Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 5825 |
|
|
|
Алматы
Алматы
білімділік: Алматы қаласы, көрікті жерлері туралы мәлімет беру, жаңа сөздерді меңгеру, буынды түсіндіру, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы пысықтау.
дамытушылық: сөздік қорын дамыту, ауызша сөйлеу мәдениетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, жетілдіру, грамматикалық ережені практикалық жолмен меңгерту.
тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын,елін, туған жерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
с/әдісі: СТО – ның элементтері, әңгімелеу, өзіндік бағалау.
с/түрі: интерактивті тақтамен аралас сабағы.
с/көрнекілігі: Алматы қаласының суреттері, итерактивті тақта, карта, оқушылардың шығармашылық жұмыстары (суреттер, буклеттер)
пәнаралық байланыс: информатика, тарих.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Бүгін сыныпта кім жоқ? Жақсы, алдымен сендердің көңіл – күйлерінді көрейік. Кімде қандай көңіл – күй болса, мына парақшаларға смайликтардың суреттерін салыңдар. Көңіл күйлерің тамаша екен.
- Қане, сабаққа дайындалайық:
Мен қазақша жақсы білемін
Мен қазақша жақсы түсінемін
Мен қазақша жақсы сөйлеймін
Мен қазақша сауатты жазамын.
-Ал енді үй жұмысын тексерейік. Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ.Үй жұмысын тексеру
4 жаттығу (49 б.) Қазақ тіліне аудару керек.
Древний город – көне қала
Южный Казахстан – Оңтүстік Қазақстан
Город Тараз – Тараз қаласы
Архитектурные памятники – сәулет ескерткіштері
Красивые узоры – әдемі ою – өрнектер
Самая первая баня – ең алғашқы монша
ІІІ.Жаңа сабақ
-Жаңа сабағымызды бастамас бұрын тақтаға қараңдар, мынау ватманда бағалау парақтары бар. Кім дұрыс әрі толық жауап беріп, сабаққа белсене қатысып өзіне сабақтың соңында «5» – бағасын қояды, кім дұрыс бірақ белсенділігін танытпай тұрса «4» бағасын қояды, кімнің жауаптары қате және сабаққа белсене қатыспаса «3» деген бағаға ие болсын.
Сендер топ – топпен отырсыңдар, берілген пішіндер бойынша орыңдарыңды ауыстырыңдар. Енді өз топтарының атауларың білу үшін мына сөздерді аударыңдар. 1 – топ Белая вода – «АҚСУ» ,2 – топ «ЕКІБАСТҰЗ»,
3 –топ«АҚТАУ».
Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін мына сөзжұмбақты шешейік: 1 – яблоко – алма, 2 – большой – үлкен, 3 – кошка – мысық, 4 – доска- тақта, 5 – столица – астана, 6 – посуда – ыдыс.
А л м а
ү Л к е н
М ы с ы қ
т а қ т А
а с Т а н а
Ы д ы с
Дұрыс сабағымыздың тақырыбы:Алматы. (1 слайд)
Сабағымыздың мақсаты: (2 слайд)
Алматы қаласы, сәулетті ескерткіштер туралы мәлімет алу, буын, буын түрлерін түсіну, ажырата білу, жаңа сөздерді меңгеру.
- Яғни сабағымызда біз не істейміз?
(3 слайд) 1. Қайталау (өткен тақырыпты)
2. танысу (жаңа сөздер, мәтін)
3. үйрену (сөйлеу, жазу,әңгімелесу)
- Дұрыс айтасыңдар. Балалар жаңа тақырыпты меңгеру үшін біз не білуіміз керек?
1.Сөздік:
Әрине жаңа сөздерді. Қане тақтаға назар аударайық:
(4 слайд) Алатаудың етегінде – у подножия Алатау
Спорт кешені – спортивный комплекс
Бүкіл – весь, всего
(жаңа сөздерді хормен, жеке айту, аудармасын табу, сөйлем құру)
2.Мәтінмен жұмыс
«Алматы» 49 бет, мәтінді оқу, аудару.
Оқушыларға фотоларды көрсету. Бір оқушы Алматы туралы деректер оқиды:
Алматы - Ресейде — Алма́-Ата́ - Бір мың тоғыз жүз жиырма бірінші жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмалы , кейін Алматы Қазақстанның ең үлкен қаласы. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда бір миллионнан астам адам тұрады. Бір мың тоғыз жүз жиырма тоғызыншы жылдан бастап бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылға дейін Қазақстанның астанасы болған. Алматы климаты континенттік. Ең ыстық айлар — Шілде, Тамыз. Ең суық ай — Қаңтар.
Алматы қаласы 7 ауданнан тұрады:
• Алмалы ауданы;
• Алатау ауданы;
• Әуезов ауданы;
• Бостандық ауданы;
• Жетiсу ауданы;
• Медеу ауданы;
• Түрксiб ауданы.
Алматының әкімі: Ахметжан Есімов.
Алматыда көптеген көрікті жерлері бар: 28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар.
Тәуелсіздік монументі. Аталған монументтің авторы — Шота Уәлиханов. Монументтің ұшында барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген.
А.Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей . Қазақ халқының ұлттық инструменттері Ықылас атындағы ұлттық музей де бар.
Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны. Және де көптеген театр, мұражайлар, ескерткіштер мен көрікті орындар, метрополитен, әуежай, саяжай бар.
-Енді әр топқа сұрақтар беремін сол сұрақтарға жауап беріңдер:
1 – топ: Алматы қандай қала?
Ол қайда орналасқан?
2 – топ: Қалада нелер бар?
Алматы қай сөзден шықты?
3 – топ: Алматы қай жылдарда астана болды?
Алматыда қандай таулар бар?
3.Грамматикалық ереже:
(5 слайд)
Буын, Буын түрлері.
Буын – сөз құрамындағы дыбыстардың бір немесе бірнеше дыбыстардың топтамасы. Мысалы: ме- ре- ке – 3 буынды сөз.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Буынның үш түрі бар: ашық – дауыстыдан, не болмаса дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталса : а – ға.
Тұйық – дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталса : ар, ел, өрт
Бітеу – дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталса :мек-теп, бұлт
4.Тапсырмалар
Енді тақырыбымызды бекіту үшін жаттығуларды орындайық.
1.Тапсырма . 2- жаттығуды орындау (50 б.) Сөздерді буынға бөліп, буындарды ажырату. Топтық жұмыс. Әр топтпн бір адамнан шығасыңдар.
1 топ – 1 жолды, 2 топ – 2 жолды, 3 топ – 3 жолды орындайды.
Сергіту сәті:
оң қолымда бес саусақ,
сол қолымда бес саусақ,
қосып едім екеуін –
болып шықты он саусақ.
оң аяқта бес бәшпай,
сол аяқта бес бәшпай,
қосып едім екеуін –
болып шықты он бәшпай.
Он саусақ пен он бәшпай –
Бәрі таза, бәрі ай – ай.
(рэп сияқты айтады)
Жақсы енді келесі тапсырма:
2 Тапсырма. «Мозайка» ойыны. Балалар тақтаға қараңдар, буындар бар. Оларды жинап, сөйлем құру керек. Буынның түрлерін ажырату керек.
Алматы қаласы- еліміздің оңтүстік астанасы.
3 Тапсырма (суреттерді сөйлету) Тақтада сендердің суреттері, буклеттері бар. Бұлардың тақырыбы: «Қалалар». Қане кім тақтаға шығып, өз дайындаған қаласы туралы баяндап береді?
ІV.Тақырыпты бекіту:
- Балалар тақырыбымызды бекіту үшін алған білімдерін бойынша Венн диаграммасы арқылы тексерейік. Әр топқа ватман бар. Сол ватманға Астана мен Алматы туралы ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.
V.Бағалау
Енді мына стикерлерге аттарыңды жазып, кім қандай бағаларға ие болғанын көрсетіңдер.
Үйге: 3 жаттығу (50 бет) Тиісті буындарды қойып, сөз тіркестерін жазу.
Ал бүгінгі сабағымыздан алған әсерлеріңді би арқылы көрсетіңдер.
(Флэшмоб) (Қара жорға
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |