Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқшау сөздер


Оқшау сөздер

Тақырыбы: Оқшау сөздер

Мақсаты:
Оқушыларға жаңа ұғым оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту;
логикалық ойлау әдістерін қлыптастыру, ой қорытындысын жасай білуге баулу;
Сабақ процесінде қолданылған ұлағатты сөздер арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту;
Түрі: жаңа материалды оқып үйрену сабағы
Әдісі: талдау, ізденіс
Көрнекілігі: мультимедиалық проектор
Сабақ барысы:
І . Қызығушылықты ояту:
а) Психологиялық даярлық
б) Үй тапсырмасын пысықтау
Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Ана тілің жасау керек- мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың  туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын өнегеге толы өлеңімен  бастайық.
ІІ. Мағынаны тану.
Ассосация «Оқшау» сөзіне
 
Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды
 
Қаратпа сөздер –                              Қыстырма сөздер -              Одағай сөздер -
тыңдаушының назарын               сөйлеушінің айтылған        айтушының көңіл- күйін,
аудару үшін қолданылады              пікірге әр түрлі                         сезімін білдіру үшін
Тыңда, далам, Жамбылды!              көзқарасын білдіреді                  қолданылады
Сөз түзелді, тыңдаушы,                   Бәсе, осы сөз менің де              Пай, айтасың-ау!
сен де түзел                             құлағыма тиген еді.                   Па, шіркіннің дауысын-ай!
Сөйтіп, Қара Көже
атанып кетті
Оқулықпен жұмыс. 66-жаттығу. (шарты бойынша орындау).
Семантикалық карта.
Мысалдары
                               Түрлері Қаратпа сөз Одағай сөз Қыстырма сөз
Байғұс – ау, саған не болған? +
«Қош бол,  Қараой» +
Аға, бұл кімнің аты? +
Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ +
Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын +
Бұл нешінші қара сөз?
    Отыз бірінші қара сөз ( оқшау сөздерді таптыру)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
 әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші-сол естіген нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек;
төртінші-ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек.
 Сәйкестендіру 
1. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай!       қыстырма
2. Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз.                    одағай
3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп , шынында.             Қаратпа
«Менің асыл арманым» эссе жазу. Оқшау сөздерді қолдану
ІІІ Толғаныс:
  Тест тапсырмаларымен жұмыс:
1. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз
А) Кеше жаңбыр жауды     В) Сенің атың қалай, балам?   С) Қап, әттеген-ай!  
                  Д) Асқар, бүгін күн жылы ма?   
2. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Ол, сірә, бүгін келмейді.    В) Паһ, шіркін!    С) Кел, балалар,оқылық!   
Д)  Піскен алма жерге түсті
3. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз.
А) Бәйтерек - өте биік ағаш   В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет   С) Қарағым, қашан келдің?   Д) Әжем сандықты ашты
4. Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөзді тап.
А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір   В) Қысқасы, сен үйде отырасың С) Мен, сірә, киноға  бармайтын шығармын. Д) Әлбетте, сенікі дұрыс
5. Қыстырма сөзді табыңыз
А) Ей     В) Қызыл   С)Балам Д) Сірә
6. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Жыламашы, күнім   В) Жұмаш, бері келші, қалқам С) Меніңше, бұл - өте мықты адам Д) Сен абыржыма, шырағым
7. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз
А) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады   В) Тек бас әріппен жазылады С) Сөйлем мүшесі бола алмайды Д) Сөйлем мүшесі бола алады.
Бүгінгі тақырыбымызда  дана кемеңгер Абайдың оқылған қара сөзінен өнеге алып, болашақта еліміздің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары болу өз қолдарыңызда.  Өтілген тақырыпты  өмір тәжірибелеріңізде ұтымды қолдана біліңіздер. 
Бағалау: жауап берулеріне қарай бағалау
Үйге тапсырма: №1 тапсырма. 67 – жаттығу
                            № 2 тапсырма: Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесінен оқшау сөздерге он мысал сөйлем тауып жазу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қаратпа сөз
Абайдың қара сөздері
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Оқшау сөздердің тыныс белгілері
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір. Қаратпа , қыстырма , одағай және оңашаланған айқындауыштарға байланысты қойылатын үтір.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4938 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык