
   Мәрт                              синонимдік қатынасы
   Береген
   
    Сөздердің бұлайша ара-қатынасын анықтву оның мағынасын толық аша түсуге,еркін қолдануға,оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға мүмкіншілігін арттыра түседі.
   Суретпен жұмыс
   1. Қой бағып тұрған кіснің суреті көрсетіледі де,оның кім екені сұралады. Оқушылар қойшы,бақташы, шопан,малшы,сақпаншы деп жауап береді де,ол сөздердің өзара синонимдес екенін түсінеді.
       Келесі сұрақ : - Қойлар қайда жайылып жүр?
       Жауап : - Өрісте,жайылымда немесе тауда, беткейде,қырда, жотада, белде, тегісте, далада  деп жауап береді.
   2. Дәрігердің суреті көрсетіледі.
   - Бұл кім? Жауап : - Дәрігер,емдеуші,ақ халатты абзал жан,медицина қызметкері т.б.
   - Ол кімді емдейді? Жауап : - Ол ауру адамды,дімкәс адамды,науқастарды,сырқат,дертті адамдарды емдейді деп жауап береді.Дәл осындай жұмыс оқушылардың ойлануына,білгенін есте сақтауына көмектеседі.
                                                  ВЕНН диаграммасы
Омонимдер
Өзіне тән белгілері
1) айтылуы бірдей,
Мағыналары бөлек сөздер.
2) әр сөз табынан болады,
соған орай атқаратын
қызметтері де бөлек
болады     Ортақ
  қасиеттері
1) тіліміздегі сөздердің қолданылу аясының кең екенін көрсетеді.
 2) сөз байлығын көрсетеді
 3) көркем әдебиетте,ұмбақ,жаңылтпаш,өлең жолдарында көркемдік әдіс ретінде жұмсалады. Синонимдер
  Өзіне тән белгілері
  1) айтылуы бөлек,мағыналары жақын сөздер
 2) бір сөз табына қатысты болып,бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Орыс тіліндегі ережелер ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу.
   Үнтаспасы Абай атамыздың «Ғылым таппай,мақтанба» өлеңі таңдалады да,ондағы синоним сөздерді табу жұмысы орындалады,талданады.
Үйге тапсырма : 72 – жаттығуды  ауызша, 73 – жаттығуды жазбаша орындап келу тапсырылады.
Оқушы білімін бағалау : Сыныпта белсенділік танытып,тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөз және оның мағынасы
Синоним
Омонимдер
Синонимдер
Синонимдер
Антоним, синоним, омоним
Синонимдер
Синонимнің жасалу жолдары
Синонимдік сөздікпен жұмыс
Синонимдер ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 9661 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык