Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көнерген сөздер


Көнерген сөздер

Сабақтың тақырыбы Көнерген сөздер

Сабақтың мақсаты :
                                  а)  Көнерген сөздер оның түрлері туралы түсінік беру.  Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру
                                    ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.
                                   б)   Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,баяндау
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар, электронды оқулық 
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих
Сабақтың барысы : 
                                         а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                             Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                         ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                        Үйге берілген жаттығуды тексеремін                                                                                                                      1. Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?
2.Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.
3.Мал атауларына қандай атаулар жатады ?
4. Табиғат құбылыстарының атаулары ?
5. Аң-құс атауларына қандай атаулар жатады ?
                                        б)  Жаңа сабақты түсіндіру : 
                   Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі : өнеркәсіптегі,ауыл шаруашылығындағы,ғылымдағы және техникадағы,өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қоймайды.
Мысалы : би,болыс,старшын,қосын,бәйбіше,тоқал,әмеңгер,дулыға,өлара,сәукеле т.б.
Міне бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады.Көнерген сөздер архайзм және историзм болып екіге бөлінеді.
    Тіліміздегі арсы,дабыл,шың-бұлар да көне сөздер.Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі ұшырайды. Арсы-арман,тілек мағынасын білдіретінсөз.Жоғарыда аталған келе,арсы,дабыл,шың,бағы,тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде,көркем әдебиетте және ғылыми  естеліктерде кездеседі.

Топпен жұмыс :  Оқушыларға көнерген сөздер беріп,сөйлем құратқызамын.
   Ояз,дулыға,пері,барымта,құн,дабыл,ілу т.б.

Білімді бекіту :  1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?       
                  2.Қандай көнерген сөздерді білесіңдер ?
                                   Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Бағалау :  Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма : 146-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,ішінен көнерген сөздерді тауып келуге беремін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тарихи сөздер
Көнерген сөздер
Лексикология
Тілдің сөздік құрамы
Жаңа сөздер
Жалпылама лексика
Диалект сөздер
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Синонимдік сөздікпен жұмыс
Көнерген сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3686 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык