Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Синонимдер


Синонимдер

Синонимдер

Мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әр түрлі сөздерді синонимдер деп атайды.
Синонимдердің негізгі белгілері
1.  Сөздердің дыбысталуы әр алуан болуы тиіс.
2.  Сөздер бір мағына төңірегінде болуы шарт.
3.  Бір сөз табына ғана қатысты болуы керек.
4.  Сөйлемде сөзді синонимдес сөзімен ауыстырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы тиіс (ел, халық, халайық, жұрт, көпшілік, қауым, әлеумет): Жиылған ел (жұрт, қауым, әлеумет, көпшілік, халық, халайық) төраға сөзін ұйып тыңдады. Осындағы  ел, жұрт, қауым, әлеумет, көпшілік, халық, халайық- сөз табында зат есім, кім? деген сұраққа жауап береді, сөйлемде бастауыштың қызметін атқарып тұр. 
Тілдегі синонимдес сөздер лексиканың белгілі бір арнасына қарай қолданылады.
Синонимдер кем дегенде екі сөзден болады. Одан да көп сөзден болуы да мүмкін.
Синонимдер негізінен үш сөз табынан жасалады. Мысалы:

Зат есім Сын есім Етістік есім
кескін қайғылы айту
пішін уайымды жеткізу
бейне мұңды сөйлеу
мүсін қасіретті капалы хабарлау

1. Мына төмендегі сөйлемдерде автор синонимдерді қандай мақсатпен жұмсап отырғанын айтып беріңдер.
1.  Елді, бейбіт жұртты тыныш ет (І. Жансүгіров).
2.  Қаладан қашық тұратын ауылга бәрі қат, бәрі зәру (Ә. Нүрпейісов).
3.  Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамак. мырс етсе, ол тарқылдап күледі (Ғ. Мүстафин).
4.  Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр (3. Қабдолов).
5.  Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты (Б. Майлин).
6.  Гүлшат апай ақтарылмады, шешіліп сыр шашпады (Т Әлімқүлов).
7.  Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж. Жүмақанов).
8.  Абай қаза тапты. Үлы кеуденің ыстық демі тоқтады.
9.  Шөл даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үгілді. Сонау бір шақта тасты тақыр жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар қүлады. Өмірден Абай кетті (М. Әуезов).


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Антоним сөздер
Омонимдер
Сөз таптары
Тұрақты сөз тіркестер. Синоним. Антоним
Синонимдер
Антоним, синоним, омоним
Синонимдер
Синонимдер
Синонимдер
Синонимдер ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7122 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык