Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біздің отбасымыз


Біздің отбасымыз

Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімін тексеру, дұрыс сөйлеу және сауатты жазуға үйрету, грамматика білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға тілдің қадірін білуге, үлкенді сыйлауға елімізге деген қамқорлығын арттыру, тәрбие мен білімді ұштастыру.
Сабақтың көрнекілігі: географиялық карта, диапроектор, карточкалар, плакат, ребус, сөзжұмбақ, перфокарта.
Сабақ түрі: жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру, жаздырту, сөйлеттіру, «Қоржын»  мен  «Кино» ойындары.
Пәнаралық  байланыс:   дүниетану, орыс тілімен байланысты.
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды жаңа сабаққа бейімдеу.
ІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабақта отбасы туралы мәлімет аламыз.Отан отбасынан басталады.Отан сендердің туған жерің, атамекенің.Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы.
1.Отан туралы не білесіңдер?
2.Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
/Отан туралы мына өлеңді оқиық:/
 
Отан.
 
«Отан-атам,
Отан-әкем!»
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: «Атамекен?!»
 
«Отан – әжем,
Отан-анам!»
«Туған ел!» деп,
«Туған жер!» деп,
Ол бекерге аталмаған...
Атам,
Әжем,
Әкем,
Анам –
Төртеуі де  «Отан!» маған.
Төртеуі де  «Ботам!» дейді,
«Ер азамат атан!» дейді ...
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботаным!» мен ...
                                                             Ж. Әбдірашев.
/Отан отбасынан басталады деп, сабағымызды жалғастырамыз/.
Мұғалімнің сөзі: Отбасы – семья, жанұя деген  сөздердің синонимі.Әке, шеше, ұл, қыз – бәрі қосылып отбасын құрайды.Ұл мен қыз кішілігіне қарай  «аға, іні, әпке, сіңлі, қарындас» деп аталады.Олар  бір үйде тұрып, бірге өмір сүреді.Отбасы әр адамға жылы ұядай қадірлі.Ондағы әр адам бір-бірін сыйлайды.Біріне-бірі жәрдемші, қамқоршы, көмекші.Егер бірге тұрса, отбасына ата мен әже де енеді.Отбасы – әр адамның шағын отаны.Ол – қоғамның бір бөлшегі.Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ.
 
 (Тақтаға жаңа сөздерді жазу, аудару).
Сөздікпен жұмыс:
Ата – дедушка                  Әке -  отец
Әже – бабушка                 Шеше -  мать
Аға – брат                         іні – младший брат
Әпке – сестра                  сіңлі – младшая сестра
 
Оқулықпен жұмыс. 34 бет 3 – сабақ.
1 – тапсырмадағы сөйлемдерді оқып, аудару.
 
Топтастыру:
 
«Қоржын» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайту.
Тақтада қоржын ілулі тұрады.Мұғалім қоржынды оқушыларға көрсетіп, оны қазақ халқы алыс сапарларға алып жүретіндігін оның ішіне киім, ыдыс, тамақ салатынын айтады.Осыдан кейін тақтаға шыққан оқушы қоржынның ішінен тапсырма алып, оны ауызша жауап  береді. Қатесіз, тез орындаған оқушы жеңімпаз атанады.
Тапсырмалардың үлгілері:
1.Жеті аталарыңды ата.
2.Отбасы  мүшелеріне байланысты өлең айт.
3.Отбасы туралы мақал – мәтел айт.
 
Диалог құру. (Екі бала тақтаға шығып сұхбаттасады.)
- Сәлем!
- Сәлем!
- Сенің атың кім?
- Менің атым Самал.
- Сенің әжең бар ма?
- Иә, әжем бар.
- Менің атам жоқ.
- Ағаң бар ма?
- Иә, бар.
- Ол нешінші сыныпта оқиды?
- Ол бесінші сыныпта оқиды.
 
Оқулықпен жұмыс.
2 – тапсырмадағы сурет бойынша сөйлемдер құра.
Өз отбасың туралы айт.
3 – тапсырмадағы сызба бойынша сөйлемдер жаз.
 
«Кино» ойыны.
Ойынның мақсаты: Отбасымен байланыстырып сөйлеуге  жаттықтыру. 
Ойынның шарты: Графопроектордың  жарығымен пленкадағы суретті тақтаға түсіреді.
Мұғалім оқушыларға кино көрсететіндігін, бірақ бұл «мылқау» кино екендігін айтады.Оқушылар бұл киноға дубляж жасаулары қажет.
Ойынды жүргізу тәртібі: Оқушылар пленкадағы суреттер бойынша  сөйлем құрастырады.Мысалы:
1-кадр.Ата мен әже асханада тамақ дайындап жатыр.Жүзінде күлкі бар.Ата әжеге көмектесіп жатыр.
2-кадр.Әкесі, шешесі мен баласы серуендеуге  шықты. Олар көлдің  жағасында серуендеп  жүр. Көңілдері көтеріңкі. 
Оқушылар бұл сөйлемдерді дәптеріне жазып, әрбір кадрдың сөйлемін қайталап оқиды.
 
Карточкамен жұмыс.
№1.Көп нүктенің орнына реттік сан есімді қойып жаз.
Жеті атаңды біл!                 Немере - ... ,
Атасы – бірініші,                Шөбере - ... ,
Әкесі - ... ,                            Шөпшек - ... ,
Баласы - ... ,                         Немене - ...  .
 
№2.Өлеңді мәнерлеп оқып не жайында екенін әңгімелеп бер.
Отан – сенің ата-анаң,                      Отан – тарих, Отан – тіл,
Отан – досың, бауырың,                  Жасаған елің, ер халқың,
Отан – өлкең, астанаң,                     Отан – өлең, Отан – жыр,
Отан – аудан, ауылың,                     Көтерген көкке ел даңқын.
                                                                                             (Б.Ысқақов)
№3.Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.
Отан, ата-ана, дос, бауыр, ауыл, астана, ел, тарих, өлке.
Сұрақтар /орыс тілінен қазақ тіліне аудару/:
1.Родина.
2.Дедушка.
3.Ребенок.
4.Брат.
5.Младшая сестра / для девочки/
6.Младшая  сестра / для мальчика/
 
Сабақты қорытындылау.
Балалардың  назарын ілулі тұрған ребусқа аударамын.
- Мынау не?
- Бұл от.
- 2-ші  суретте не көріп тұрсың? 
- Дорба.
- Бұл сөзде үш бас әріптерді алып тастаймыз.
- 3-ші суретте не көріп тұрсыңСонда не сөз шықты?
- Сыпырғыш.
- Бұл сөздің екі бас әрпің қалдырып басқасын алып тастаймыз.
- Сонда не шықты?
- Отбасы.
- (Осылайша жалғастырып осы ребус арқылы сабақты бекітемін.)
Бағалау.
Үйге тапсырма.
4- тапсырманы жазбаша орныдау.Тапсырмадағы сұрақтарға жазбаша жауап беру
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің отбасым
Менің атам мен әжем 4 сынып
Менің Отаным Қазақстан
Қазақстан-менің Отаным
Нәтиже сабақ Менің Отаным
Біздің отбасымыз
Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау
Тұрлаулы мүшелер
Әкем мен шешем
Менің отбасым
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5638 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык