Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қаратпа сөз


Қаратпа сөз
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз
Сабақтың мақсаты:
а/ Оқушыларға қаратпа сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
б/ Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
б/Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
118-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазу
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
- Жай сөйлем дегеніміз не?
-Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
-Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не? Мысал келтір.
Ү. Жаңа сабақты меңгерту:
Оқушыларға «Ребус» шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу



Қаратпа сөз
1-жаттығу
Сөйлемдер кімдерге қаратылып айтылғанын айту: досыңа, ұстазға, әжеге, атаға. Сөйлегенде тыңдаушыны өзіне қарату үшін қандай сөздерді қолданасың?
ҮІ. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс
2-жаттығуда берілген екі баған бойынша салыстыру, қойылған тыныс белгілерге назар аударту.Бірінші бағандағы сөйлемдерде үтір бар және адамның назарын аудару үшін қолданылатын сөздер бар.
ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу
Білгішбектің айтқанын оқу, талдау, есте сақтау.
3-жаттығу Мәтінді көшіріп жазу, Қаратпа сөздерді табу, олардың қандай тыныс белгілермен ажыратылған?
Абай Құнанбаев кім болған?
Ережемен жұмыс оқу, таладу, есте сақтау.
Сергіту сәті
4-жаттығу Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу, қаратпа сөзді табу.
ҮІ.Сабақты бекіту:
«Ішіне Сыртына» стратегиясы
5-жаттығу суретке қарап қандай ертегі екендігін табу.
Қарға мен түлкінің арасындағы диалогта кездесетін қаратпа сөздер қандай сөздер деп ойлайсыңдар?
Қарамен жазылған сөйлемді қаратпа сөзі бар етіп сөйлемге айналдырып жазу:
- Қарға, сен қандай әдемісің?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Қаратпа сөз дегеніміз не?
Қаратпа сөз қандай тыныс белгісі арқылы ажыратылады?
ҮІІІ.Үйге тапсырма:
6-жаттығу 97- бет
Диалог түрінде оқу, әрі қарай қаратпа сөз болатындай етіп жалғастыру.
ІХ. Оқушыларды бағалау

-Тілде біреудіңназарын аударүшін қолданылатын сөздерп болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз дейді: Шынар, сен сабаққа дайындалдың ба?



Сабақ жоспары Қазақ тілі пәні.
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
1 Апта
Сабақтың атауы Қаратпа сөз
Сілтеме Б.И.Иманбекова, А.Т.Мадиева. 4- сынып оқулығы. 3- бет.
Жалпы мақсаты
Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау
Міндеттер: Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы білімдерін нығайту
Күтілетін нәтиже Өз беттерінше, топта, жұппен жұмыс істеуге баулу
Тапсырмалар
wiki беттерінен жүктелген дереккөздер
1 сабақ. тақырыбы: Қаратпа сөз
Қаратпа сөз жайлы ойларын дамыту Белгіленуге арналған түйінді сөздер Қаратпа сөз Қаратпа сөз

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0,5мин
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? -оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
І. Қызығушылығын ояту
– Ребус шешу

Шешуі: Қаратпа сөз

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ. Мағынаны тану
Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетіпті. Шәутен де өсті... Жамаулы жаман шәркейі кішкене болып, аяғына сыймай қалды.
- Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды, - деді.
- Ендеше, ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, - деді апасы.
Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.
Шәутен апасына:
- Апа, марқаны қырықтырып, жүнін әкелдім. Енді шәркейім дайын болды ма? – деді.
Апасы:
- Жоқ, балам, жүнді сабаймын, - деді...
Сөйлемнің басында, ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу.
- Қаратпа сөз дегеніміз не?
- Қаратпа сөз сөйлем ішінде қандай тыныс белгісімен ажыратылып жазылады?
5-жаттығу.
Дарынды балалармен жұмыс:
Көп нүктенің орнына тиісті сурет аттарын өлең сөздеріне ұйқастырып жазып, қаратпа сөздерді табу.
1. Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
2. Кекілік-ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
3. Сауысқан-ау, сауысқан,
Сақтанасың дауыстан.
4. Тырау, тырау, тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал.
Жұппен жұмыс: Шығармашылық диктант. Өзара тексеру
1. Өмір жасың ұзақ болсын, ...! 2. Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік.
3. ..., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар. 4. Рақмет, .
Керекті сөздер: Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.
Топпен қаратпа сөздің ережесін шығару
қаратпа сөздің ережесі.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір оның екі жағынан қойылады.
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.
Қаратпа сөз сөйлемнің ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.
3-жаттығу Өлеңді түсініп оқы. Қаратпа сөздерді тап. Тыныс белгілеріне назар аудар.
(рефлексия)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды
Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?



1 мин

Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
Бағалау: /2мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты-жөні Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала Белсенділігін бағала

1
2
3
4

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Сабақты аяқтау түрлері
-үйде жалғастыру...
Үйге тапсырма жазып ал
4-жаттығу

/1 мин/

45 мин. Сабақтың соңы
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?
Уақытты үнемді пайдалануға тырысу
-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)
Кері байланыс парағы. Стикерлер жапсырады.
Сабақ ұнады сабақ ұнамады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ахмет Йассауи хикметтері 8-сынып қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
Оқшау сөздер
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Оқшау сөздер
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Қаратпа сөз. Төл сөз. Диалог
Оқшау сөздер
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір. Қаратпа , қыстырма , одағай және оңашаланған айқындауыштарға байланысты қойылатын үтір.
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын тыныс белгілер. Үтір.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 31738 | Қосты: Алиева Эльмира Скендірқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык