Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кәсіби және термин сөздер


Кәсіби және термин сөздер

Сабақтың тақырыбы Кәсіби және термин сөздер

Сабақтың мақсаты :
                                        а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
                                         ә)  Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу ;
                                        б)   тәрбиелік – ұжымшылдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар
Халықтық педагогика                    Татулық – табылмас бақыт
элементтерін қолдану :                   
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,география
Сабақтың барысы : 
                                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                           Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                               ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                                 Үйге берілген жаттығуды тексеремін
1.диалект дегеніміз не?                                  2.кірме сөздер дегеніміз не ?
3.жалпылама лексика дегеніміз не ?                          4.табу дегеніміз не?
5.эвфмизм дегеніміз не ?                                       6.дисфемизм дегеніміз не ?
7.лексика нені зерттейді ?                      8.антонимдер дегеніміз не?
9.синонимдер дегеніміз не ?                  10.омонимдер дегеніміз не ?

                                      б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

   Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін белгілі бір тәсілмен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адмдардың арасында ғана айтылытын сөздер.Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.
   1. Қолөнершілікке   ( ағашшылық,ұсталық,өрімшілік,тоқымашылық т.б. )  қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).
   2. Ауыл шаруашылығына ( мал,астық,балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша ) байланысты сөздер : 1) мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаныңсабағы )  2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота.  3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.
   Термин сөздер дегеніміз – ғылым,техника,өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.

Жаттығумен жұмыс :  193 – жаттығу. Мәтіннен ұсталық кәсіпке қатысты сөздерді теріп жазыңдар.

Білімді бекіту : 1. Ұсталық кәсіпке қатысты қандай кәсіби сөздерді – зат,ұғым атауларын білесіңдер ?
2. Ұста еңбегін өз көздеріңмен көргендерің бар ма? 3. Кәсіби сөздер дегеніміз не?4.термин сөздер дег не?
Білімді  бекіту : оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : «Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кәсіби сөздер мен терминдер
Лексикология
Жалпылама лексика
Диалект сөздер
Синонимдік сөздікпен жұмыс
Сөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері
Кірме сөздер
Кәсіби сөздер
Тіл ұстарту
Кәсіби сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 29397 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык