Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Отбасылық оқу. Көркем шығарма оқу арқылы бірге даму


Отбасылық оқу. Көркем шығарма оқу арқылы бірге даму

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық оқу. Көркем шығарма оқу арқылы бірге даму

Сабақтың мақсаты :
  Оқушыларды ізденіп  көркем шығарма оқуға күштеп емес, өз қалаулары бойынша қызыға оқуын ұйымдастыу.
 Дамытушылық :Өз бетінше іздене білуге үйрету, ізденіс жұмыстары арқылы ойлануға, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Өнерді сүюге, бағалауға баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі :Дәстүрден тыс
 Сабақтың типі: Талдау, жинақтау
 Сабақтың әдісі :Қ.О. Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс, зерттеу), СТО стратегиялары,баяндау, салыстыру, жинақтау, топтастыру
 Пәнаралық байланыс:Тарих, музыка, қазақ тілі
 Көрнекілігі: Б.Соқпақбаев суреті
                              Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3мин.
  І. Ұйымдастыру кезеңі
     Сыныптан тыс жұмысқа  дайындығын қадағалау, назарын аударып, сабаққа бейімдеу, бүгінгі сабақтан не күтетіндерін, мақсатын белгілеу, бағалау парағын тарату.(3мин.)
Ой қозғау. Қызығушылығын ояту.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
кінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз.  Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру.
Оралхан Бөкейдің «Кітап оқымайтын ғасыр келе жатыр ма деп қорқамын» дегені, дүкендерде, үй кітапханасында қандай кітап бар, кімдердің кітабы екенін білмейтін жас буынды көргенде жаның түршігеді.
- Сіздер ата-ана ретінде балаларыңның ойлау, сөйлеу, жазу қабілеттерінің артуына кітап оқудың қаншалықты маңызды екенін білесіздер ме?
- Білмегенді бірге үйренуге болатын ең қолайлы жағдай отбасылық оқу.
Қазақ даласында да отбасылық оқу болған.Әлемге әйгілі Мұхтарды атасы Әуез Абай өлеңдерін отбасында оқу арқылы дамытқан. 
Бірінші әр топ ең көп кітабы бар үй кітапханасын таныстыру.
Үй кітапханасында қанша кітап бар, нешеуін оқыдың? Қазақтың қандай ақын- жазушыларының кітаптары бар?
Ата-аналарға сұрақ
-Сіздердің үйлеріңізде көркем шығарма оқу қаншалықты маңызды?
-Үй кітапханасындағы кітаптардың қайсысын балаңызбен біріге отырып оқыдыңыз?
-Соңғы оқыған кітаптарыңыз?
- Сыйлыққа кітап сыйлайсыз ба?
Енді 4 топтыңІ топ Алиша топ басшысы «Ағаш ат» кітабынан  «Балықшы» әңгімесі.
ІІ топ Бибіайша «Әженің баласы» кітабынан «Балапан торғай»
ІІІ топ Әбілмансұр «Ағаш ат» кітабынан «Тасбақалар шежіресі»
      ІҮ топ Бейбарыс «Әженің баласы» кітабынан «Бір қалта құрт» әңгімесін ата-аналарымен бірге оқып, талқылау берілген.
Бірінші кітаптың авторы жайлы мағлұмат беріп өту. 
Әңгімелеу арқылы мазмұнын айту.
Әңгіме ұнады ма, несімен ұнады?
Тақырыбын, идеясын ашу. Түсініксіз сөздермен жұмыс.Ата-анамен оқығанда қандай қиыншылыққа кезіктіңдер?
Осы әңгімелер барысында біле алмай қалған сұрақтарың бар ма?
Кітаптың авторымен кездессеңдер не айтар едіңдер?
Қалай және қашан, неден қайтыс болғандығы?
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында өмірдің қатал сынына түсіп, аштық пен жоқшылықтың, кедейліктің ащы дәмін татқан, соның салдарынан тап болған өкпе ауруы жанына
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18- қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
Қасым:
-Енді менің дәмімнің  таусылатын уақыты жақындап қалған сияқты. Қанша өлмеймін деп құлшынсам да ауру шіркін күннен-күнге жанға батып, меңдетіп барады. Өлім үшін өкінбеймін.   Өйткені екінің бірі өледі ғой. Бірақ кеудемде орындалмаған ойым,  жүзеге аспаған қиялдарым  бірге кетіп бара жатқанына өкінемін. Үш нәрсені армандап бұл дүниеден мәңгілік аттанып бара жатырмын. Оның біріншісі – Абайдан асамын ба деп едім, аса алмай бара жатырмын. Екіншісі – қазақтың «Евгений Онегинін» жазамын ба деп едім, оған да ажал шіркін жеткізбейтін түрі бар... Үшіншісі – көшеге шыққанын бүкіл Париж аңдып тұратын Виктор Гюгоның құрметтелгеніндей қошеметке бөленсем бе деп едім, бұл да арман болып қара жерге менімен бірге көмілетін болды,-деді.
Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ.Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Қарағандыда Қ.Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді.
Кейіпкер Іс- әрекеті Қандай мінездің адамы
Екі жақты күнделік
Әңгімеде саған не әсер етті? Несімен әсер етті?
Түртіп алу
Ү білемін + мен үшін жаңалық - Мені таңғалдырғаны ? әрі қарай білгім келеді

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамның досы.
Қ.Аманжолов. «Өзім туралы»
Отбасылық оқу. Көркем шығарма оқу арқылы бірге даму
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Кітапханалық сабақ өткізу технологиясы
Ақын және кітап
Ақын және кітап
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Білім көзі – кітапта
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2944 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык