|
|
Сабақтың тақырыбы Ашық және қысаң дауыстар
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә) Өз ойын,сезімін еркін жеткізе білу,өмірмен байланыстыру,шығармашылыққа баулу ;
б) Достықты аялау,сезімге адалдық,табиғатты қорғау,әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика нақыл сөздер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1.Фонетика нені зерттейді? 7.Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?
2.Фрнетика қандай мәселелерді қарастырады? 8. Әріп дегеніміз не?
3.Тіл дыбыстары дегеніміз не ? 9. Мәтін дегеніміз не?
4.Дауысты дыбыстар қалай жасалады? 10. Сөйлем дегеніміз не?
5.тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? 11. Көнерген сөздер дегеніміз не?
6.Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не? 12. Жалпылама лексика дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып бөлінеді.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз.
Ашық дауысты дыбыстар мыналар : а,ә,о,ө,е,э.
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз.
Қысаң дауысты дыбыстар мыналар : ы,і,и,у,ұ,ү.
Кітаппен жұмыс : 244 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,ашық дауытылардың астын сызыңдар.
Мәтінде көнерген сөздер бар ма? Олар қандай мағынады жұмсалып тұрғанын айтыңдар.
Әл – фараби әмір тағына неліктен отырды деп ойлайсыңдар ? Негізгі ойды анықтаңдар.
Шығармашылық жұмыс : Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?
Мысықта бар, Көлде бар,
Күшікте жоқ. Сайда жоқ.
Қасықта бар, Төлде бар,
Есікте жоқ. Тайда жоқ.
Білімді бекіту : 1.Ашық дауыстыдыбыстар дегеніміз не? 2.Қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?
3 Жуан дауысты дыбыстар дегеніміз не? 4. Жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?
Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 246 – жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |