Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үндестік заңы


Үндестік заңы

Үндестік заңы

Буын үндестігі дегеніміз
Сөз бен қосымша құрамындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
Буын үндестігі (мысал)
Ауылдағыларға, үйдегілерге, балалық.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
1) көмектес септігінің жалғауы. (адаммен, қонақпен, сенімен)
2) –нікі, (-дікі, -тікі), -тай, -тал, -дар, -еке  (баланікі, әкетай, діндар, 
         ағаеке, өсімтал).
3)бей-, би-, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес (бейшара, 
        бинарлық, жұмыскер, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш,
       емхана,    зиянкес).
4) –ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина-ларға аяқталған сөздер(Әуезов, Алтыбаев, 
        Жұмағазина, Сейфуллин).
5) соңғы буынында ә, я дыбыстары бар сөздерде және х дыбысына 
        аяқталатын сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады (кінәлау,
        күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта)
6) соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге  рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нк 
         сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгіге (ь) аяқталған
         сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. (полюске, парашютті, 
         хирургке, Томскіден, пунттен, ансамбльден, рульді, бинокльден)

Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымша жігінде немесе сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал
Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал (мысал)
Балалар, күздік, отпен, ғарышқа(айтылуда да, жазылуда да), Қонысбек, Тынысбек, алып бер-жазылуда,ал айтылуда- Қоныспек,Тыныспек,алып пер 
Кейінді ықпал
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі.
Кейінді ықпал (мысал)
Күрегі, добы (айтылуда да жазылуда да), құрылысшы, жұмысшы-жазылуда. Ал айтылуда:құрылышшы,жұмышшы
Тоғыспалы ықпал
Сөз бен қосымша жігінде, біріккен сөздер құрамында қатар тұрған дыбыстардың бір – біріне әсер етуінен екі дыбыстың да өзгеріске ұшырап, басқа дыбысқа ауысуы.
Тоғыспалы ықпал
Досжан, Жанқожа-жазылуда, айтылуда-Дощан,Жаңғожа.

Орфография
1) сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.
2) Сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.

Орфоэпия
1) Сөздердің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы.
2) Ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл 
          нормасының жиынтығы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Қосымшалардың жазылуы
Ықпалдың түрлері
Буын үндестігі
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Дыбыс үндестігі
«Үндестік заңы», «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша
Үндестік заңы Ілгерінді ықпал
Фонетикадан өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3605 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык