Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әкем мен шешем


Әкем мен шешем

Сабақтың тақырыбы: Әкем мен шешем

Мақсаты: 
Білімділік: оқушылардың еркін сөйлеумәдениетін көтеру, сөздік қорын байыту, тәуелдік жалғауының І,ІІ жақ , жекеше түрі мен ілік септігі мен сілтеу есімдігін үйрету. 
Дамытушылық:  шығармашылық жұмыстарын жетілдіру, тілін ұштау, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелік: туған бауырларына, ата-анасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қазақ тіліне деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. Отанына, туған жеріне, отбасына адал азамат пен азаматша болуға баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу, суретпен жұмыс, ойын, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық. 
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Пәнаралық байланыс: әдеп,  орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін қандай күн? 
Сабаққа дайынбыз ба?
Сабақта кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Атам мен әжем әңгімесін тыңдау.
ІІІ. Сөздікпен  жұмыс. Сөздік дәптерге жазамыз
Шеше-мама
Әпке – старшая сестра.
ІV. Жаңа сабақ.
Әкем мен шешем деп – бізді аялап өсіріп, оқу оқытып жүрген аяулы жандар. Ата –анасыз өмір сүру өте қиын. Сондықтан, әке-шешемізді құрметтейік балалар.
Әке көрген – оқ жонар,
Ана көрген – тон пішер.
1-тапсырма. Диалогті оқып, өз отбасың туралы айт.
- Вова, сенің әкең не істейді?
- Иенің әкем – шахтер.
- Ол қайда жұмыс істейді?
- Ол шахтада жұмыс істейді.
- Сенің шешең не істейді?
- Менің шешем – мұғалім.
- Ол қайда жұмыс істейді?
- Ол мектепте жұмыс істейді.
- Атаң, әжең бар ма?
- Иә, бар. Олар үйде.
2-тапсырма. Сызбаға қарап, есіңе сақта, сөйлеп үйрен.
3-тапсырма. Үлгі бойынша сөйле, жаз.
Үлгі:
1. Кім?                                         1. Мұғалім.
2. Кім келді?                               2.Мұғалім келді.
3. Мұғалім қайда келді?            3. Мұғалім мектепке келді.
4-тапсырма. Жаңылтпашты тез оқып үйрен, жатта.
                                         Жаңылтпаш
             Топ бала
             Допты ала.
             Қуып жүр
             Топтала.
5-тапсырма. Өз отбасың туралы жаз.
    Біздің отбасымызда .... адам бар. Олар: ..., ...., ...., ....., ....., ... . Атам ... . Әжем ... . Мен ... жастамын.
IV Қорытынды .
Бүгін нені білдік?
 
V Үйге тапсырма.
Сөздерді жаттау. 5-тапсырманы аяқтау. Өз әке-шешелерің туралы мәтін құрап келу.
ҮІ. Бағалау:  сабаққа қатысуына қарай, білген деңгейлеріне қарай бағалаймын

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің атам мен әжем 4 сынып
Мен және менің отбасым
Менің отбасым
Кім болғым келеді?
Біздің отбасымыз
Менің отбасым бақылау үзігі
Біздің отбасымыз
Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау
Әлеуметтік –тұрмыстық ая
Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3265 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык